Сабақ реті Тараудың атауы: Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
(Тізбектелген
11 сабақ) Сабақтағы көрнекілік, мұғалімнің дайындығы
Бағдарламаның модульдері Пәнаралық байланыс
Күтілетін нәтижелер: Қалай? Неге? Не үшін? Оң нәтиже
Пәнді оқытудың басты мақсаты: өзін және өмір сүріп жүрген ортасын бағалай алатын жас ұрпаққа білім беретін, ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасауды үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің білімдік, танымдық, қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту. Мәтін құруға қатысатын тілдік бірліктердің түрлі деңгейдегі сипаттамасын, қолданыстағы мағыналық реңктерін және қатысымдық мәнін білгізу (Әдістемелік нұсқау хат, 2014).
1 - сабақ Құрмалас сөйлем туралы түсінік. Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Мақсаты: Құрмалас сөйлемнің жай сөйлемнен өзгешелігі; құрмаластағы жай сөйлемдердің салаласа, сабақтаса және араласа байланысуы туралы білім алады. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, оқулық, интернеттен алынған ақпарат, интерактивті тақта, демонстрациялық кесте, флипчарт. Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер, сұрақ қою техникалары, «Топтастыру», сергіту сәті, «Миға шабуыл». Бейнелеу сабағы Сыни тұрғыдан ойлау тәсілдері бойынша іздену арқылы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығын анықтайды, түсінеді, жаттығулардың мазмұнын оқу, әңгімелеу, жазу арқылы қазақ халқының даналығы мен шешендік атты асыл қазынасын танып біледі, топтық жұмыс арқылы диалогқа түседі. Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлем анықтамаларын суретпен бейнелеп салыстырады.
2 - сабақ Ыңғайлас салалас
Мақсаты: Ыңғайлас сөйлемдердің мағынасын, сұрақтарын біледі, құрамындағы жай сөйлемдердің бір - бірімен мезгілдес, бағыттас ыңғайлас мәнде қарым - қатынаста болуын, ыңғайлас салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдердің жалғаулық шылаулар арқылы және шылаусыз іргелес тұрып байланысуын түсінеді, тыныс белгілеріне көңіл аударады, меңгереді. Слайдтар, Бенжиамин Блумның таксономиясы бойынша бағалау кестелері; флипчарттар, интерактивті тақта, суреттер.
Сұрақ қою техникалары, топтық жұмыс, сергіту, «Миға шабуыл», АКТ, «Венн диаграммасы», сыни тұрғыдан ойлау, талантты және дарынды балаларды оқыту, бағалау түрлері. Орыс тілі, ағылшын тілі Сұрақ қою тәсілдері арқылы тақырыпты ашады, мақсат қояды, ереже шығарады, оқулықпен салыстырады, Жаттығулар орындайды, үш тұғырлы тілде салыстырылады, дарынды бала анықталады, Тақырыпты толық түсінгенін дәлелдейтін машықтары мен меңгере білу деңгейлері бағаланады, рефлексия, өзін - өзі бағалайды, топтық бағалау ескеріледі және суммативті баға қойылады.
3 - сабақ Жаттығу жұмыстары
Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекітеді, шыңдайды, сиинтаксистік талдау жасайды. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, оқулық, интернеттен алынған материалдар, ноутбук Білім беру мен алудағы жаңа тәсілдер, семантикалық кесте, фишкалар, диалогтік оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту, рефлексия. Бейнелеу Іздену, кітапқа қайта үңілу, диалогтік оқыту арқылы ыңғайлас құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдарын игеріп, мәтін құрастырады, синтаксистік талдау жасайды, жаңа тақырып қаншалықты есте сақталғаны туралы рефлексия жазады, жаттығуды флипчартқа бейнелейді.
4 - сабақ Себеп - салдар салалас
Мағынасы, сұрақтары арқылы ажыратуды; жалғаулықты шылаулар арқылы және жалғаулықсыз шылаулар арқылы құрмаласуы туралы түсінік алады, тыныс белгілерін меңгереді. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, видеофильм.
Топтық жұмыс, жеке жұмыс,
сыни тұрғыдан ойлау, трансляция, эссе, критериалды бағалау. Бейнелеу Жаңа форматтағы оқу және оқыту тәсілдерінің нәтижесінде оқушылар қазақ тілінен синтаксистің тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын, оның ішінде себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын, қолдана отырып мәтін құрауды меңгеруге бағытталады, себеп мәнді және салдар мәнді ажырата отырып, трансляция жасайды, видеофильм көрінісі бойынша шағын мәтін құрайды, жаттығу орындайды.
5 - сабақ Жаттығу жұмыстары
Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекітеді, шыңдайды, сиинтаксистік талдау жасайды. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, флипчарттар, рефлексия Топтық жұмыс,
сыни тұрғыдан ойлау, критериалды бағалау, рефлексия. Орыс тілі, ағылшын тілі Іздену, кітапқа қайта үңілу, диалогтік оқыту арқылы ыңғайлас және себеп - салдар салалас құрмалас сөйлемдерді жасалу жолдарын игеріп, мәтін құрастырады, Венн диаграммасы арқылы орыс, ағылшын тілдерімен салыстырады, жаңа тақырып есте сақталады.
6 - сабақ Қарсылықты салалас
Мақсаты: Қарсы мағынаның салалас құрмалас арқылы берілуі, салаласа құрмаласудың тәсілдері, жалғаулықыз құрмаласу және жалғаулықты шылаулар арқылы құрмаласу, қарсылықты салластың тыныс белгілері туралы білім алады, түсінеді.
Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, флипчарттар, суреттер Әр түрлі тақырыптағы диаологтар, диалогтік оқыту, Т кестесі. Бейнелеу пәні, орыс тілі Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын көңіл аударады, көз жеткізеді, іздену, кестеге түсіру нәтижесінде тыныс белгілерін және жалғауықты шылау қолданбағанда қойылатын тыныс белгілерін анықтайды, қарама - қарсы мағыналарын дәлелдейді, жаттығулар арқылы есте сақтайды, диалогқа түседі, әр топ бір сөйлемді орыс тіліне аударып, жасалу жолын салыстырады.
7 - сабақ Түсіндірмелі салалас
Мақсаты: мағыналық қарым - қатынасы, түсіндірмелі салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері туралы білім алады. Блум таксономиясына салынған сабақ жоспары, флипчарттар, суреттер Топтық жұмыс, сұрақ қою тәсілдері, Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, интерпретация,
Рефлексия - кері байланыс Бейнелеу Жаңа форматтағы оқу және оқыту тәсілдерінің нәтижесінде оқушылар түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын кестеге не суретке түсіреді, сілтеу мәнді сөздерді қолдана отырып мәтін құрауды меңгеріп шығады.
8 - сабақ Талғаулы салалас
Мақсаты: мағыналық қарым - қатынасы, талғаулы салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері туралы білім алады. Оқулық, интерактивті тақта, видеофильм Венн диаграммасы,
INSERT стратегиясы Әдебиет Интербелсенді әдістер арқылы топтық және жеке жұмыстар нәтижесінде талғаулы салалас сөйлемдердің жасалу жолдарын үйренеді, мәтін құрастырады, мәтінде көркем бейнелеуіш сөздер қолдануларына назар аударылады, жаттығулар жасайды, сатылай кешенді талдау жасайды, сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін қайталайды. INSERT кестесі арқылы қорытындылайды.
9 - сабақ Кезектес салалас
Мақсаты: мағыналық қарым - қатынасы, кезектес салаластың жасалу жолдары, тыныс белгілері туралы білім алады. Оқулық, интерактивті тақта, видеофильм Венн диаграммасы,
INSERT стратегиясы Орыс тілі, ағылшын тілі Интербелсенді әдістер арқылы топтық және жеке жұмыстар нәтижесінде кезектес салалас сөйдемдердің жасалу жолдарын үйренеді, әр топ 1 сөйлемді орысша, ағылшынға аударып. жасалу жолдарын салыстырады, жаттығуларға морфологиялық және синтаксистік талдау жасалынады.
10 - сабақ Жаттығу жұмыстары және тест
Мақсаты: жаттығу жұмыстары арқылы білімдерін бекітеді, шыңдайды, сиинтаксистік талдау жасайды тест жұмысы арқылы салалас құрмалас сөйлемдерді қаншалықты меңгергендері анықталады. Тест Жеке жұмыс Тест беріледі. Тексеріліп, дұрыс жауаптары белгіленіп, ұпайлары мен бағалары қойылады, оқушыларға қайтарылады, қателерін өздері анықтайды: ізденеді, кітапқа қайта үңіледі, дарындыларды үлгі етеді, рефлексия жазады: Не? Неге? Қалай? Оң нәтиже. Бірін - бірі бағалау арқылы салалас құрмалас сөйлемді жетік меңгерген МІНСІЗ ОҚУШЫНЫ анықтайды.
11 - сабақ Бақылау диктанты
Қатемен жұмыс.
Мақсаты: қателерін түзеу арқылы өз білімдерін бағалау және ұштау. Тақтада: күн реті және диктанттың тақырыбы жазылады
және диктант соңында грамматикалық тапсырма беріледі.
Бақылау диктанты мазмұнында және грамматикалық тапсырмалардан кеткен қателерді диалогтік оқыту арқылы жөндейді, мұғалім бағыт - бағдар береді. Жеке жұмыс
Сауаттылық
Рефлексия арқылы, нені үйренуде, неге қате жіберді, қателіктерін қайталамас үшін не істеу керек, қалай оқу керектігіне мән береді, өз - өздерін бағалайды.
Құрмалас сөйлем туралы түсінік
- sh.akmaral
- 27 мам 2015
- 7332
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Құрмалас сөйлем туралы түсінік, орта мерзімді жоспар
Ұқсас жаңалықтар:
Ыңғайлас салалас
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Кезектес салалас
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Жекеева Гүлнар...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...Салалас құрмалас сөйлемді қайталау
ШҚО, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Себеп-салдар салалас
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.