Сабақтың тақырыбы: Көп қырлы ғалым
Мақсаты: 1. ХХ ғ. бас кезіндегі әдебиеттің бас өкілі қоғам қайраткері А. Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық еңбектерін жинақтап қайталау.
2. Жинақтау жасап, ойлауға дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық, тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектеуге төселдіру.
3. Ұлы ағартушының өмірлік ұстанған принциптері мен биік мұраттары - болашақтың қамы екендігіне тоқтала келіп, ел, Отан, болашақ алдындағы борышын сезінуге, елін, жұртын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: портрет, таблолар, карточкалар, тақырып жазылған плакат, бағалау картасы.
Сабақ типі: интеллектуалдық сабақ.
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасы (қайталау). Топтастыру әдісі.
3. Жаңа сабақ. І. Кезең. «Бәйге».
1. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары. (1873 - 1937)
2. 1891 - 95 ж. Қай мектепте оқыған? (Орынбор) 3. Халқымыздың тілін, әдебиетін сақтау ізденістерін қашан, кімге жолығудан бастайды? (1896 ж. Алекторов).
4. Олардың жанұяларының қуғынға ұшырауына себепші болған ояз кім? (полковник Яковлев).
5. Торғай қаласында екі сыныптық мектепте оқыған жылдары? (1886 - 91)
6. «Қырық мысал» кітабы қашан, қайда шықты? (1909 ж. Петербург).
7. 1907 ж. Қарқаралы түрмесіне не себепті отырғызылды? (Отаршылдық саясатқа қарсы өлең шығарып, патшаға хат жазуды ұйымдастырғаны үшін).
8. Халық ағарту комиссары болып қашан сайланды? (1920ж.).
9. 1926 - 28 ж. Қандай оқу орындарында сабақ берді? (Ташкент институты, Алматы университеті).
10. «Маса» жинағы қашан, қайда шықты? (1911 ж. Орынборда).
11. «Қазақ» газеті қашан шықты, редакторы кім? (1913 ж. 2/ІІ. Ахмет Байтұрсынов)
12. 1912 ж. қандай қызмет атқарды? (халық - ағарту комиссариаты жанындағы Ғылыми - әдеби комиссиясы төрағасы).
13. Губернатор Сухамлинов қандай мақалалары үшін 1000 сом айып салды? (Бұл заманның соғысы; «Жәрдем комитеті», «Қырғыз өлкесін» басқару ереже. сын. үшін).
14. Абай туралы мақаласы қай газетке шықты? («Қазақтың бас ақыны» 1913 ж. «Қазақ газеті»).
15. Ана тілінде сауат ашар «Оқу құралы» әліппесі қашан шықты? (1912ж. Орынбода 1925ж. қолд.).
16. Ересектерге арналған сауат ашар кітабы. (1924ж. «Әліп - би»).
17. Қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқулықтар. («Тіл жұмсар», «Тіл құрал»).
18. 1923ж. бастырған қазақтың эпостық жыры. (Ер Сайын).
19. 1926ж. бастырған халық өлеңдері қандай атпен жарық көрді? («23 жоқтау»).
20. А. Байтұрсынұлының туған күні, биыл неше жаста? (28 қаңтар. 130 жаста)
ІІ Кезең. «Даналар сөзі – ақылдың көзі»
(Үй тапсырмасы: шығарма, реферат, сурет т. б.)
ІІІ Кезең. «Көкпар».
(Ахмет өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу)
ІҮ кезең. «Ғалым – филолог»
(Табло бойынша таңдаған ғылыми ана тілінде сауат ашатын әліппесінің аты, шыққан жылы, басылған жері).
20. А. Байтұрсынов қазақ балаларына жазған ана тілінде сауат ашатын әліппесінің аты, шыққан жылы, басылған жері. («Оқу құралы»1912ж. Орынборда. 7 рет басылып шықты. 1912 - 25 ж. пайдаланылды)
20. «Тіл - құрал» оқулығы туралы айтып бер. (3 кітап. Фонетика, морфология, грамматика. 1914 - 16ж. 1928ж. дейін пайд.)
20. «Тіл жұмсар» кітабы туралы мағлұмат бер. (2 кітап. прак. грам. 1928ж. Қызылорда қаласында басылды).
30. «Баяншы» оқулығы қандай әдістеменің бастамасы қа - шан, қайда шықты? (14ж. мұғ. еңбек. 1912ж. 1920ж. Қазан)
30. «Әдебиет танытқыш» кітабы туралы түсінік бер. (1926ж. бұл. еңб. әдеб. ғылыми негізі, басты әдеби терминдер қалыптасты).
30. Ауыз әдебиетін зерттеумен қай жылдардан бастап айналысты? (1895 ж.)
40. 1927 - 28 ж. оқыту әдістемесін сөз ететін бірнеше материалдар жариялады, ол қай журнал еді? («Жаңа мектеп»)
40. Өнер түрлерін не деп ашады, түрлері. (Көнек өнері, сәулет, әуез, кескін, сымбат, сөз өнері).
40. «Әдебиет танытқышы» әдебиет теориясына ұлттық сипат дарытқан сөз өнерінің басы - «Әліпбиі» болды. Кімнің берген бағасы, сөзі? ( З. Қабдолов).
Ү. Кезең «Мысалмен айтқан көп ойлар»
(Билет бойынша суырған мысалының мазмұнын, идеясын ашу).
1. «Ала қойлар». Ондағы автордың сынға алған ең маңызды мәселесі. (отаршылдық саясаты).
2. «Аққу, шортан, һәм шаян» арқылы халқын қандай болуға шақырады? (Бірлікке).
3. «Аңдарға келген індет» мысалының мәнін ашып түсіндір.(отаршыл елдерінің момын халыққа істеген қулық, зорлық зомбылығы).
4. «Қасқыр мен тырна» мысалын өз сөзіңмен баянда.
5. «Қасқыр мен мысық» мысалындағы кейіпкерлер кімдер еді, оны ақын қазақша қалай аударған? (Трофим, Васька, Степан, Демьян - Қисықбас, Қоянкөз, Құрамыс, Көпкөрген).
6. «Қасқыр мен қозы» мысалының түпнұсқасы мен аудармасында қандай айырмашылық бар? (Түпнұсқа - 36 жол, аударма - 68 жол).
7. «Өгіз бен бақа» мысалының идеясы. («Әлін білмеген әлек»).
8. «Маса мен малшы» мысалынан не ұқтың?
9. Мысалдың түп тамыры қайдан басталады? (Грек, Эзоп)
10. Абай Крыловтың неше мысалын қазақ тіліне аударды? (12 мысал).
ҮІ. Кезең Жорға. (Өткенді қайталау сұрақтары).
1. Шәңгерей кімнің ұрпағы? (Жәңгір ханның)
2. Ақанның балаларына арнаған өлеңі. («Теміртас»)
3. «Медғат - Қасым» поэмасы кімдікі? (Мағауия Абайұлы).
4. Кебектің сүйген қызы. (Еңлік)
5. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
6. Абайдың күйлері. («Абайдың желдірмесі», «Торы жорға», «Май түні»).
7. Ескендір поэмасының идеясы. (Қанағатсыздық).
8. «Қазақ хрестоматиясы кімдікі? (Ыбырай Алтынсарин).
9. Шоқан оқыған оқу орны. (Кадет корпусы ).
10. Шоқанның досы. (Григорий Потанин).
ҮІІ. Кезең «Ой - толғау».
Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік? Өз пікірін.
(Ұпай көп жинаған оқушыға сөз).
3. Сабақты бекітіп, бағалау парағы арқылы оқушыларды бағалау.
4. Үйге тапсырма: «А. Байтұрсынұлы - қазақтың рухани көсемі» шығарма жазу.
Сабаққа пікір: «Дауылды жылдар жыршысы»атты сабақ сот сабақ түрінде өткізілді. Оқушылар сабақ барысына қажетті материалдарды өз бетімен ізденіп, тиімді пайдалана білді.
«Көп қырлы ғалым» атты интеллектуалды сабақ оқушылардың есте сақтау, ойды оймен ұштастыра білуде нәтижелі сабақ болды.
Көп қырлы ғалым
- Cаламатова Рашида
- 13 наурыз 2015
- 3270
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы бойынша сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»
Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...Әдебиет көшбасшысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Карибаева Зауре Оразбайқызы...Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Сабақтың тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог» Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қазақтың ірі ғалымы, ағартушы, педагог Ыбырай...Ахмет Байтұрсынұлы "Аққу, Шортан һәм Шаян"
Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...Ахмет Байтұрсынұлы өмірі және шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.