Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
Сабақтың мақсаты: білімділік - жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы шығарманың мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу;
дамытушылық – шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойын нақты, дәл жеткізе білуге, позициясын қорғай білуге дағдыландыру дүниетанымын кеңейту, белсенділігін арттыру; тәрбиелік - туған жерге, Атамекенге деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімдерге тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білімді өз беттерімен меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, топтық жұмыс, интерпретация, формативті
бағалау үлгісі, проблемалық сұрақтар
Көрнекілігі: үнтаспа, әдеби көркем шығармалар, таратпалы кестелер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру
( Сыныпты бес топқа бөлу)
2. Үй тапсырмасын тексеру.
а) М. Мақатаев
Авторға хат жазу
ә) Ақын шығармаларынан үзінді оқу.
Жаңа сабақ.
Сабақтың эпиграфы
Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Балалар, біз бүгін әдебиетімізде өзіндік қолтаңбасы бар, тарихи шығармалардың шебері Қазақстан Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов және оның шығармасы жайында әңгімелейміз.
Қ. Жұмаділов – 1936 жылы Шығыс Түркістанда (Қытай Халық Республикасы) дүниеге келген. Қазақ әдебиетіне әңгіме хикаяттарымен бірге «Көкейкесті», «Атамекен», «Соңғы көш», «Тағдыр» атты көлемді романдар қосқан кемел жазушы
«Тағдыр» романы үшін Мемлекеттік сыйлық иегері атанды.
Жазушы жайында замандасы Әкім Таразы былай деді:
- Қабдеш өмірбаяны біздің ешқайсымызға ұқсамайтын. Себебі ол Қазақстанда емес, сонау Шығыс Түркістанда, қаймағы бұзылмаған көшпенділер ауылында дүниеге келді, өсті. Бір елде туып - өсіп, есейген шағында атажұртына келіп, сол ел туралы шығарма жазды. Оған табиғи талантымен қоса өмір тәжірибесі көмектесті.
Ел - жұрттан, Атамекеннен жырақта жүрген қандастарының асыл арманы жазушының «Қаздар қайтып барады» деп аталатын әңгімесінде өрнектеледі.
Сыныпқа сұрақ:
• Оқушылар сендердің ойларыңша, қаздар қайда қайтуы мүмкін?
Ассоциация
Отанына ата - мекеніне
Ұясына көлге
Туған жерге жылы жаққа
- Жақсы, енді біз шығарманың өзімен танысып көрелік.
Баяу күй әуені ойнайды.
II Әңгіменің мазмұнымен танысу
(Бес топқа әңгіменің мазмұны бойынша бес түрлі мәтін таратылады)
Топ құрамы:
Баяндамашы
Бақылаушы
Секундомер
а) мәтінді игеру уақыты: 4 минут
ә) топта талқылау, ой қосу: 2 минут
III Әңгіме мазмұнын баяндау
1. Мұғалім сөзі
- Тау іші. Шетсіз, шексіз жайлау.
Ұшқан құс пен жүгірген аңнан басқа ешбір тіршілік белгісі байқалмайды. Күз мезгілі де жеткен шақ. Етікші шыңы көзге шалынады. Шекара асып, арғы бетке өтетін жолаушы осы шыңнан асады. Себебі ол – төте жол
2. I топ жалғастырады.
3. 1 - ші мәтін мен 2 - ші мәтінді байланыстыратын үзінді оқылады.
4. 2 - ші мен 3 - ші мәтінді байланыстыру.
Біраз жүрген қарт Тентек - Халдай өзеніне жетті.
Алаңқайда демалып отырып, анадай жерде жатқан адамның қу басын көрді. Шошынған қарт: «Сүйегімді жат жерде қалдыра көрме, енді екі - ақ күндік өмір бер!»- деп құдайға жалбарынды.
5. 3 пен 4 - мәтінді байланыстыру.
Төлеутай - қарттың жалғыз немересі. Басынан қандай қиындық өтсе де немересін, ауылдастарын өзінің қара қайратымен сорпа - судан кенде қылған жоқ.
6. 4 пен 5 - мәтінді байланыстыру.
Бір күні аңнан келген қартты екі сақшы алып кетіп, тергеусіз түрмеге қамайды. Сол қамақтан бір жылдан соң ғана босатады. Ауылға келгенде, сол жылы елде жұт болғанын, тігерге тұяқ қалмағанын білді. Өзі жоқта жалғыз жұбанышы – Төлеутай аштыққа төзбей, қыршынынан қиылыпты.
Жетпіске келген қарт үшін мына дүниенің қызығы да, мән - мағынасы да қалмаған еді. Осындай шақта көңілімде бір сәуле жылт етіп бір жанып, бір өшті. Ол - 40 жыл бойы арман еткен, Атамекенге сапар болатын.
7. Мәтіннің түйінін, шешімін, түп нұсқадан (үзінді) оқып беру.
IV. Әр тортың бақылаушысы қорытынды жасайды.
V. Проблемалық сұрақ қою
1. Қарттың бөтен елде өмір кешу себебі неде деп ойлайсыңдар?
2. Жазушы, Байтас қарт, қаз арасында қандай ұқсастық бар?
Сыныпқа сұрақ
- Шығарма тақырыбы не?
- Осыдан шығатын идея қандай?
VI. Мәтін бойынша топтық жұмыс
(Бес топқа бес түрлі жұмыс беріледі.
1 - топ
Әңгімеден өзіңе ерекше әсер еткен оқиғаны мәтіннен тауып оқып бер.
2 - топ
Атамекен топырағын аттаған қарт сезімі, қуанышы мәтінде қалай суреттелген?
3 - топ
Байтас қартқа мінездеме бер. Қарт бойынан қандай ерекшеліктерді
байқадыңдар? Кестені толтыр.
Кейіпкер Шығармадағы іс - әрекеті Бойындағы адами қасиеттері
Байтас қарт Ұзақ та ауыр жолға шықты, көкжалмен алысты, туған жерге асықты, отбасынан, немересінен айырылды, шекарадан өтті, ата қонысына жетті Өмір тауқыметін көрген, еңбекқор, қажырлы да қайратты, қиындықты ақылмен жеңеді, жүрегінде сағынышы басым, адал жан.
4 - топ
Шығарманы композициялық құрылысына талда.
Мәтіннен жер - cу аттарын теріп жаз. Білетін сөздеріңе географиялық тұрғыдан сипаттама бер.
5 - топ
Байтас қарт арманына жетті ме? Кестені толтыр.
Арманына жетті Арманына жете алмады.
Ит - құсқа жем болмай, ата қонысқа жетті.
Ол бұны 40 жыл күткен еді
Өз үйінің, бөлмесінің орнын көрді, ата - бабасына құран бағыштады. Қарт ізімен ит жетектеген шекарашылар қуып жетті.
Жалғыз өзі қалай өмір сүреді?
Ертерек шешім қабылдап, Төлеутайға берген уәдесін орындап, бірге келуі керек еді.
Орындауға: 3 мин.
Талдауға: 1 мин.
а) Баяндамашы сөзін тыңдау.
б) Бақылаушының баға беруі.
VII. Сөздікпен жұмыс
Әр топ өз мәтіндерінен қиын сөздерді анықтайды, жауап береді.
1. Қозыкөш жер - аса алыс емес, біршама қашықтық өлшемі.
2. Мойыл, ұшқат - шөп атаулары.
3. Саптыаяқ - сұйық алып ішуге арналған ыдыс.
(Дәптермен жұмыс)
VIII. Сыныпқа сұрақ
- Әңгіменің «Қаздар қайтып барады» аталу себебі неде екен?
Қорытынды.
Байтас қартты шекара асырып, қиыншылыққа төзуге алып келген туған жерге деген сүйіспеншілік.
«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демекші әркімнің туған жері өзіне ыстық. Себебі, кіндік қаның тамған жер, ата - баба, бауыр, достың жүрген жері, тарихи Отаның. Ендеше, «Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары»
Отанға қалтқысыз еңбек ету – әр перзентінің міндеті.
Бағалау Үйге тапсырма1. Мәтіндік жоспар құру.
2. Әр топ өз мәтінінен теңеулерді теріп жазу, пейзаж бен портретті тауып, кесте бойынша толтырып келу.
Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»
- gulsara-28
- 9 қаңтар 2015
- 27540
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қабдеш Жұмаділовтің қаздар қайтып барады атты шығармасы
Ұқсас жаңалықтар:
Наурыз
Ақпан кетті араз боп наурызбен, Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп. Көктем жетті көрісіп, жанын үзген, Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен....Қ.Жұмаділов. «Қаздар қайтып барады» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы адам психологиясының ішкі сезім толғаныстарын суреттеуде жазушы шеберлігін...Қабдеш Жұмаділов «Қозыкүрең»
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушылардың алдыңғы сабақта алған білімін тексеру, әңгіме мазмұнын талдау арқылы тереңірек меңгерту;...М. Жолдасбеков. Тоқсан жастағы тарлан
Астана қаласы, Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Узденбекова Жанаргүл Кенжетайқызы...Кімнің мекені жақсы?
Сабақтың тақырыбы: Кімнің мекені жақсы? Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды өздеріне таптырып, өз ойын өз сөзімен...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.