Сайтқа кіру Тіркелу

Көркем сөздің шебері - Сафуан Шаймерденов

Тақырыбы: Көркем сөздің шебері - Сафуан Шаймерденов
Білімділік: елінің келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен халық перзенті Сафуан Шаймерденов кісілік келбетімен адами қасиеттері, биік тұлғасын, хал - қына сіңірген еңбегін танып білуге, тағылым алуға үйрету. Дамытушылық: оқушының ой - өрісін, ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, ізденіске жетелеу.
Тәрбиелік: оқушыларға қоғам қайраткерінің өмірін үлгі ете отырып елін, жерін, сүйе білуге баулу, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сафуан Шаймерденовтың суреті, нақыл сөздер, суреттер, шарлар, слайд.
1 жүргізуші:
Қайтадан қайрылып қауымға келмейсің,
Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар алдыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің – деп ғұлама ойшыл Шәкәрім атамыз айтқандай көркем сөздің жұлдызы атанған Сафуан Шаймерденовтың 90 жас - қа толуына байланысты, ірі тұлғаға арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2 жүргізуші:
Шын жүйрік шырқағанын білдірмейді,
Ел сізді қара сөзде дүлдүл дейді.
Байытқан әдебиет қазынасын
Бұл күнде томдарыңды кім білмейді.
1 жүргізуші:
Осыдан бірнеше жыл бұрын өмірден озған көрнекті қаламгер, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сафуан Шаймерденовке арналған баяндама сөзі. Баяндама.
Сыр сұхбат.
2 жүргізуші:
Қазақ әдебиетінің дамуы жолында арымен, абыройымен еңбек еткен, ұлт үшін, ұлт әдебиеті үшін ештеңеден де аянбай, артына өлмес мұра қалдырған Сафуан ағамыз бүгінде Кеңсайдың төрінде жатыр.
1 жүргізуші:
Жерлес жазушымыз Сафуан Шаймерденов Кеңсай қорымында сәулетті ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш - оған деген халықтың алғысы мен ілтипатының белгісі.
2 жүргізуші: Күй «Ата толғау»
Қайыр
Туған жұртың құрметтеп,
Ұсынса ыстық сезімін,-
Ел сенімін кірлетпей
Ер еңбегің өзіңнің.
Венера. С. Шаймерденовтың « Инеш» романынан үзінді.
Мирас
Тілде болса құдірет,
Бір өзіңдей меңгерсін.
Инештер тірі сурет,
Қарғаштар менің жерлесім.
Асылжан
Кестелеп сөздің өрнегін,
Үмітін елдің ақтадың.
Еселі ерен еңбегің,
Қазақтың мәңгі мақтаны.
Камила. С. Шаймерденовтың « Селдің екпіні».
1 жүргізуші:
Сафуан Шаймерденовтың отыздан астам кітабы бар. Солардың бәрі орыс тіліне аударылып, Алматыда, көпшілігі Москвада басылып шыққан.
2 жүргізуші:
Жазушының жеке шығармалары қырғыз, татар, башқұрт, өзбек, саха, тәжік,
украин, беларус тілінде жарық көрді.
1 жүргізуші: Ән: «Туған жер»
Алина
Қасиетті топырағың туған өлкем,
Көсілген кең далам да сондай көркем!
Әдебиет тұлғаларын жаратқан деп,
Таниды әлем сізді бүгін де ертең.
Бастаушы әдебиетші Сәбит ата,
Қаламы сөз жазбаған ешбір қата.
Соңынан ерте біліп талай - талай,
Қаламгер тарландарға берген бата.

Шерхан. С. Шаймерденовтың « Қарғаш» романынан үзінді.
Арияна
Із жалғап Сәбеңдермен Сафуан аға
Отын ағаштың саясы оған туған дала
Бұл күнде том - том оның кітаптары,
Әдебиетте тәмәм болған ісі дара.
Қуанышы оқырман бауырының -
Кемел тойы: әдебиет қауымының,
Тоқсан жаста жазушы Сафуан аға
Тумасы Амангелді ауылының.
1 жүргізуші:
Сафуан атаның қаламынан шыққан «Болашаққа жол», «Мезгіл», «Өмір нұры», «Қарғаш», «Мәжнүн тал» роман повестері оқырман қауымының сүйікті әдебиетіне айналған.
2 жүргізуші: Бұланова Гүлденнің орындауында « Егемен Қазақстан»
2 жүргізуші:
Оның «Қайдасың, Зарина?», «Қыр гүлі», «Әнім сен едің», «Дөкей келе жатыр», «Марғау», «Төрт бойдақ, бір қыз», «Өкіл әке», «Түйе көтерген», «Аруана дүние» сынды драмалық шығармалары көптеген театрлардың сахнасынан әлі күнге түскен жоқ.
Гүлжан
«Болашаққа жал»салып романынан
Төрден орын талантсың бір - ақ алған.
Қалды Инешің қазақтың бір қызы боп,
Бір көргеннен баршаға ұнағаннан
Диана. С. Шаймерденовтың « Инеш» романынан үзінді.
Айжан
Шықты повесть әңгімең «Мезгіліңде»,
Әрқайсысы мол қорын сездіруге.
Дәмді сөзге дәніккен оқырманың,
Ақтарылар күтеді кезді күнде.

Көрмесе де толастап жарыс бір күн
Ауыздықпен атыңды алыстырдың.
Туындыңдай таңдалды аудармаңда,
Қазағыңды Тагормен таныстырдың.
2 жүргізуші: Күй «Көңіл толқыны». Слайд
1 жүргізуші:
Жазушының 1987 жылы «Ағалардың алақаны»- атты кітабы жарық көрді. Бұл шығармасы үшін 1988 жылы Қазақ ССР - нің мемлекеттік сыйлығы берілді.
2 жүргізуші:
«Жыл құсы», «Битабар». Бұл повесть қазақ батыры Битабарға арналған, ең алдымен күрескер, батыр соңынан әйгілі шахтер өмірінің әр қырын қызғылықты суреттейді.
1 жүргізуші:
«Марғау». Повестің басты кейіпкері ит, жай ғана ит емес, ақылды ит. Автор шығармасында екі жүзділікті, сатқындықты айыптайды, повесть адамгершілік тақырыбына арналған.
Ансамбль. « Көрғұлы»
Уәли
Айтады қариялар өткен жайдан,
Сафуан Майбалықта білім алған.
Қазақтың қарапайым баласы еді,
Басына білім - ғылым бірге қонған.
Аруағы қолдап оны ата - бабам,
Мұқтар, Ғабит, Сәбеңдер бағалаған.
Ел - жұрттың құрметіне ие болған.
Бірнеше сыйлықпенен баға да алған.
1 жүргізуші:
Сафуан Шаймерденовтың повесть, әңгімелері айрықша лиризммен ғана емес, сонымен қатар айшықты да кестелі, аса көркем тілімен де ерекшеленеді.
Ән. « Ауылым». Бұланова Гүлденнің орындауында.
2 жүргізуші:
Сафуан Шаймерденов өзінің «Инеш» романында жастар тақырыбына батыл сүңгіп кетті де, өз замандастарының рухани өмірін шынайы да шебер суреттеп бере алды.
Асылжан. С. Шаймерденовтың « Инеш» романынан үзінді.
Әльмира
Мұхтар Шаханов. Сафуан Шаймерденовтың рухына.(тақпақ)
Ерлан
Сафуан Шаймерденов - өзінің алғашқы туындысымен - ақ көп көңілін бірден өзіне аударды. Ол қазақ әдебиетінің туын алға апаратын кейінгі ұрпақ - тың алғы сапындағы талант иесі.

Инеш
Ол әдебиетімізге жаңа суреткер ғана емес, жаңа тақырып, жаңа бағыт, жаңа эстетикалық сапа орын тебетінін алғаш айғақтап беріп еді.

Ән. 5 - сынып оқушылары
Әльмира
Саралап тани білсек халықты біз,
Екшеп ап ерлер ісін дарыттыңыз.
«Болашаққа жол» менен «Инеште»аға,
Студенттер өмірін таныттыңыз.
Аруна
Әр түрлі мінезі мен шамалары,
«Қарғашта» адамның бар сан амалы.
«Жыл құсы», «Ашу» және «Өмір нұры»,
Жақсы бір шығарма боп саналады.
Алихан. С. Шаймерденовтың « Қарғаш».
1 жүргізуші:
«Сөз сөйлесе, сырбаздығынан жаңылмай, мүдірмей, үгілмей, бүгілмей айтатын аға бойындағы турашылдыққа сүйсінуші едік. Ол кісі сөзге қалай талапшыл болса, өмір дейтін айдыны алмағайып мінезге толы ұлы кеңістікте өзіне де, өзгеге де солай талапшыл еді».
Еркін
«Қара жерге қар жауды қалың болып». Марфуға Айтқожа
Оркестр. Халық күйі « Кеңес».
2 жүргізуші:
Талантты жазушының тартымды шығармалары өз оқырмандарын адалдығымен, лирикалық сезім мөлдірлігі мен, өмір шындығын айнытпай суреттеп, терең философиялық байлам жасай алатындығымен, кісілік, асқан адамгершілік сипаттарымен баурайды.

Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы,
Амангелді ауылы,«Амангелді негізгі мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
бастауыш сынып мұғалімі Қазинурова Раиса Теміртасқызы
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оралхан – Алтайдың Кербұғысы

Оралхан – Алтайдың Кербұғысы

Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, Қазақстан Мемлекеттік...
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Мәңгілік елдің - Ұлы Абайы

Мәңгілік елдің - Ұлы Абайы

1 - жүргізуші: Ассалаумағалейкум, ұлысын ұлықтап, арысын ардақтап, тарихы мен тағылымын егіз еткен арманы өрге, қиялы көкке жетелеген Мәңгілік елдің...
Қазақ поэзиясының алып айсбергі

Қазақ поэзиясының алып айсбергі

«Қазақ поэзиясының алып айсбергі» атты әдеби сазды Қадыр Мырзалиев шығармашылығына арналған кешінің сценариі...
Әдеби кеш

Әдеби кеш

Бұл сыныптан тыс жұмысым Ғабит Мүсіреповтың 110 жылдығына арналған. Балаларға өмір белестерінен аз ғана болса үзінді көрсету Солтүстік Қазақстан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×