Сабақтың тақырыбы: Ата салтым - асыл қазынам (Лексикадан өткенді қайталау)
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Лексика бойынша алған білімдерін дамыту арқылы оқушылардың ой - өрісін кеңейту, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, мәтін ішінен таба білуге баулу.
2. Тәрбиелік: оқушыларды ана тілді құрметтеуге, ұлтжандылыққа, халық даналығы мен өсиеттерін үлгі ету, сөз өнеріне деген қызығушылығын артыру.
3. Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, кеспе қағаздар, интербелсенді тақта, эл. сызба.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4. Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттық мінез - құлқын, қасиеттерін көрсетеді. Кейбір салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне ырымына қарай қалыптасып келеді. Қазақта «Алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа»деген мақал бар. Той - думандарда, жиындар мен мерекелерде орындалатын осы қазақ халқының салт - дәстүрлері оның ұмыт болмағанының белгісі.
Ал, балалар сендер қандай салт - дәстүрлерді білесіңдер.
Оқушыларды топқа бөлу. (Шашу арқылы) Ұлттық ойындарды атап көрейікші: Теңге ілу, көкпар, қыз қуу, жамбы ату, сақина салу, ақсүйек т. б.
Ал біз лексика тақырыбын қайталау барысында осы ойындардың бірін білім сайысы барысында ойнаймыз.
«Көкпар» ойыны (көкпардың орнына сұрақтар қойылады, көп жауап берген оқушы жеңімпаз атанады)
1. Лексика нені зерттейді
2. Жалпылама лексика дегеніміз не?
3. Сөз мағынасы нешеге бөлінеді
4. Сөздің ауыспалы және тура мағынасы дегеніміз не?
5. Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
6. Омоним дегеніміз не?
7. Антоним дегеніміз не?
8. Синоним дегеніміз не?
9. Табу дегеніміз не?
10. Эвфемизм мен дисфемизм дегеніміз не?
2.«Жүзік салу» ойыны арқылы сұрақ - жауапты жалғастырамыз.
1. Тұрақты тіркестер дегеніміз не? Мысал келтір
2. Мақал мәтелдер дегеніміз не?
3. Сөздік қор дегеніміз не?
4. Қазақ тілінің сөздік құрамы дегеніміз не?
5. Көнерген сөздер дегеніміз не?
6. Жаңа сөздер дегеніміз не?
7. Сөздердің қолданылу өрісіне қарай неше түрге бөлінеді?
8. Жалпылама лексика дегеніміз не?
9. Қолданылу өрісі тар лексика дегеніміз не?
10. Кірме сөздер дегеніміз не?
Дәптерлерін ашып, жазба жұмысын орындаймыз.
1. Тапсырма «Дұрысын тап»
Биік оқушы
Жақсы көмектес
Терең аспан
Ашық тау
Ыстық құдық
Үлкенге ықылас
Сөздердің дұрысын тауып, тіркесті қатыстырып сөйлем құрау.
Бір сөйлемді тұлғасына қарай, бір сөйлемді сөйлем мүшесіне, бір сөзді фонетикалық талдау жасау.
2. Тапсырма. Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын анықтап, сөйлем құрастырыңдар.
Айы оңынан туды –
Ит өлген жер –
Бетінен оты шықты –
Төбе шашы тік тұрды –
Ат ізін салмау –
Көзді ашып жұмғанша –
Тұрақты тіркесті қатыстырып сөйлем құрау.
Бір сөйлемді тұлғасына қарай, бір сөйлемді сөйлем мүшесіне, бір сөзді фонетикалық талдау жасау.
3. Тапсырма Топтық жұмыс
1 – топ Синонимдік
қатарды толықтыр
Алыс –
Биік –
Әдемі –
Үлкен –
Ас -
2 – топ Антонимдік
қатарды толықтыр
Алыс –
ащы –
биік –
терең –
таныс -
3 – топ Омонимдік
қатарды толықтыр
ой – 1... 2...
сана – 1... 2...
нан – 1... 2...
ер – 1... 2...
жиырма – 1... 2...
Кітаппен жұмыс. 212 - жаттығу.
Суреттер топтамасындағы 18 - суретте бейнеленген кісілердің іс - әрекетін, қандай ұлттық бұйым дайындап жатқанын дәлелдеп айтыңдар және жазыңдар.
Әңгімелеріңнің дұрыс құрылуына мән беріңдер.
221 - жаттығу
Махмұд Қашқаридің нақыл сөздерін жаттап алыңдар.
І топ. 1 - бөлім
ІІ топ 2 - бөлім
ІІІ топ 3 - бөлім
Нақыл сөздерді оқып, мағынасын ашу.
ІІІ. Сабақты бекіту.
Лексика тарауынан не білдіңдер?
Парақшаға жазып, тақтадағы сызбаға ілу.
ІV. Қорытынды: Ел басы өзінің биылғы жолдауында тіл туралы: ана тіліміз мәңгілік елімізде, мәңгілік тіл болып қала беретіндігін айтты.
V. Үй тапсырмасын беру.
Тұрақты тіркестерді пайдаланып, «Мен - елімнің ертеңмін» деген тақырыпта ойтолғау жазып келу.
VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
Ата салтым - асыл қазынам (лексикадан өткенді қайталау)
- elshibai_urbugul
- 19 қазан 2014
- 7141
- 0
- 0
Ілмек сөздер: лексикадан өткенді қайталау
Ұқсас жаңалықтар:
Лексикадан өткенді қайтадау
Сабақтың тақырыбы: Лексикадан өткенді қайталау Мақсаты: Лексикадан өткенді қайталау тапсырмаларын орындай отырып, өз пікірін білдіре біледі және ойын...Тіл жанашырлары
І топ 1. Дауысты дыбыстар саны қанша? 2. Буынның неше түрі бар? 3. Орфография нені зерттейді? 4. Дисфемизм дегеніміз не?...Емтихан сұрақтары
Қазақ тілі пәнінен 5 «А» сыныбына арналған жалпы аттестаттау емтихан материалдарына аннотация. Қазақ тілі пәнінен 5 сыныпқа арналған қорытынды...Лексика тарауын қайталау
Қызылорда қаласы, №211 Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Болатбаева Мирамкүл...Тұрақты тіркестер
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.