Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: сабақты өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, мамандық иелерінің не істейтінін, қайда істейтінін оқушыларға ұғындыру.
2. Дамытушылық: оқушылардың тақырыпқа байланысты сөздік қорларын байыту, жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыруды үйрету. Оқушыларды мәнерлеп оқуға, сауатты жазуға жетелеу.
3. Тәрбиелік: барлық мамандық иелерін сыйлау.
Сабақтың әдісі: баяндау, мәнерлеп оқу, сөздік жұмысы, суреттермен жұмыс, әңгіме құрастыру, тірек - сызбалар.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, сызбалар, таблица.
Сабақтың барысы:
І, Ұйымдастыру кезеңі.
а) Кезекшімен сұхбаттасып, балаларды белгілеу.
ә) Оқушылардың көңіл - күйлерін байқау.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
1. "Бұл кімдер?" өлеңін мәнерлеп оқу арқылы мамандық иелерінің аттарын табу.
Алып жатқан жан - жақты
Үйлерді кім тұрғызды?
Жарқыратып жан - жақты
Жердегі көп жұлдызды
Балалар, не білдіңдер,
Білгеніңді айт, бұл кімдер?...
Үстіндегі киімді
кімдер тігіп береді,
Газет - журнал үйіңді
Қалай тауып келеді?
Бұл жайлы не білдіңдер,
Білгеніңді айт, бұл кімдер?
2. а) Өлеңнің жауабы бойынша сызба құрастырылады.
жүргізуші -------- ғарышкер ---------- заңгер
пошташы --------МАМАНДЫҚ --------құрылысшы
шекарашы ---------- ---------- тігінші
ә) Интербелсенді тақтада дәрігер, мұғалім, бағдарламашы, ұшқыш, заңгердің суреттері
көрсетіледі. Осы суреттер бойынша оқушылар жазбаша сөйлем құрайды.
Мысалы: Дәрігер не істейді? Дәрігер емдейді. Ол емханада жұмыс істейді.
б) Еңбек туралы мақал - мәтелдерді жатқа айту арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
1. Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.
2. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
Еңбек - адамның көркі,
Адам - заманның көркі.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсатын, барысын айту.
1. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі.
Ата - ананың тілегі -
Адам болып өскенің.
Адамдықтың тірегі -
Адал болып өскенің.
Отаныңның арманы -
Жақсы маман болғаның.
Ү Жаңа сөздермен жұмыс.
Шыдамды - терпеливый; Жауапты - ответственный
Салмақты - серъезный; Қызмет ету - служить.
Мейірімді - добрый, Еңбек ету - трудиться
Ұстамды - сдержанный;
а) Мұғалім жаңа сөздерді дауыстап оқиды.
ә) Екі оқушы кезек - кезек оқиды
б) Бүкіл топтың оқушылары қайталайды.
Тақтада, дәптерде жаңа сөздермен сөз тіркестері құрастырылады.
Мысалы: Жауапты маман, мейірімді дәрігер, салмақты заңгер.
ҮІ, "Кім болғым келеді?" сызба бойынша шағын әңгіме құрастыру.
... болғым келеді.
МЕН... армандаймын.
.... болғанды ұнатамын.
Өйткені..... Ол үшін білім керек. Білім алу үшін еңбек ету керек.
3 - 4 оқушының жауабы тыңдалады.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс. Диалогты толықтырып, өз ара сөйлесу.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау. Мұғалімнің сөзі(Сурет бойынша)
Көз не керек? (суреті)
Қол не үшін керек? (суреті)
Мамандық не үшін керек?
ІХ. Оқушылардың мамандық иелері туралы жаттаған өлеңдері тыңдалады.
1. Іш ауырса, тіс ауырса
Дәрігер дәрі береді.
Барлық бала, барлық адам
Оны жақсы көреді.
2. Тоқтықтың бар тарқауы,
Ас - адамның арқауы.
Аспаз бола алмайды
Адамдардың жалқауы.
Х Бағалау.
ХІ Үйге: Мәтінді оқып, аудару. Сұраққа жауап беру.
Кім болғым келеді?
- guldana61
- 10 қыркүйек 2014
- 22262
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Мамандық таңдау, мамандықтар
Ұқсас жаңалықтар:
Мамандықтың бәрі жақсы. Сурет бойынша әңгіме құрастыру М, Н дыбыстары
Мақсаты: 1. білімділік Мамандық иелері туралы түсініктерін кеңейту. 2. дамытушылық Сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту....Мамандықтың бәрі жақсы
Көлік, мамандық туралы білімдерін тиянақтау. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешіп, тақпақ айту арқылы толық сөйлеуге баулып, сөздік...Мамандықтың бәрі жақсы
Степногорск қаласы, №2 Ақсу орта мектебі Мектепалды даярлық сыныбы: Акназарова Ф. Е....Жазғы демалыс. Фонетикалық талдау
Семей қаласы, №10 «ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амренова Гульдана Сапаргалиевна...Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттық Жумаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.