Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: тақырып төңірегінде әңгіме, диалог құрып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыланады.
2. Дамытушылық: тілі, зейіні, ойлау қабілеті дамиды
3. Тәрбиелік: отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиеленеді
Сабақтың түрі: саяхат сабағы
Көрнекілігі: презентация, аудио, бейнежазбалар
Әдіс - тәсілдер: Қанипа Бітібаеваның технологиялары ( дамыта оқыту, саралап оқыту)
Пәнаралық байланыс: тарих, музыка
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
- Балалар, бүгін біз көктемгі мерекелерге саяхат жасаймыз. Саяхатымыздың әрбір кезеңінде тапсырмалар орындаймыз.
Үй тапсырмасы көктемгі мерекелер туралы қайталап келу болатын. Сабақ барысында білімдеріңді көрсетіп, ойларыңды жеткізуге тырысыңдар.
Бірінші кезең « Ең ардақты – Ана»
Адам баласының ең жақын досы, ұстазы - ана. Ананың махаббатына, сүйіспеншілігіне ешнәрсе жетпейді. Қазақта «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да, оның алдындағы қарызыңды өтей алмайсың» дейді екен.
Тапсырма: сурет бойынша әңгіме құру. (8наурыз)
Сұрақ: Анаңа қандай сыйлық дайындадың?
Екінші кезең «Ұлысың ұлы күні»
Тапсырма: 1) аудиожазбадан мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беру, мәтін мазмұны бойынша тірек сөздер жазу.
Наурыз – ұлыстың ұлы күні, халықтық мейрам. Наурыз тойын тойлаудың өз дәстүрі бар. Бұл күні ойын - сауық, айтыс ұйымдастырылады, палуан күрестіреді, ұлттық ойындар ойналады. Адамдар бір - біріне « Ақ мол болсын!», « Ұлыс оң болсын!» деген тілектер айтады. Дастарқан жайылып, жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіріледі.
22 наурыз – күн мен түннің теңелетін күні. Наурыз – Шығыс халықтарының жаңа жылы, табиғат мейрамы.
Сұрақтар:
- Наурыз мерекесін халық қалай қарсы алады?
- Наурыз мерекесін тойлаудың қандай дәстүрі бар?
- Адамдар бір - біріне қандай тілектер айтады?
- Наурыз көже неше түрлі дәмнен пісіріледі?
2) Суреттегі ұлттық ойын түрлерін атау.
Үшінші кезең «Бірлік бар жерде – тірлік бар»
Бейнежазба көру. ( 1 мамыр мерекесі)
Тапсырма: Тіркесе алатын сөздерді табу
Тату
Ұлт
Тәуелсіз
Достық
Мерекесі, мемлекет, өкілдері, тұрады.
Сергіту сәті. «Қара жорға» биі
Төртінші кезең «Отан үшін күрес - ерге тиген үлес»
Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш - қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 36 - бабында былай деп жазылған: “ Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”
2012 жылы Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 20 жыл болды. Осыған орай елбасының жарлығымен 2013 жылдан бастап 7 мамыр – мемлекеттік мереке.
Тапсырма: суреттен (ребус) мақалдары табу (отансыз адам - ормансыз бұлбұл, отан оттан да ыстық)
Бесінші кезең «Жеңіс Жалауы»
Деңгейлік тапсырма:
1) Мәтін оқы, жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлем құра.
2) Мәтін оқы, сандарды сөйлет 1945, 9, 518, 2
3) Мәтінді түсініп оқы, сұрақтарға жауап бер.
4) Мәтін бойынша диалог құрастыр.
5) Мәтінді түсініп оқы, мазмұнда.
Жеңіс күні
1945 жылы мамырдың 9 - ында Ұлы Отан соғысы кеңес елінің жеңісімен аяқталды. Сондықтан осы күні халықтар жыл сайын ардагерлерді құттықтап, жеңіс күнін мейрамдап келеді. Бұл күн Қазақстан Республикасында да белгілі мерекелердің бірі.
Қазақстандықтар соғысқа қатысып, ерлік көрсетті. 518 қазақстандық кеңес одағының батыры атағын алды. Қазақ қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова – шығыс қыздарынан түңғыш рет Батыр атағын алды. Бұл атаққа Талғат Бигелдинов екі мәрте ие болды.
Сөздік
Ұлы Отан соғысы – Великая Отечественная война
Ерлік - подвиг, героизм
Атақ – звание
Екі мәрте – дважды
Кеңес одағы – Советский союз
Сұрақтар
Ұлы отан соғысы туралы не білесің?
Неше қазақстандық кеңес одағының батыры атағын алды?
Сол атаққа ие болған қазақ қыздары кімдер?
Кеңес одағының батыры атағына екі мәрте ие болған кім?
Бекіту.
Сөйлемдерді аяқтау. Қандай мереке?- толық жазу
8 наурыз –
22 наурыз –
1 мамыр -
7 мамыр –
9 мамыр -
Сабақты қорытындылау. Бағалау.
- Балалар, мереке дегеніміз тек ән салып, би билеу ғана емес, сонымен бірге жақсы тілек айту, сыйлық сыйлау, ардагерлерге тағзым етіп, еске алу. Әрбір мерекенің өз маңызы, орны бар. Саяхатымыз аяқталды.
Мектеп - білім беретін екінші үйлерің, олай болса ұстаздар - екінші аналарың. Ең алғашқы көктем мерекесі – 8 наурыз мерекесімен ұстаздарды құттықтап, «Ана туралы жыр» әнімен сабағымызды аяқтаймыз.
Үй тапсырмасы
8 наурыз туралы өлең жаттау
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.