Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлы
I. Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Біржан Қожағұлұлы өмірі мен шығармалары туралы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің мән - мағынасына көңіл аудару
Дамытушылығы: Өнегелі адамдардың өмірі, мінез - құлықтары мен іс - әрекеттеріне тоқталу, оқушылардың танымдық, іскерлік қабілетін дамыта отырып, өз бетімен жұмыс жасай білу қабілетін шыңдау
Тәрбиелілігі: Ізгілік адамгершілік мінез - құлықтарды қалыптастыру, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, өнер адамдарын құрметтеуге тәрбиелеу
II. Пән аралық байланыс:
Қазақ тілі – лексика
Қазақ республикасының тарихы
III. Сабақтың көрнекілігі:
Біржанның суреті, Біржан мен Сара айтысынан көрініс, Байлаулы, яғни керегеде қолына арқан батқан Біржан сал бейнесі
Туған жері - Көкшетаудан көрініс
Таблица - сөздік
Күйтабақ, домбыра
Ол кім, бұл не? 1 том
IV. Сабақта қолданған әдістер:
1. Әңгімелеу
2. Баяндау
3. Талдау - жинақтау
4. Кітаппен жұмыс
5. Көрнекілікпен жұмыс
Сөздікті көшіріп алу тапсырылады:
а) Көнерген сөздер: кимешек, генерал - губернатор, болыс, дуан, ояз, поштабай
ә) Дуан - қала,
Поштабай - шабарман, болыстың барып кел, шауып келі
Жанан - қымыз құятын шара - ыдыс
Екінші, шығармаға байланысты Қазақстан республикасының тарихынан берілген тарихи оқиғаларға төмендегідей сөйлемдер оқылып, оқиғаның тарихи шындыққа сәйкестігі айтылады: Қазақстанда XIX ғасырдың II жартысында қазақтың халық поэзиясы шығармаларының ішінде лирикалық өлеңдер мен айтыстар едәуір орын алады. Сүйінбай, Сара, Жаяу Мұса, Жамбыл мен Біржан сияқты дарынды ақындардың есімдері кеңінен белгілі болды. Ақындар өздерінің өлеңдерінде бай - феодалдық және отарлық езгіні шенеді. Олар қазақ кедейлерінің ауыр тұрмысы мен әйелдердің теңсіздігіне жаны ашып, тебірене жырлады, еңбекшілерді жарқын болашақ үшін күреске шақырды.
Біржан сал Қожағұлұлы қазіргі Көкшетау облысы Еңбекшілер ауданында 1834 жылы туып, сол жерде 1897 жылы қайтыс болған. Біржан жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді. Өнер жолына түседі. Табиғи талант иесі көп ұзамай - ақ «Әнші, ақын, сазгер, сал Біржан» деген атаққа ие болады. Ел аралап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын көркі, той көркі атанады. Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақындар оны әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды. Оның «Жанбота»және «Шідер» атты әндері сол кездегі зорлық - зомбылыққа қарсы ашу ызаға толы.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға берілген бірінші тапсырма, әрі сауалнама:
а) Шығармада Біржан сал өмірінің қай кезеңі суреттелген?
ә) – Байлаулы жатқан Біржан есіне өмірінде қатты таяқ жеген қай оқиғаны түсірді. Кітаптан тауып оқы
б) – Біржан осы оқиғаға байланысты қандай өлеңдер шығарды?
в) – Біржан сал кім? Оның әндерінде не жайында және кімдер жайында айтылған?
- Біржан - туған жердің табиғат нақыштарын, жастықты, халықты, халықтың әлеуметтік теңсіздігін баса айтып жырлаған өлең, әндерімен әйгілі тұлға. Ол байлық қумаған. Біржан заманына наразы. Мақсаты - адасқандардың көзін ашу, өз сөзімен айтқанда «Жалғыз болсам да, жауыздықпен алысып өлермін».
Азнабай, Жанбота, поштабай бейнелері, іс - әрекеттері мен мінездеріне талдау жасаңдар.
- Болыстың екеуі де байлық пен атақ - даңқтың, жағымпаздықтың құрбаны.
Топас - надан адамдардың бейнелері
«Қарға қарғаның көзін шұқымас»
Жыр жазамын жүрегіммен
_________ Біржан салды,
_________ шешен тілді.
_________ шырқағанда,
_________ жеңілмейді.
Қорытынды бөлім
Енді оқушыларға сабақты жинақтау үшін сұрақтар қойылды. Қосымша материалдармен, көрнекілікпен жұмыс жүргізілді.
1.- Қазан төңкерісінен бұрын халық өнерпаздарына көзқарас қандай болған?
2.- Қазір өнер адамдары қандай қамқорлық пен даңққа бөленген?
3.-«Теміртас»өлеңінен қандай қорытынды жасауға болады?
- Өлеңнен балалардың әкеге қамқоршы, сүйеніш болу керектігін ұғамыз. Өлең адамгершілікке, ізгілікке уағыздайды.
Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті,
Кем қылмай өсіріп ем салтанатты.
Әкең ем аяйтұғын жаның ашып,
Шешсеңші, білегіме арқан батты!
Оқушы білімін бағалау
Үйге тапсырма Біржан өлеңдерін мәнерлеп оқу
Атырау қаласы,
М. Отаралиев атындағы негізгі мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Даргужина Сандуғаш Биязбайқызы
Біржан сал Қожағұлұлы
- bibka
- 13 мам 2019
- 14109
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Біржан сал, Қожағұлұлы, айтыс өнері туралы, қазақ әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Біржан сал
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жұрген жанмын. Қасыңа мені сендер неге алмайсың, Өзім сұңқар,өзім сал, кімге зармын....Ал, дүние, өтеріңді біліп едім
Ал, дүние, өтеріңді біліп едім, Білдірмей серілік пен жүріп едім. Бұл күнде арық қойдан бағам кейін, Үш жүзді сайран қылған Біржан едім....Адасқақ
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай, Басқаға өзіңнен жүрмін жазбай. Бас қосқан мәжілісіміз болады деп, Жанбота, мазамды алдың ала жаздай. Салады Біржан...Жамбас сипар
Ұшына орамалдың түйдім сусар, Көп жылқы көк алалы көлде жусар. Кешегі ел қыдырған есер шақта, Ән еді Біржан салған "Жамбас сипар"....Балуан Шолақ Баймурзин
Балуан Шолақ (шын аты Нұрмұхамбет, кейде Нұрмағамбет деп те атайды) Баймурзин қазіргі Көкшетау облысы, Еңбекшілер ауданында туған. Әкесі кедей шаруа...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.