Сынып: 8
Пәні: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Сыныптан тыс оқу ( 1 сағат)
Әдебиет теориясы:
Сабақтың мақсаты: 8 сынып қазақ әдебиеті хрестоматиясы бойынша Абай Құнанбаев, Шәкәрім. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров өлеңдерін түсініп оқуға шақыру. Қазақ ақындарының шығармаларын оқуға насихат жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру
ә) дамытушылық: ұйымдастырушылық, қатысымдық, белсенділік, қызығушылық қабілеттерін арттыру;
б) тәрбиелік: қазақ әдебиеті классиктерін оқуға шақыру;
Сабақтың түрі; сыныптан тыс сабақ
Сабақтың типі: жинақтау сабағы
Сабақтың әдісі: ББҮ, сұхбат (ақын орны), рөлдік ойын, аукцион, екі жұлдыз, бір тілек, семантикалык карталар;
Сабақтың көрнекілігі: әдеби кітаптар, стикер, маркер, А4, А3қағазы, бағалау парақтары, портрет, буклет
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, музыка
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. Кезекшімен сұхбаттасу. Түгелдеу. Сабақтың мақсаты мен сабақ жоспарын айтып беру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 1. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы б/ша 69 бет - 97 бет түсініп оқу.
2. Ақындардың кітаптарына картотека жасап келу.
Алтын ережелерді тақтаға іліп қоямыз.
1. Топ бір - бірінің жауабын толық тыңдайды.
2. Тыныштық.
3. Түсінбеген жағдайда қол көтеріп н/се Ым қағысып сөйлеу.
Сергіту сәті: Күй ойналады. Оқушылар саусақтарымен ауада күйді көздеріне өз түсінігінше елестетеді, қолдарымен сурет салады. (2 минут)
Мақсаты: Күйдің мазмұнын түсінуге талпындыру. Қазақ даласының үнін суреттеуге үйрету.
Нәтижесі: Демалу, қазақ әуенін тану.
Күй ұнады ма?
Қандай көңіл күй суреттеледі? Неге?
Қазақ даласымен, табиғатымен байланысты ма? Не себептен деп ойлайсыңдар?
Күй авторы кім? Білмесе мұғалім өзі таныстырады.
Күй қойылуының себебі неде деп ойлайсыңдар?
Топқа бөлу:«Мағынаны тап» стратегиясы (5 минут)
Ақындардың 1 шумақ өлеңдерін тармақтап бөліп, шатастырады. Оқушылар өлеңдерді ұйқас немесе мағынасы арқылы құрастырады. Осылайша, оқушылар құрастырылған өлеңдердің авторларының есімдері бойынша топқа бөлінеді (мысалы, Абай тобы, Шәкәрім тобы, Сұлтанмахмұт тобы).
Абай
Шәкәрім
Сұлтанмахмұт
Топқа бөлетін өлеңдердің шумақтары
Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған;
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған -
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең, өзің біл.
А. Құнанбаев
Адамдық борышың -
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны біл.
Талаптан да, білім мен өнер үйрен.
Білімсіз,
Өнерсіз,
Болады ақын – тұл.
Шәкәрім
Түскендей әуе жерге қырық күн шілде
Ішкен мас, жегендер тоқ күнде – күнде.
Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:
«Кел, шық» деп, иек қағып жарық күнге.
Ән салды таңды мақтап сансыз торғай,
Бас иіп, бәйек болып, жерге қонбай.
Шайқалып таң жеріне тербетілді,
Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.
С. Торайғыров
ІІІ. Жаңа сабақ.
Ойға шабуыл
Балалардың өткен сабақта алған білімін тексеру және пысықтау мақсатында қазақ әдебиетінің классиктері туралы жазу (БББ әдісі).
Уақыт өлшемі – әр топқа 2 минут.
Тапсырма №1:
Кестені толтырып, дауыстап, сауатты оқып шығу (барлық топқа бірдей).
№ Білемін
Білгенім
Білгім келеді
1 Абай ұлы данышпан ақын,
философ.
Абай мұрасы өте бай.
Қазақ мәдениеті мен әдеби
тілінің дамуына үлкен
ықпал жасады.
Абай атында
Тараз
қаласында не бар?
Тапсырма №2:
8 сыныпқа арналған қазақ әдебиеті хрестоматиясы оқулығынан өтілген тақырып бойынша ақынның өлеңін таңдап алады. Таңдап алу себебін төмендегідей таблица арқылы түсіндіреді.
Уақыт өлшемі - 2 минут
№ Таңдалған өлең атауы мен авторы
Өлеңде маған әсер еткен жағдай
Өз ой - пікірім
Ақынның іс - әрекетін мақал - мәтелдермен түйінде:
1. Абай. Құнанбаев
«Желсіз түнде жарық ай»
Түнгі табиғи көрініс.
Табиғатқа жан бітіреді.
Талапты ерге нұр жауар
Бағалау (топтар бір - бірінің жұмысын бағалау критерийлеріне сай бағалайды):
«5» бас бармақ жоғары көтеріледі
«4» бас бармақ қисаяды
«3» бас бармақ жатады
Тапсырма № 3:
«Мәнерлеп оқу сайысы». Уақыт өлшемі - 6 минут. Әр топқа – 2 минут.
Қойылатын талаптар:
- Төл дыбыстарының анық айтылуы;
- Мәнерінің дұрыстығы;
- Эмоциялық белсенділігі;
Бағалау:
- «5» бас бармақ
- «4» бас бармақ қисаяды
- «3» бас бармақ жатады
Тапсырма №4:
1 топ. «Интервью әдісі» Сұлтанмахмұт тобы. Уақыт өлшемі 5 - минут.
- Қайырлы күн, құрметті көрермендер! Бүгінгі біздің «Қазақстан - Тараз» телеарнасының қонағы - белгілі ұлы ақын...... Сұлтанмахмұт Торайғыров
- Қош келдіңіз.....
Төмендегі үлгіде «Ақынмен жүздесу» сұхбатын құрыңыз.
- Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз?
- Әдебиетке қалай келдіңіз?
- Кімдерді үлгі санадыңыз?
- Болашаққа деген жоспарларыңыз қандай еді?
- Осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктеріңіз қандай?
Арнамыздан алыстамаңыздар. Жарнама
2 топ. «Түйіндеме» ойыны. Абай тобы (5 минут)
Тапсырма: 1 топ оқушы бүгін өздеріне берілген тапсырма бойынша ақынның кітабынан білім алуға шақырып, сыныптастарыңа жарнама жасауы керек. (Ақынның өлеңінің тақырыбы, мазмұны, тәрбиелік мәні, қандай жағдайда қажет етеді.) Бұл ойында оқушылар екі немесе одан да көп топқа бөлініп ақынның өлеңдер жинағын оқуға шақырады, сол туралы жарнамалап береді, қорғайды. Ауызша және жазбаша түрде көрсетуге болады.
Ақын өлеңіне түйіндеме
Ақынның аты - жөні:
Туған жылы, жері:
Өлеңінің атауы:
Тақырыбы:
Мазмұны:
Насихаты:
Тәрбиелік мәні:
Қай дүкеннен алуға болады:
Қай тілде:
Қандай жағдайда:
3 топ. Рөлдік ойындар. Шәкәрім тобы (5 минут)
«Алтын балық» рөлдік ойыны - қатысушылар жұп болып жұмыс істейді. «А» қатысушысы – алтын балық, «Б» қатысушысы оған 3 тілегін тілейді. Мақсат алтын балықты тілектерді орындауға көндіру. Балық сұрақтар береді. Қатысушылар рөлмен ауысады. Қалау рай түрлері жаттықтырылады (қалау рай, шартты рай жұрнақтарын қолдану керек)
Тапсырма №5. «Кітапқа тапсырыс беру» ойыны. Барлық топ қатысады.
- Өздерің таңдаған ақынның кітаптарына тапсырыс беріп үйренейік? Картотека жасап үйренейік(5 минут):
а) үй жұмысын дайындауға сізге кітапханадан каталог арқылы қажетті әдебиетті тауып, тапсырыс беріп, оның орындау уақытын анықтаңыз.
б) Сіз кітапхана қызметкерісіз. Тапсырысты қабылдап, оның дұрыс берілгенін анықтаңыз
Пайдаланылатын материал: кітапхана кеңесшісімен, кітапханашымен сөйлесу, тапсырысты рәсімдеу.
Ойын мақсаты: Оқушының күнделікті өмірінде жиі кездесетін жағдай болғандықтан оның өз ойын дұрыс жеткізе білуі, тапсырысты бере білуі көзделген.
Нәтиже: Оқушы ойнай отырып, кітапханада жұмыс істеу жолдарын да үйренеді. Қарым қатынасқа түсе біледі. Оқушының ой жүйелілігі.
Мысалы: Маған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына........ өлеңдер жинағы керек.
А3 қағазына орындау қажет.
Бағалау (критерий бойынша):
Дауыс беріледі:
Абай тобына – Сұлтанмахмұт тобы
Сұлтанмахмұт тобына – Шәкәрім тобы
Шәкәрім тобына – Абай тобы
Тапсырма №6. «Ақын арманы» аукцион ойыны. Ұжымдық жұмыс. (3 минут)
Кітаптың бастапқы бағасы - 30. 000 теңге.
Бір сұрақтың құны – 2000 теңге
Жауап бермесе – ұпай саналмайды.
Жартылай, толық жауап бермесе – 1500 теңге
Топ алтын ережені бұзса - 500 теңге алынып тастайды.
Сұраққа кім тез, көп жауап берсе, сол топ кітапты қымбатқа сатып алады.
Нәтижесі: 20 сәуір 2014 жылға дейін жеңген топ осы кітапты оқып айтып береді.
Сыйлық түрі: оқушының қалауы
Жарнамалаған ақындардың кітаптарын сату. Ал ойынның қосымша көрнекілігі ретінде темір - қақпақ, ағаш балғаны пайдаланып, гонг ұрғызуға болады.
Ақын арманы» аукцион ойын сұрақтары:
Бағалау:
«5» - 15
«4»- 12
«3» - 9
«2» - 6
Лотқа қойылатын сұрақтар:
1. Шәкәрімнің орыс тілін қандай қасиеттері арқылы үйренді?.. ( белсенділік, зеректік)
2. Абай Шәкәрімге кім болды? (аға, тірек)
3. 3. Абайдың жетелеуімен қандай пәндерге қызығушылығы ата бастады? (әдеб, геогр, филос, тарих, музыка)
4. Шәкәрім кім?(прозашы, аудармашы, тарихшы, философ)
5. Қай тілдерді жақсы меңгерген (орыс. шығыс, түрік) 78 беттегі 1 шумақты оқып беріңіз..
6. Абай үлгісінде жазылған өлеңдері? (Жастық туралы. Кәрілік туралы)
7. Қай өлеңінде жағымсыз қылықтады сынайды? («Өмір» «Сәнқойлық» «Құмарлық» «А. б»)
8. Эпикалық жанрдағы көлемді шығармалары..(«Қалқаман – Мамыр» «Еңлік - Кебек» «Ләйлі - Мәжнүн»)
9. «Адамдық борышың» өлеңін жатқа айт
10. «Бостандық таңы атты» өлеңіндегі жағымды қылықтар мен жағымсыз қылықтарды атап бер..
11. «Борыш» «Бостандық» «Насихат» сөзінің синонимі табыңыздар...
12. Шәкәрім өлеңдерінің такырыбы.....
13. «Жастарға» өлеңінде кімді үлгі етеді? (82 бет) Ақынды үлгі еткен жерін оқып бер....
14. Шәкәрімнің музыкасын зерттеген кім? Нотаға түсірген кім?
15. «Шәкәрім» симфониясының түсаукесері қай қалада өтті? Тағы қай қалада өтпекші?
1. Абайдың өмір сүрген жылдары?
2. Әдебиетке деген қызығушылығы....
3. Ата - анасы туралы қандай деректер айта аласыз?
4. Абай кімдерді оқыды?
5. Көкбай Абайға кім? Алғашқы өлеңдері кімнің атынан жарияланған?
6. Абайдың неше өлеңі, қарасөз, мақаласы, поэмасы бар?
7. Абай атында Қазақстанда не бар?
8. Абай өлеңдерінің тақырыбы...
9. «Сегіз аяқ» өлеңіндегі афоризмдерді айтып беріңіз...
10. Ақынның қолжазбасын жинақтауға тапсырыс берген алаштанушы...
11. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» не туралы?
12. Абай туралы жазылған кітаптарды атаңыз..
13. «Абай» киносындағы Абай рөлін ойнаған актер кім?
14. Хрестоматиядағы Абай әнін 1 шумағын айтып беріңіз..
15. Абай кім?
1. Сұлтанмахмұт өмір сүрген жылдар?
2. Ақынның хрестоматияда берілген өлеңдерін ата
3. Бір өлеңін мәнеріне келтіріп оқыңыз..
4. Неше романы бар? Не туралы?
5. Ақын жастарды неге шақырады?
6. Оқуға шақырған өлеңдерін атаңыз....
7. Ақын өлеңдерінің тақырыбы....
8. Ақынның балалық шағы туралы айтып беріңіз?
9. Қай тілдерді жақсы меңгерген?
10. Молданың пасықтығын сынайтын өлеңдерін атаңыз...
11. «Шәкірт ойы» өлеңіндегі күн кім?
12. Поэмалары...
12. С. Торайғыров кім?
13. Ақын атында не бар?
14. «Шілде» өлеңін жатқа айт...
Сабақты қорыту: Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
Балаларды бағалау. Балалар арқасына қолмен бағаларын қойып шығады.
Үйге тапсырма: «Жастар, қазақ әдебиетіне үлесімізді қосайық!» үндеу бұрышын 23 желтоқсан күні 1 сабақта ілесіздер. Мақсатымыз қазақ әдебиетін оқуға шақыру. Оқығандарға алғыс хаттар берілетін алдын ала айту. Бағаларыңыз қазақ әдебиетіне қойылады.
Сыныптан тыс оқу
- gylnaz6719
- 11 тамыз 2014
- 36878
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ ақындарының шығармаларын оқу, сыныптан тыс оқу
Ұқсас жаңалықтар:
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ» өле ...
Өлеңге арқау болған С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен - қазақ»өлеңдеріндегі ақын арманы, өмірлік мұраты, оның өз шығармаларында...Жамбылдың өмірі, шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері
Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету. Оқушылардың Шәкәрім...Абай өмірі мен шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Көксарай елді-мекені Ергөбек негізгі орта мектебі Мамахова Гульмира Жолдасбекқызы...«Күз» Абай Құнанбаев.
Жезқазған қаласы, № 10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Үңгітбаева Нұргүл Рамазанқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.