Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер.
Сілтеме: қазақ тілі оқулығы, Блум таксономиясы, әдістемелік нұсқаулықтар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біліп, еліктеуіш сөздің мағынасын, пайда болу тәсілін, қолданылу аясын түсіну;
Дамытушылық: ой алғырлығы мен тапқырлық, бейнелі сөйлеу шеберлігін дамыту;
Тәрбиелік: тіл тазалығына мән беру, табиғат құбылыстарының қасиеттеріне мән беру;
Оқыту нәтижесі:
1. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлерін біледі, еліктеуіш сөздің неден қалай пайда болатынын, қалай жасалатынын біледі;
2. Тапсырмаларды орындай отырып еліктеуіш сөздерді тауып, қандай қызмет атқаратынын түсінеді;
3. Еліктеу сөздерді қолдана отырып тапсырмаларды жүйелі орындауға мүмкіндік алады;
Сабақтың типі: Білім және іс - әрекет тәсілдерін кешенді қолдану
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, Блоб ағашы, Бағдаршам парағы
Әдіс - тәсілдер: ой қозғау, зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, «Екі түрлі күнделік», «Сөйлейтін сандар», «Бағдаршам»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
1 - әрекет.
• Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару (1 минут)
• «Блоб ағашы» әдісімен бүгінгі сабақ ахуалын қалыптастыра отырып, сабақты бастау (3 минут) (2, 3 - модуль)
2 - әрекет. Үй тапсырмасын тексеру(5 минут)
Әр топтың өздеріне берілген тапсырмаларын тексеріп шығу
1 - топ: еліктеуіш сөздерді қатыстыра отырып, эссе жазу.
2 - топ: еліктеуіш сөздері бар мақал - мәтелдер жазып, жаттап келу.
3 - топ: еліктеуіш сөздері бар жұмбақтар жазып, жаттап келу.
3 - әрекет. Топқа бөлу
• «Жемістер таңдау» әдісімен сынып оқушыларын топқа бөлу (2 минут) (1, 2, 5, 6, 7 - модуль)
1 - топ Алма
2 - топ Мандарин
3 - топ Банан
4 - әрекет.
Теориясы Оқу тапсырмалары Уақыты
4 - әрекет.
«Білу»
Кім? Не?
Қашан? Қайда?
«Миға шабуыл» әдісі Еліктеу сөз деген не? Еліктеу сөздер топқа бөлінеді ме? Неге байланысты? Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
Еліктеуіш сөздер қалай пайда болады?
Балалар жауабын тыңдап болған соң, интербелсенді тақтадан кестені көрсетіп, мысалдар келтіру
5 минут
5 - әрекет.
«Түсіну»
Неге?
Неліктен?
Не үшін? 1 - топ
Етістіктерге тиісті еліктеуіш сөздер тауып, байланыстыр.
Сынды, ұйықтау, шайнау, секіру, күлу, жүру,
2 - топ
Берілген еліктеу сөздерді етістіктермен тіркестір.
Бұрқ - сарқ, сатыр - сұтыр, шиқ - шиқ, зу - зу, зыр - зыр, гүрс, сарт - сұрт, қытыр - қытыр
3 - топ
Қатты қорыққан кездегі қозғалыс(селк)
Қазанның жай қайнауы(бүлк)
Жіңішке дауыстың естілуі(шіңк)
Жөтелдің түрі(күрк)
Тамшының дыбысы(тырс)
Күлкінің түрі(кеңк)
Қасыңнан бірнәрсе тез өте шықты(зу)
5 минут
6 - әрекет.
«Қолдану»
Тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындау
Берілген еліктеуіш сөздерді қолдана отырып сөйлем құрастыру.
Шарт - шұрт, бұрқ - бұрқ, сақ - сақ, сылқ - сылқ, дүңк - дүңк, күтір - күтір
5минут
7 - әрекет.
«Талдау»
Басқа сөз таптарымен салыстыра отырып айырмашылығын табу Берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасау, еліктеуіш сөздерді ажырату.
1. Ол кірпігін қағып еді, жасқа толған жанарынан жас тамшылары тыр - тырс тамды.
2. Ерке бұлақ кең далаға еркелей сылқ - сылқ ағып жатты.
3. Күмбір - күмбір төгілген домбыра күйіне қобыздың зарлы әуені қосылып, Айдынның денесі шымыр ете түсті.
5минут
8 - әрекет.
«Жинақтау»
Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау Сөйлейтін сандар
54-81-21-45-35-49-48-63-40
і ---т—е---к—л—ш—у—і--е
3*7= 5*9= 6*8=
7*5= 9*9= 7*9=
6*9= 8*5= 7*7=
5минут
9 - әрекет.
«Бағалау»
«Екі түрлі күнделік» әдісімен алған білімдерін жинақтап, бағалайды
Бүгінгі сабақта не білдім? Сабақтан алған әсерім
5 минут
10 - әрекет. Үй тапсырмасы.(2 минут)(2, 3, 5 - модульдер)
300 - жаттығу(Мәтінді көшіріп жазып, еліктеуіш сөздердің мағынасын ашу)
301 - жаттығу(Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазып келу)
11 - әрекет. Мұғалімнің бағалауы(1 минут)
Фишка тарата отырып, білімдерін бағалау
Қызыл фишка - «5»
Көк фишка - «4»
Сары фишка – «3»
Қара фишка - «2»
12 - әрекет. Рефлексия «Бағдаршам»(1 минут)
Еліктеуіш сөз
- Akjarkin
- 14 шілде 2014
- 17736
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еліктеуіш сөз
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру....Мен және табиғат. К дыбысы мен әрпі
Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айта алады. Өз білімдерін көрсете алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін талдай алады....Еліктеу сөздерді қайталау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...Еліктеуіш сөздер
Шығыс - Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерғазинова Оразкен Қойшыбекқызы...Еліктеу сөздер туралы түсінік
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы Аққұдық орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Уразтаева Асет Куандыковна....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.