Сайтқа кіру Тіркелу

Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың » өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен танысып, өлеңдерінің идеясын ашу, рухани - адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып, негізі түйінді таба білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарастарының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Ақынның өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ типі: Іздендіру сабағы
Әдіс - тәсіл: Түсіндіру, іздендіру, ой қорыту, БжС технологиясы ( сөздік қор, матрица )
Пәнаралық байланыс: әдеп, өзін - өзі тану, тарих, музыка
Сабақтың барысы
Кезеңдер: Ұйымдастыру Амандасу, сабаққа оқушылардың дайындықтарын анықтап, сынып даяр екендігін бақылау, және оқушыларды түгендеу
Үй тапсырмасын тексеру Үйге берілген ережелерді сұрау, жазған эссе жұмыстарын оқытып, бағалау
Жаңа тақырып: класстер әдісі арқылы түсінік беру, әрі оқушылардың өздері жазып, мұғалімнің көмегімен тиянақтайды Электрондық оқулығы арқылы видеороликті көрсетіп жаңа тақырыпқа ену
Сабақтың құрылымы:
1. Халқым деп өткен ел данасы
2. Өшпес мұратқа қызмет етер өлмес мұра
3. Шәкәрім мұрасы – мәңгілік шежіре
Шәкәрім Құдайбердиев - қазақ мәдениеті мен ғылымының көгінде өзінің жарқын жұлдызын қалдырған биік тұлға.
Ә. Тәжібаев
Шәкәрім – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, еңсесі биік ерекше тұлға. Ол – заманның озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері. Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң халық алдына қайта шыққан ұлы тұлғаларымыздың бірі Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. Шәкәрім әрі ақын, әрі тарихшы, философ, өз заманының үлкен ойшылы еді, қазақ әдебиетін жаңа белеске көтерген, қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңдерін түрлендіре түскен, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін бұрынғыдан әрмен танытқан бірегей қаламгер еді. Ол жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшысы Абайдың үлкен ағадан туған ізбасар інісі. Туыстық жөнінен ғана емес, ұстанған жолы тұрғысынан алып қарағанда да Абайға ең жақын адам еді. Қилы заманда оққа ұшқан ақынның есімі де жұртшылық санасынан аласталмақ болған еді. Бірақ «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» демекші өзі өлсе де аты өшпеген Шәкәрім атамыздың шығармалары әлі де жас ұрпақтың білім нәрін сусындатып келеді.
«Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із - белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
..... Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым.»
1. Оқушылар өздері ізденіп келген жұмыстарын бірнеше пәндермен біріктіріп қорғайды
2. Абай мен Шәкәрімді салыстыру
3. Борыш деген сөздің мағынасын ашу
4. «Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқу
5. Талдау
Кітаппен жұмыс Тақырыбының идеясын ашу
Өлең мазмұнына жоспар
«Адамдық борыш»
Мақал - мәтелдермен байланыстыру
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын
Жақсымын деп мақтанба, халық айтпай,
Батырмын деп баптанба, барып қайтпай
Білімдіден ақыл шығар,
Ақылды қарттан нақыл шығар.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Жігітке абыройдан айырылғанша,
Жанынан айырылғаны артық

Өздік жұмысы 1. Видеороликпен ашу
2. Шәкәрім өмірі
3. Шәкәрім туралы зерттеулері
4. Слайд
5. Шәкәрім мен Абайды салыстыру
6. Борыш деген сөздің мағынасын ашу
7. Өлеңді мәнерлеп оқу
8. Өлеңді кесте бойынша талдау
9. Сөздік жұмыс
10. Топқа бөлу
11. Коллаж жасау
12. Қазіргі кезде Шәкәрімнің әндерін Роза Рымбаева, Жанар Айжанова, Тамара Асар орындап жүр.
13. Коллажды қорғау
Үйге тапсырма Өлең құрылысына талдау, тармақ, бунақ, буын, ұйқас түрлерін табу
Бағалау Жақсы қатысқан оқушыларды бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Ш.Құдайбердиев «Адамдық борышың»

Тақырыбы, айтар ойы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне ұқсайды? («Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай...
Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері

Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету. Оқушылардың Шәкәрім...
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны

Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны

Шәкәрім Құдайбердіұлы...
Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Шәкәрім Құдайбердіұлы Қарақалпақстан Республикасы, Мойнақ ауданы, Достық ауылы №18 қазақ орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×