Сайтқа кіру Тіркелу

Көксерек хикаяты

Сабақтың тақырыбы: М Әуезов «Көксерек» хикаяты. Көксерек – табиғаттың тағы перзенті
Сабақтың білімдік мақсаты: «Көксерек» хикаятындағы қасқырдың тағылық жолға түсу жолдарын суреттеудегі жазушының шеберлігін таныту
Сабақтың танымдық мақсаты: Жазушының аң мен адам арасындағы тартысын суреттеуі арқылы тіршілік үшін күрестің өте күрделі де қиын әрекет екенін дәлелдеу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
1. Табиғатты қорғай отырып, қасқырға деген көзқарасты қайта қарау;
2. Іскерлік, біліктілік қасиеттерін арттыру;
Сабақтың түрі сын тұрғысынан ойлау
Өткізу тәсілі Интерактивті
Пәнаралық байланыс: Бейнелеу өнері
Сабақтың көрнекілігі: Оқушылар салған суреттер, Мұғалім жасаған слайд
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Мағынаны тану
а) шығарманың компазициялық құрылысына талдау жасау
ә) Кубизм әдісі
б) Ғажайып шаршылар
ІҮ. Ой шақыру
Ү. Топтастыру стратегиясы
ҮІ. Тест
ҮІІ. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгін біз онлайн режимиінде «Көксерек» әңгімесі бойынша сабақ өткіземіз. Бұл сабаққа 7 «А» сынып оқушылары қатысып отыр.
Оқушылар екі топқа бөлінді.
1 - топ «Арлан», топ басшысы: Қожамұратова Балзия,
2 - топ - Көкжал, топ басшысы – Рахметов Думан. Әр топқа ұйымшылдықпен жұмыс істей отырып, бірін - бірі бағалап отыру тапсырылды. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі.
ІІ. Қызығушылықты ояту
Қай жазушының шығармасын алсақ та табиғат назардан тыс қалған емес. Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя, талбесігі. Табиғат дегеніміз айналадағы қоршаған орта. Біз оқып келген Көксерек те табиғаттың тағы перзенті. Олай болса табиғат туралы не айтуға болатынын әр топ жазады. Топтастыру стратегиясы бойынша топтастырады.
Табиғат
Табиғаттың тыныштығын бұзбау керек. Табиғаттағы барлық нәрселер өзіне жарасымды болып тұрады. Біз оқыған «Көксерек» әңгімесінде адамдар табиғатқа қиянат жасайды. Қасқыр да осы табиғаттың бір бөлшегі. Егер де біз осы табиғаттағы аң – құстарға қиянат жасасақ, табиғатқа көрік беріп тұрған барлық әсем нәрселерімізден айырыламыз.
ІІІ. Мағынаны тану
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан, бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі, олардың іс - әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі, яғни сюжеті Көксерек іс - әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.
а) 1. Оқиға қалай басталған еді?- Қараадыр қасқырлар мекені. Тағылар тірлігі.
2. Байланысы - Адамдар шабуылы. Бөлтіріктер тағдыры. Қаталдық.
3. Дамуы – Бөлтіріктің Көксерек атануы. Оның адамдардан көрген жәбірі.
4. Шарықтау шегі – Көксерек және Құрмаш. Сәбидің таза көңілі, мейірімі
5. Шиеленісуі - Көксеректің ауылдан кетуі. Ұяластарымен тез табысуы.
Тағылардың тағылық істері.
1. Шешімі – Құрмаштың қазасы. Көксеректің жазасын тартуы. Әже зары.
Міне, негізгі оқиғасы да есімізге түсті.
ә) Кубизм
Кубизм әдісі бойынша әр топ кубиктің көрініп тұрған қырындағы тапсырманы таңдап, орындайды.
1) Суреттеңіз
2) Қолданыңыз
3) Салыстырыңыз

топ – суреттеңіз Көксеректің биологиялық өсуін суреттеңіз
ІІ топ – қолданыңыз «Көксерек» сөзін қолданып «Бес жолды өлең» құраңыз
І топ - Әңгіме бойынша Көксеректің ауылдағы өмірі мен тағылық өмірін салыстыр
ІІ топ - Дала тағылары мен адамдар іс - әрекетіндегі айырмашылық
Б) Ғажайып шаршылар
Екі топ оқушылары кезек шығып, интерактивті тақтаның қаламымен түртіп, өзінің таңдаған ұпайы бар сұраққа жауап береді.
Сол жақтағы 20
М. Әуезовтің “Көксерек” әңгімесінің тақырыбын таңдап алуының себебін жазушының жұбайы Валентина Әуезова қалай деп еске алады?
Оң жақтағы 20
1 - бөлімде Қараадыр сайы суреттеледі. Қарағанның ортасында терең құз жар бар. Соның бас жағында, итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Ол қандай ін?
Сол жақтағы 30
Ертеңінде түсте жат иіс шықты. Алыста дабырлаған дауыстар естілді. Ін үстіне дүбірлетіп келді, айқай молайды. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Бұл дүбір кімдердікі еді? Олар не істеді?
Оң жақтағы 30
Күздің қара суығында Көксерек тағы да жоқ болып кетті. Бұл жолғысы шын болды. Енді қайтып оралмады. Не себепті оралмады? Ол алғаш өзінің түз тағысы екенін қайдан сезді?
Сол жақтағы 40
Бір күні Көксерек қара ала төбетке майдан берді. Қара ала төбеттің иесі кім ед? Ол жаз бойы Құрмаштың не деп мазасын алды?
Оң жақтағы 40
Қасеннің Аққасқа иті бар. Оны баптап қасқырға, түлкіге қоспақ ниеті бар болатын. Сол Аққасқаның дене бітімі қалай суреттелген?
ІҮ. Ой шақыру
а) Құрмаштың өліміне Көксерек кінәлі ме?
Екі топ ұжым болып кезек жауап беріп, әр топ өз пікірін дәлелдеп қорғап шығуы керек.
ІҮ. Топтастыру стратегиясы.
Көксерек
• Енді осы талқылап жатқан әңгімеміздің негізгі көтерген мәселесі, идеясы қандай екен, соған біршама ой жіберейік. Ол үшін барлығымыз дәптерімізді ашып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашамыз.
• І топ. “Көксерек” әңгімесінің тақырыбы мен идеясына талдау жаса
• ІІ топ. "Көксерек" әңгімесінің тақырыбы мен идеясын ашатын мақалды тап.
Тест
1) М. Әуезовтің туған күні
А) 20 қазан
В) 14 наурыз
С) 28 қыркүйек
Д) 19 тамыз
Е) 30 қаңтар
2) Абай дүниеден өткенде Мұхтар неше жаста болды?
А) он үште
В) жетіде
С) сегізде
Д) Алтыда
Е) тоғызда
3) «Көксерек» қандай жанр?
А) әңгіме
В) драма
С) роман
Д) комедия
Е) жыр
4) «Көксерек» әңгімесі нешінші жылы жазылған?
А) 1925
В) 1928
С) 1926
Д) 1929
Е) 1927
5) "Тұкымын сезген екен жүзіқара, қой балам, бұны өлтіріп терісін алу керек" кімнің сөзі?
А) Әжесінің
В) досының
С) ауыл адамдарының
Д) ешкімнің
Е) Қасеннің
6) Мұхтардың Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер ұлы кім?
А) Оспан
В) Тұрар
С) Әбіш
Д) Абай
Е) Мұрат
Қорытынды:
Қымбатты балалар, сабағымызды табиғатпен бастап едік, табиғатпен аяқтайық. Жер - бәріміздің ортақ үйіміз. Ол аңға да, адамға да жетеді. сыйысып, сыйласып, тату өмір сүрейік. Болашақта еліміздің ертеңін ойлар осындай күрделі мәселелерді шеше алатын азамат болып өседі деп сенім білдіремін.!
Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!
Үйге тапсырма:
1. 2 - 3 абзац үзінді жаттау:
2. «Қасқыр неге ұлиды?» (ертегі не әңгіме жазу):
3. Қасқыр туралы естіген, білгендерін жинау
4. Монологты аяқтау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Жазушының табиғат пен адамдар тағдырын қатар суреттеген «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің...
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы...
М. Әуезовтың  Көксерек әңгімесі

М. Әуезовтың Көксерек әңгімесі

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жүрментаева...
Бала Мұхтар мен Абай

Бала Мұхтар мен Абай

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қ.Пірімов атындағы ауылы, №103 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тоқсанбаева Биғанша 2 сынып Сабақтың тақырыбы:...
Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесі

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×