Сайтқа кіру Тіркелу

Сөзжасамнан өткенді еске түсіру

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөзжасам тарауын қайталай отырып, сөзжасам туралы жалпы мағлұмат беру, сөзжасамның жасалу жолдарынан алған білімдерін пысықтау, мысалдар арқылы дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Тақырыпты жүйелі түрде, ғылыми негізде меңгере білу дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық қабілетін, ойлау қабілетін, қиялдарын дамыту, ой қорытып, нақты шешім жасауға үйретіп, өздеріне сенімдерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тілдік - эстетикалық сезімге тәрбиелеу. Ұшқырлыққа, алғырлыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың типі: Игерілген білімді пысықтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, сызбалар, үлестірмелі қағаздар, киіз үй макеті, ұлттық нақыштағы оюлы себет.
Пәнаралық байланыс: халықтық педагогика, психология, әдебиет, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу; оқушыларды түгелдеу, сабаққа зейінін аудару.
− Сабақ сайыс түрінде өтеді, сондықтан да мен сендерді үш топқа бөлдім: Түбір, жалғау, жұрнақ. Сендерді бағалау үшін мына геометриялық фигураларды қолданамын: шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
33 - жаттығу. Берілген омонимдерді қатыстыра отырып сөйлем құраңдар.
Бас − зат есім.
Бас − етістік.
Жаз − зат есім.
Жаз − етістік.
Ара − зат есім.
Ара − зат есім.
Жауап берген оқушыларға жауабына сай гоеметриялық фигуралардың бірін үлестіремін.
ІІІ. Өткен сабақты пысықтау. Сөзжасамнан өткенді еске түсіру.
«Өзіміз ана тілімізде сөйлемейінше, өзге ешкім де бұл тілді шындап құрметтей қоймайтынын түсінуге тиіспіз»
(Н. Ә. Назарбаев)
Сөзжасам дегеніміз жаңа сөздердің жасалуы. Ойла дегенде ой деген сөзге – ла қосымшасы жалғану арқылы ойлау іс - әрекетті білдіретін жаңа сөз (ойла) жасалған. Мал деген сөзге – шы қосымшасы жалғану арқылы малды бағатын адам мәніндегі жаңа мағыналы сөз (малшы) жасалған. Бес және атар деген екі сөздің бірігуінен жаңа мағыналы бесатар сөзі жасалған, ол − мылтықтың аты.
Кәрі және жас деген сөздердің қосарлануы арқылы (кәрі - жас) бүкіл жұртшылық дегенді білдіретін жаңа мағыналы сөз жасалған.
Қазақ тіліндегі сөздер түбір сөздер және туынды сөздер болып бөлінеді. Жоғарыда келтірілген мысалдар − туынды сөздер. Жаңа сөз тудырудың бірнеше тәсілі бар: жұрнақ арқылы, екі сөзді біріктіру арқылы, екі сөзді қосарлау арқылы, екі сөзді тіркестіру арқылы жасалады. Ал түбір сөзге сөздің бастапқы мағынасы жатады: ой, мал, бес, ат, кәрі, жас.
Кейде екі сөз қосарланып, бір лексикалық мағына береді. Мұндай сөздерді қос сөздер деп атайды. Қос сөздің сыңарлары мағыналық жағынан байланысы бар, бір тектес заттардың аттарынан, синоним сөздерден, кейде антоним сөздерден де жасалады. Мысалы: үлкен - кіші, жақсы - жаман, алыс - жақын.
Екі я одан да көп сөзден бірігіп, жаңа лексикалық мағына беретін сөздер жасалады. Мысалы: Ақтөбе, көкқұтан, қарақұрт, Үштөбе, Сырдария, тасбақа, Болатбек. Бұлар тіл білімінде біріккен сөздер деп аталады.
Тіркесу жолымен жасалған сөздер екі не одан да көп сөзден құралып, бір екпінмен айтылып, бір ғана лексикалық мағынаны білдіреді. Мысалы: он алты, ғарыш кемесі, алма ағашы, күн сәулесі, темір жол, келіп кет. Мұндай күрделі сөздердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
Күрделі атауладың белгілі тәсілмен қысқартылып алынуын қысқарған сөздер дейді. Күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркесінен құралғандықтан қысқартылып та қолданыла береді. Мысалы: БАҚ, ТУ - 154, см, т, га, ц, қ., т. б.
Сөздер
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
1. Түбір, негізгі сөз (дана, ой)
2. Туынды сөз - қосымшалы сөз (дана+лық+қа, ой+лы) 1. Дара сөз (әке, даналықты, ойлылыққа, т. б.)
2. Күрделі сөздер:
1) Қос сөз (әкелі - балалы, ағайын - туыс, т. б.)
2) Біріккен сөз (Ақмола, сөйтіп, т. б.)
3) Қысқарған сөз (ЖАҚ - жабық акционерлік қоғам, ТЖО - техникалық жөндеу орталығы, т. б.)
4) Тіркесті сөз (он бес, тіл білімі, қызыл шырайлы, оқып отыр, ала жаздай, мектепке дейін, т. б.)
Қосымша
Жұрнақ
1. Сөз тудырушы ^ (тарих+и, көшпе+нді)
2. Сөз түрлендіруші ˇ (жаз+ып, жаз+ған, үлкен+ірек, бес+інші) Жалғау □
1. Көптік (оқушы+лар)
2. Септік (оқушы+ның, оқушы+ға, т. б)
3. Жіктік (оқушы+мын, оқушы+сыз, т. б.)
4. Тәуелдік (оқушы+м, оқушы+ң, т. б.)
IV. Оқулықпен жұмыс.
36 - жаттығу. Жоғарыдағы сызбаны еске ала отырып, мысал келтіріңдер.
Үлгі:
Дара сөз Күрделі сөз
Түбір сөз Туынды сөз Қос сөз Біріккен сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз
Шешен Шешен+дік Ағалы - інілі Айнұр, Нұрай Ұжымшар, ҰБТ, ТКТ Дайындалып отыр, он бес, өте кең.
37 - жаттығу. Түбір мен қосымшасын бөліп көрсетіңдер.
Ел, елші, елу, елім, көр, көрші, көйлек, көйлекшең.
V. «Ұлағат» ойыны.
Шарты: Үш топтан кезек - кезегімен үш оқушыдан шығып, киіз үй қобдишасынан үлестірмелі қағаздар алып, сұрақтарға жауап береді.
1. Сөзжасам дегеніміз не?
2. Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді?
3. Дара сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
4. Күрделі сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
5. Күрделі сөздер жасалу жолына қарай нешеге бөлінеді?
6. Біріккен сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
7. Қос сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
8. Қысқарған сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.
9. Тіркескен сөздер дегеніміз не? Мысал келтір.

VI. Шығармашылық жұмыс.
Ұлттық нақыштағы оюлы себетте 3 мәтін бар. Сол мәтінді оқып шығып, ішінен күрделі сөздерді тауып, семантикалық картаны толтырамыз.
№1 мәтін.
Жәндіктердің ең улысы және қауіптісі – қарақұрт. Ол шөл және шөлейт жерлерде, сай - жыраларда, адырлы жоталарда, жусанды жерлерде көп болады. Қарақұрт үйге кіріп, төсек - орынға тығылады да, жанасқанды шағып алады. Шаққаны бірден сезілмейді, еш жерің ауырмайды. Біраз уақыт өткеннен кейін денеге уы жайылады да, адам есінен танады.
Қарақұрт шаққанын білген заматта, шаққан жерді сіріңкемен күйдіру керек. Уы тістеген жерден 0, 5 миллиметрден әрі сіңбейді.
Егер жиырма - отыз минуттай кешіксе, у адамның денесіне тарап кетеді де, бұл әдістің әсері болмайды. Қарақұрттың уы – май тәрізді еритін сұйықтық. Оны алпыс градусқа дейін қыздырса, уытын жояды.
(«Жыл он екі ай» кітабынан)
№2 мәтін.
Сағындырған туған жер.
Анау көрініп тұрған төскейдің сай - саласы, бие бауы, ауыл қонысы, қой өрісі − барлығы да соншалық таныс, жақын. Тіпті былтыр боқырауда, күзеу үстінде, қалаға оқуға кеткенде дәл осы қоныстан, Есембайдан кеткен болатын. Сонда тайға шапқан, асық ойнаған, құрбы балалармен жаяу жарыс жасап, асыр салған ең соңғы бір ыстық қоныс осы болатын. Қыс бойы ауылды, елді сағынғанда есінен кетпейтін соңғы күндері дәл осы Есембайда өткен....
Жазықсыз сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке мұнарланады... Сол даладан көз алмай, тоя алмай, үнсіз телміріп, ұзақ - ұзақ қарайды. «... Тіпті қойныңа тыққан ұры - мұрыңмен де жатсың, бөтенсің демеймін» деп қараған сияқты.... Жер ошақтардан шыққан түтіндері де біріне - бірі қосылып ұласып, тұтасқан көкшіл мұнардай тарайды.
(М. Әуезов)
№3 мәтін.
Үй ішіне еркек - әйел, ауыл адамдары сыймай кетті. Шашу шашқан әйел −Сақыш. Сақыш − Дінасылдың өзі әперген Әуездің екінші әйелі. Арынбек, Қасымбек, Ағзам, Ахметтің шешесі. Сақыш − орта бойлы қара сұр әйел.. Жасы қырықтың жуан ортасынан асып қалғанымен, жүріс - тұрысы жинақы, келін - балаларына қысқа - қысқа әмір ете жүріп, үйдегі бар жұмысты басқаруға кірісті.
Шашу шашылып, ду - дүрмек молайған кезде де Мұхтар момын, сылбырлау күйінен өзгере қойған жоқ. Тек шашу шашылып болған соң өзін ұшықтаған әжесіне:
−Әже, мен ауырған жоқпын ғой, неге ұшықтайсың?
−Ой, шіркін, сен не білесің?! Абай атаңды аузыңнан тастамасаң, ол жебеп, демеп жүреді.
Қасымбектің осы сапарда қаладан алып келген сөмкесін қолына ұстап, әжесінің үйретуі бойынша оң аяғымен табалдырықтан аттады. Осы бір сәтті қадағалап тұрған әжесі:
−Бісміллә! − деп баласының соңынан ілесе шықты.
(Қ. Оразалин)
Семантикалық карта
Күрделі сөз
Қос сөз Біріккен сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз
VII. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Оқушылар жинаған геометриялық фигураларына байланысты бағаланады.
VIIІ. Үйге тапсырма.
1. 41 - жаттығу. Мәтіннен сөзжасамға екі топқа бөлініп, 1 – топ жұрнағы бар, 2 – топ жалғауы бар сөздерді жазыңдар.
2. Күрделі сөздерді қатыстырып, «Мемлекеттік рәміздер» тақырыбында шығарма жазу.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×