Сайтқа кіру Тіркелу

Көктем

Тақырыбы: Көктем. Үстеу.
Мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға үстеу туралы түсінік беру, құрамдық және мағыналық түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: көру, есту, ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал ету..
Тәрбиелік: Оқушылардың қазақ тілі сабағына деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, сонымен қатар оларды адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сөздік, тірек сөздер,
Сабақтың көрнекілігі: «Көктем» суреті, сызба, әртүрлі кеспе қағаздары, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу
Ә) Түгелдеу
2) Кезекшімен сұхбат.
3) Психологиялық дайындық.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Үй жұмысын тексеру.
Жаңа сабақ
Үстеу – іс - әрекеттің белгісін (орнын, мезгілін, амалын, мақсат - себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп тұрады.
Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын - қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп - салдар үстеуі.
Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, жазғытұрым келеді, т. б.
Мекен үстеуі іс - әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды - артынан орады, әрі - бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т. б.
Сын - қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын - қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін - еркін отырды.
Сын - қимыл үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама - шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама - шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама - шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.
Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс - әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т. б.
Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі, т. б.
Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.
Мақсат үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т. б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т. б.
Себеп - салдар үстеуі қимылдың, іс - әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп - салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т. б.
Көктем – жылдың төрт мезгілінің бірі. Көктем наурыз, сәуір, мамыр айларын қамтиды. Қыс мезгілінен кейін келетін жазға дейінгі кезең.
Көтеріп жасыл туын көктем келді,
Деміне маужыратып көк пен жерді.
Қарлы тау қаһарлана қараса да,
- Етегін гүлге бөлеп өрнектеді.
- Иә, балалар, көктемнің алғашқы айы – наурыз. Ең тамаша ай. Наурызда күн жылына бастайды. Қар ериді. Жыл құстары келе бастайды. Гүлдер гүлдейді. Ағаштар бүршік жарады. Көктем – жылдың ең әдемі мезгілі.
- Балалар, қандай гүлдерді, құстарды білесіңдер?
- Қарлығаш, қараторғай, бұлбұл, тырна.
- Бәйшешек, қызғалдақ, бақбақ, інжігүл.
- Көктемде адамдар не істейді?
- Диқандар жер жыртып, егін егеді. Бау - бақшаға жеміс ағаштарын отырғызады.
Сурет бойынша жұмыс.
Көктем.
Көктем келді. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктемде жер күндіз жібиді, кешке қатады. Өзендерде сең жүре бастайды. Наурыз айында күн көбінесе бұлтты болады. Ағаш бұтақтарында бүршіктер пайда болады. Жыл құстары келе бастайды. Жер беті гүл - бәйшешекке бөленеді.
Көктемде шаруа жұмыстары басталады. Бақшада егін егіледі, мал төлдейді. Көктем мезгілі сондай тамаша!
Оқулықпен жұмыс
Кесте бойынша жаңа сөздерді қатыстырып, диалог құраңдар және өзара сөйлесіңдер.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×