Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңді мәнерлеп оқу, түлік төлден өсетінін, төрт түлік малдың адамға тигізер пайдасы, төрт түліктің өсу ретіне қарай аталуын білу. Төрт түлікті не үшін асырайтынымызды білу.
Тәрбиелік: Төрт түлік малды, оларды бағатын адамдарды білу. Төлдерді қалай шақыратынымызды білу.
Дамытушылық: Ұлттық тәрбие дәстүрінде тәрбиелеу, келер ұрпақты еңбекке, өнер - білім машықтарын меңгеруге, елінің ар - намысын қорғауға баулып, ізгілік адамгершілік қасиеттерді бойына қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: «Қыс мезгілі» сурет. Тапсырманы тексеруге жазылған жоспары, «Асық» ойынын ойнау үшін асықтар, «Ребус» шешу. Асқар Тоқмағамбетов, Жазылбек Қуанышбаев, Ә. Дүйсенбеков, төрт - түлік мал суреттері. Жарысқа арналған суреттер, аттар. Өріс суреті, төрт - түлік малдар, карточкалар. Түліктердің өсу ретімен жазылған плакат, жалаушалар.
Сабақтың барысы: Төрт түліктен алынатын тағамдар түрлері.
І - Ұйымдастыру кезінде оқушылардың назары сабаққа аударылып, бүгінгі сабағымыз қызықты өтуі үшін, сабағымыз «Бәйге жарысы» түрінде өтетіні. Ол үшін кешегі сабақтағы тапсырма бойынша, әрбір командаға тапсырма бекітілген болатын. Ана тілінен өтіп жатқан тарауымыздағы тақырыптарға байланысты әр команда «Бәйге жарысына» өздерінің бір - бір аттарын дайындап, ұрандарын дайындап келу тапсырылған болатын. Дайындап келген болсақ, әр команда өз аттарының аты мен ұранын таныстырып өтіңіз.
Ал жарыстың қорытындысын «Бәйге жарысынан» озып келген аттарымыз көрсетеді. Олай болса
I кезең Білімді тексеру жалпы сұрақ.
- Балалар ана тілінен қандай тарауды өтіп жатырмыз:
- Қысқы табиғат пен адамдар немесе қысқы тіршілік.
- Қазақ тілінде ай аттарын кім атап береді?
Қаңтар, ақпан, наурыз, көкек, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан.
- Қыс мезгілінің айларын кім атайды.
- Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
- Олай болса қыс мезгіліне байланысты айтылған, білетін мақал - мәтелдерімізді, жұмбақтарымызды айтып көрейік.
Мақал - мәтелдер:
«Қыстың көзі - қырау»
«Қыстың қамын жаз ойла»
«Жылыда жинақталмаған суықта қымтана алмайды», т. б. жұмбақтардан не білесің?
1. Табаныма байладым,
қос таяқпен айдадым. (шаңғы).
2. Таусылмайтын ақ мақта қысы,
жазы тау жақта. (қар).
3. Тоңғақты таниды,
Беті - қолын қариды. (аяз).
Қыс мезгіліне байланысты ауа райы туралы, халық болжамдары туралы не білеміз.
1. Егер қыста бұрқасын жиі болса, жазда жауын - шашын мол болады.
2. Күн құлақтанса, ертеңінде аяз болады.
3. Егер өзендегі мұз түнде бұзылса, астық мол болады.
Жазып дайындап келген жаңылтпашты тақтаға іліп, хормен оқытып, жеке оқушылардан жатқа сұрау. Бізде билей алатындар да бар. Ән сала алатындар да бар.
Мал санай алатындар да бар. Нан санай алатындар да бар.
Оқушылардың айтқан жұмбақ, жаңылтпаштарын, мақал - мәтелдерін қорыта келіп, тағыда көптеген мақал - мәтел, жұмбақтар жаттап, болжамның дұрыс не бұрыстығына көз жеткізу тапсырылды.
Қысқы тіршілік туралы оқушылардың алған білімдерін бағалап, 3 бойдың аттарын (жеңіске жеткендерін) ілгері жылжыту.
II кезең Үй тапсырмасын тексеру. 1. Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» әңгімесін оқып, мазмұнын түсініп келу.
а) Мәтінді үш бөлімге бөліп, әр бөлім бойынша III қатардан сұралады. ә) Шоманның жұмыстан босап, шопан болуға бел байлауы.
б) Даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың Шоманның отауына келуі.
в) Шоманның ел құрметіне бөленуі.
2. Асық ойынын ойнау арқылы үй тапсырмасын қорытындылау.
№ 1 асық
Жазылбек Қуанышбаев кім?
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» әңгімесінде кім туралы айтылып
Отыр...
Қойды жазда бағу мен қыста бағудың арасында қандай айырмашылық бар? Салыстыр.
Қойды не үшін өсіреді? Оның адамға келтіретін пайдасың санамалап айтып бер. «Боранмен жекпе - жек» әңгімесінде не туралы әңгімелейді.
№ 2 асық
Қой сүтінен қандай тағамдар жасалады? Қой жүнінен жасалатын заттарды ата.
№ 3 асық
Қос деген не? Жылқы етінің қасиеті қандай? Жылқының адамға пайдасы туралы айтып беріңіз.
№ 4 асық
Төрт түліктің пірлерін ата.
Жауабы: жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр атасы - Зеңгі баба
Түйе атасы - Ойсыл қара
Қой атасы - Шопан ата
Ешкінің иесі - Сексек ата
№ 5 асық
Мына жұмбақтын шешуін ата.
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған,
Қозысынан айырылса Қоймай ұзақ аңыраған.
Аппақ қою сүті бар, Ақ шағала құрты бар. - Бұл не?
(қой)
№ 6 асық
Үй тапсырмасын қорытындылап, жеңіп шыққан команданың аттары тағы бір қадам алға жылжиды.
(Боз жорға биі).
№ 7 асық
- Балалар маған мына ребусты шешуге көмектесіп жіберіңіз. Ребус шешіледі.
«Түлік туралы сабақ»
- Ендеше бүгін біз А. Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңімен танысамыз.
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің
Белден асьп, алдыңнан бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме, жүре бергің!
Білім алу жайында жазылған бұл өлеңнің авторы - қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі белгілі ақын, атақты сатирик Асқар Тоқмағамбетов.
Болашақ ақын ата 1905ж. қазіргі Қызылорда облысының Тереңөзек
ауданында кедей жанұясында дүниеге келген. Октябрь революциясына дейін ауыл молдасынан аздап ескіше хат таныған талапты бала Совет дәуірінде Ташкент пен Москва қалаларында оқып білім алады. Асқар ақындық өнерге жастайынан қызыға беріліп, ауылда ақындар айтысынада түседі. Әзіл - қалжың, шымшыма өлеңдер шығара бастайды. Бұған қисса кітаптарды көп жинап, аздап өлең де шығарған өз әкесінің және сыр бойының ақындық ортасының игі әсері болады. Ал бұдан кейін орыс және қазақ әдебиеті классиктерінен үйреніп үлкен ақындық өріс табады.
Асқар Тоқмағамбетовтың поэмаларының ішінде «Алыптар туралы ертегі» атты дастаны балаларға арналған елеулі шығарма. Өздеріңіз оқыған «Бидай мен қаңбақ» атты мысалы өлеңі мен басқа да сан алуан шығармаларын кейін өздеріңіз рақаттана оқисыңдар әлі.
- Олай болса бүгін біз Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңін оқимыз.
Мақал - мәтелдердің мағынасына зер салып қарасақ «Рахаты мен бейнеті» мол мал шаруашылығымен атам қазақ бұрынғы өткен заманнан бері қарай текке айналысып келе жатқан жоқ екен. Төрт түлік мал - жесең тамақ, ішсең сусын шұбаты мен қымызы ауырған адамға мыңда бір ем, мінсең көлік жүні мен терісі үстімізге киетін киім, сондықтан да төрт түлік малды асыраудың бейнеті мол болса да, рахаты мен пайдасы оның көл - көсір екен. Төрт түлік малды асыраудың қиындығы, оның адамға тигізетін пайдасы, олардың қалай аталатыны, төлдері, пірлері туралы біз сабақтарымызда, сынып сағаттарымызда талай айтып, мақал - мәтел жаттап, жұмбақтар шешіп, өлеңдер айттық. Оны бұрыннан білеміз. Енді біз бүгінгі Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» өлеңінде төрт түлік малдың өсу ретімен танысамыз. Өлеңде өзіміз сияқты қалада тұратын Болат, Марат, Мұрат сияқты окушылардың қойдың, ешкінің, сиырдың, түйе мен жылқының өсу ретін білмек болып, өз ойларын ортаға салып таласуы туралы сөз болады. Ақыр аяғында үшеуі жобалап, өз білетіндерін ортаға салады, бірақта өзіміз сияқты аяғына дейін білмей бірі шешесінен, бірі әкесінен білмек болып үйлеріне тарасады. Енді алдағы уақытта төрт түлік малдың өсу ретін бізде сол балалар сияқты біліп жүруіміз үшін мына жазылғандарға назар аударайық. Оқылады.
Қойды қозыдан, ешкіні лақтан, сиырды бұзаудан, жылқыны құлыннан, түйені ботадан бастап айтып беру: өсу ретімен.
1. Жақсы оқитын бір оқушыға өлеңді мәнерлеп оқыту.
2. Оқушыларға өлеңді бөліп - бөліп түгел оқытылады.
3. Өлеңнен түсінгендерін байқау.
а) Өлеңде кімдер деген балалар қатысып отыр. Олар түліктің өсу ретін аяғына дейін біліппе, білмесе кімнен сұрамақ болып тырысады?
ә) Қозы, лақ, бұзау, құлын, боталардың жалпы аты қалай.
б) Өлең неліктен «Түлік туралы»
Сиыр бұзауымен:
Тілімен мұрынын жалаған,
Тілімен бойын тараған,
Көкке мұрынын шүйіріп,
Көз төңкеріп қараған Зеңгі баба өсірген Әукешім менің қайдасың? - Аухау, аухау!
Түйе ботасымен:
Екі көзі танадай.
Екі өркеші баладай,
Елпеңдеген ойнақтап,
Енесіне қарамай
Ойсыл қара баласы —
Ботақаным қайдасың?
- Көс, көс!
Уақыт қалып жатса төрт түлік туралы мақал - мәтел өлең, тақпақтарын айтқызу.
IX кезең. Қорытындылау оқушыларды бағалау, жеңіп шыққан командаға ту тапсырылады.
X кезең Тапсырма: Түлік туралы сабақты мәнерлеп оқу.
Төлдердің өсу ретін жаттап алу.
XI кезең Төрт түлік малдан жасалатын, алынатын тағамдарды теріп жазып келу. Сабақ неліктен Төрт түлік деп аталып отыр.
XII кезең. Дәптермен жұмыс.
1) Тақырыпты күннің жадысын жазу.
2) Төлдердің өсу ретін дәптеріне жазып алу тапсырылады.
XIII кезең. Сабақты қорытындылау мақсатында
«Малдарымызды өрістен жинайық» ойыны ойналады.
Ойынның мақсаты: Өрісте жайылып жүрген малдарды атымен атап шақырып жинап алу.
Қойдың суреті(қозысымен)
Қой баласы - қоңырым Қойдай жуас момыным.
Шопан ата түлегі - Қошақаным қайдасың? - Пұшайт, пұшайт!
Ешкінің суреті (лағымен) Жауын жауса бақырған. Ешкі атасын шақырған,
Өрісте өскен жануар, Шөкетайым қайдасың? Шөре, шөре!
Жылқының суреті (құлынымен)
Жолға шықсам - көлігім, Жапанда жүрсем - серігім, Қамбар ата өсірген Құлыным менің қайдасын!
Құру, құру!
Түлік туралы сабақ.
- Люция
- 21 ақпан 2014
- 11211
- 0
- 0
Ілмек сөздер: бастауыш сынып, төрт түлік мал
Ұқсас жаңалықтар:
Төрт түлік мал
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №2 "Айгөлек" балабақша әдіскері Жалмагамбетова Кунасыл Исламовна...Асқар Тоқмағанбетов "Түлік"
Ы. Алтынсарин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Екейбаева А. З...Түлік туралы сабақ
Рудный қаласы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:Жаңабай Анар Ғалымқызы...Төрт түлік
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып,...Тұрмыс салт жырлары тест
Қазақ әдебиеті 5 сынып 1 тоқсан. Тұрмыс салт жырлары тест 1. Фольклор дегеніміз - не ? а) халық даналығы б) ауыз әдебиеті в) жазба әдебиеті...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.