Сайтқа кіру Тіркелу

Тілімде менің сыры терең жаным бар

Тақырыбы: "Тілімде менің сыры терең жаным бар"
Мақсаты:
- Жас жеткіншектер бойына халқының қадір - қасиетін сіңіртіп, өз ана тілін жетік меңгертіп, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушыларға еліміздің елдігін танытатын оның өшпес тілі екендігін ұғындырып, оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру, ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал ету, тіліміздің қадір - қасиетін бойларына дарыту;
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
"Қазақ тілі - рухани байлығымыздың қайнар көзі" деп бекер айтылмаған. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған барлығымыз үлес қосуымыз керек. Ол үшін ана тіліміздің қадір - қасиетін біліп, дәріптеп, насихаттауымыз керек. Ендеше қазақ тілінің байлығына, икемділігіне, орамын тауып, қисынын келтіріп пайдалансаң, тұп - тура бал таматынынына ешкімнің күмәні болмас. Елбасы өз жолдауында "Ұлттық тіл - қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші құрал" деп баса көрсеткен болатын. Олай болса біз сендерге үлкен сенім артып, сәттілік тілейміз.
І - жүргізуші:
Ана тілім - әрекетім азығы,
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой - санамның өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге әз үні,- дей келе "Тілден терең теңіз жоқ" атты 7 - сынып оқушыларының арасында өтетін топтық жарысқа қош келдіңіздер демекпіз!
ІІ - жүргізуші:
Сүйсіндірсін сіздерді,
Өнерлері өреннің.
Білімге қол созатын,
Шақырамыз ортаға
"Тіл жанашыры", " Білімділер" топтарын.
І - жүргізуші: Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Олай болса, бар қазақтың рухын көтеретін "Атамекен" әнін асқақтата шырқайық!
ІІ - жүргізуші:
Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.
І - жүргізуші:
Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген екі топ кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз.
ІІ - жүргізуші: Келесі бөліміміз "Біліміңді байқап көр" деп аталады. Жарыс шарты бойынша әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа дәл, толық, ойланбай жауап беруі ескеріледі. Өйткені сұрақтар өтілген тақырыптар бойынша қойылмақ. Олай болса, іске сәт.
І топ:
1. Зат есімнің түрленуі.
2. Оңаша, ортақ тәуелдену дегеніміз не?
3. Анықтауыштың сұрақтарын ата.
4. Күшейтпелі шырай дегеніміз не?
5. Есімдік мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?/7/
6. Етістің түрлерін ата
7. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
8. Салыстырмалы шырайға мысал келтір.
9. Ауылыма сөзі септелудің қай түрі?
10. Пысықтауыштың сұрақтарын ата.
ІІ топ:
1. Жай септеу, тәуелді септеу дегеніміз не?
2. Толықтауыштың сұрақтарын ата.
3. Сын есімнің шырайы дегеніміз не?
4. Салыстырмалы шырай дегеніміз не?
5. Күшейтпелі шырайдың жасалу жолдары.
6. Сан есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?/6/
7. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата.
8. Күшейтпелі шырайға мысал келтір.
9. Жұрнақ түрлерін ата.
10. Есімдікке мысал келтір.
І - жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөліміне де келіп жеттік. Бұл бөлім "Аталы сөзге тоқтаған қазақ деген халықпыз" деп аталады. Екі топ сөз құдіретін көрсететін, тілдің ұлылығын көрсететін көрініс сомдауы тиіс.
ІІ - жүргізуші:
Кейінгі ұрпақ жырларын жаттап қанықты,
Үлгі тұтып бәйтеректей сан алыпты.
Көкірегі ояу, сезімді ұрпақ қайдасың,
Өлеңдер оқып, өзіңді - өзің танытшы.
І - жүргізуші: Бұл бөлімде екі топ мәнерлеп оқу және жатқа оқу дағдысын ескере отырып сынға түсетін болады.
ІІ - жүргізуші: "Салт - дәстүрді білеміз бе?" деп аталатын бөлімге де келіп жеттік. Әр топқа 5 сұрақтан беріледі. Әр сұраққа бір ұпайдан беріледі. Қарсылас топтың жауап бере алмаған сұрағына жауап беріп, тиісті ұпай санын еншілеуге құқығыңыз бар.
І топ:
1. Үш арсызды атап бер.
2. Ерулік деген не?
3. Бастаңғы деген не?
4. Тұсаукесер дегеніміз не?
5. Үш жақсыны атап бер.
ІІ топ:
1. Естірту дегеніміз не?
2. Үйленгенде ұлға берілетін үлес.
3. Үш жетімді ата.
4. Бата, түрлері
5. Жігіттің үш жұртын ата.
І - жүргізуші: Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы домбыраның күмбір қаққан сазындай.
ІІ - жүргізуші:
Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады, - деп Асан қайғы айтқандай, "Ана тілі - жүрек үні" деген тақырыпта тілдің жан - жақтылығына талдау жасайық.
І - жүргізуші: Сайыс қорытындысымен таныстырып, жеңімпаздарды анықтау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
ІІ - жүргізуші: Өз тілімізді жете білу арқылы ғана біз өз халқымызды әлемге таныта аламыз! Олай болса, тіліміздің жұлдызын биіктетейік! Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін...
Ханзада мен ханшайым

Ханзада мен ханшайым

Лагерь ханзадасы мен ханшайымы Мақсаты: Халықтық тәрбиенің асыл қазынасы ұлттық мәдениетті, имандылық, ізгілік, әдептілік қасиеттерді қалыптастыру,...
Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой селосының Қараой мектеп - бала бақшасының аға тәлімгерімін Мамбетова Дамира Жалғасбайкызы «Тіл – тірегіміз,...
Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Тілім менің-тірлігімнің тірегі

Қызылорда облысы, Арал қаласы №2 Облыстық арнаулы санаториялық мектеп интернатының тәрбиешісі Қалыбаева Нұрсулу Әлижанқызы. Тақырыбы: Тілім...
21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні

Әр халықтың ана тілі - білімнің кілті «Тіл – көңілдің тілмашы» демекші, әрбір адамның өзінің ана тіліне қарап, оның мәдени дәрежесі ғана емес,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×