Жаңа технологияларда аймақтық компонентті қолданудың ерекшелігі.
Біздің өркениеттік мақсатымыздың бірі - әлемнің ең озық елдерінің даму дәрежесімен терезе теңестіру, дуниежүзілік бәсекеде қатар жүру.
Еліміздегі өзгерістер білім беру жүйесіне де көптеген мақсаттар мен міндеттер жүктеді. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау, «біз» - деген ұғымды қалыптастыру және өзі туып өскен аймағын тереңірек білуі - негізгі субъект болмақ. Жұмыс барысында алдыма бірнеше сұрақ қойылды, олар:
- Аймақтық компонент нені білдіреді?
- Мектеп бағдарламасына аймақтық компонент қажет пе?
- Аймақтың компонентті қолданғанда қандай қиыншылық байқалады?
- Аймақтық компонентті жаңа технологиялармен қалай байланыстырамын?
Жоспар жасағанда, ізденіс жұмыстарын өткізгенде осы сұрақтарды шешу жолдары қарастырылып отырды.
Аймақтық компоненті қолданудағы мақсатым - өзге тілді оқушыларға тек қана тіл үйрету ғана емес, сонымен қатар:
1. Оқушылардың өз Отанының қасиетін сезініп, тарихын танып. Отан алдындағы жауапкершілігін ұғынып және өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігін арттыру, мақтаныш сермін тудыру арқылы өз елінің патриотын тәрбиелеу.
2. Ұлтжанды, ымырашыл, басқаның құқығы мен бостандығын сыйлатын адам тәрбиелеу.
3. Аймақты компоненті қолдана отырып тіл мәдениетін дамыту.
Осы мақсатты орындау қазіргі өзекті мәселелердің бірі. Ал енді бұл мақсатты жүзеге асыру үшін не істеу керек?
Біріншіден, «Отан отбасынан басталады» деп отбасы, отбасының мүшелері туралы тақырыптарға көңіл аудару. Өз отбасы туралы дерек жинап, оны жүйелеу, отбасы ағашын құру әр оқушының қолынан келетін жұмыс.
Екіншіден, шығыс Қазақстан облысы «аңыздар елі» болғандықтан аты әлемге әйгілі ақын – жазушылардың өмірімен таныстыру. Ол оқу жұмысы, сыныптан тыс жұмысы, мектептен тыс жұмысы ретінде жүргізіледі. Зерттеу, іздену жұмысы, кітапханамен тығыз байланысты жұмыс түрлері атқарылады.
Үшіншіден «Тарих көші талай шұбап өткен жер, талай ұрпақ өсіп өліп төккен тер» деп аңызға айналған Семей өңірінің тарихын, дәстүрін зерттеуді мақсат еттік.
Төртіншіден, ел мақтанышы болған біздің спорт шеберлеріміз туралы мәлімет жинап, ұлағатты өмір салтын насихаттау болды.
Қазіргі қолданып жүрген технология - мұғалімнің сабақты жобалауда оқушының тіл меңгерудегі нәтижелі қарым қатынас жасауына мүмкіншілік туғызады. Мұғалім аз уақытта жаңа
технология жәрдемімен үлкен жетістік терге жете алады. Оқудың дәстүрлі үрдісіне жаңа инновациялық технологияны енгізу - мұғалімге дәстүрлі формалар мен әдістерді оқушыға жеткізуге мүмкіндік береді. Ал осы технологияны аймақтық компонентті дамыту кезінде қолдану - оқушының ақыл - ой мәдениетін, білімін, сана сезімін көтеруіне көп әсер етеді. Бұл тіл оқыту үдерісін қарқындатып, оқушының белсенділігін арттырып, аз уақыт ішінде мол дыбыстық бейне, анимациялық тілдік материалды толықтыруға, оқушының тілді меңгеру дәрежесін бақылауға мүмкіндік туғызады. Мультимедиялық технологияларды қолдану - компьютерді, интернетті қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақтарға аймақтың компонентті қолдану алдында жүйелі жоспар құрып алған жөн. Берілген күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкестендіріп аймақтық компоненті қосылған қосымша жоспар құрылады.
Қазақ тілі сабақтарына аймақтың компонентті қолдануды тақырыптық жоспары 2012 – 2013 оқу жылы
8 сынып Құрақова Т. Б.
№ Өтілетін тақырып Аймақтық компонент материалдары
1 Қазақстан Мемлекет басшысы Семей сапарында
2 Сөйлем Семей
3 Сөйлем мүшелері Абайдың Жидебайдағы мұражай үйі
4 Ел ертеңі жастар Қаланың оқу орындары
5 Бақыт – ынтымақта Семейдегі ұлттық өкілдер ассамблеясы
6 Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері Жер – Ана жыламасын
7 Табиғатты қорғау - қасиетті іс Ертіс орманы
8 Баяндауыш Ертіс өзені
9 Өсімдік жақсы өссе «Берегите природу»
10 Қорықтар неге керек Батыс Алтай қорығы. Алакөл
11 Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері Ұлылардың елі
12 Экономикалық аймақтарда Шығыс Қазақстан облысы
13 Анықтауыш Өскемен
14 Ұлы Жібек жолы Семейден шекараға дейін
15 Пысықтауыш Жеті қырдың өрінде
16 Өнеркәсіпті Өскемен Қазақ мыс – мырыш зауыты
17 Еліміздің даму бағыттары Семейдегі өнеркәсіп орындары
18 Қазақстан ауыл шаруашылығы Ауыл байлығы. Үжар
19 Толыды және толымсыз сөйлем Бибігүл Толегенова
20 Жалың және жайылма сөйлем Семей – Алаш (Құсмиля Нұрқасымов)
21 Баспасөз – өмір айнасы Семейде шығатын газет пен журналдар
22 Оқшау сөздер Менің мектебім
23 Барлық іс жарнамадан басталады Қаладағы жарнамалар
24 Біздің өміріміздегі музыка Роза Рымбаева
25 Спорт қашан пайда болды Дәулет Тұрлыханов
26 Тарихи – мәдени ескерткіштер Қаладағы мұражайлар
Бұл жоспардың мақсаты – оқушының белсенділігін жоғарылату, өз бетімен жұмыс істеп, ақпарат іздеуге машықтандыру, қызығушылығын ояту. Оқушы алдымен «аймақтық компонент дегеннің не екенін біледі». «Аймақ» - Ожеговтың сөздігінде белгілі бір жердің құрамы – деп берілген.
Келесі этап, аймақтық компоненттің мақсаттары мен міндеттерімен таныстыру. Тек осыдан кейін оқушыға өз ізденісі болатын тақырыптар ұсынылады 3 тоқсанда ол ізденіс жұмыстары бойынша конференция өткізіледі. Көзге ілінер жұмыстар толықтырылып, оқушының ғылыми – ізденіс жұмысына айналады. Мысалы: 2010 - 2011 оқу. Жылында 11 сынып оқушысы Қалиев Е. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу және Еңлік – Кебек поэмаларының ұқсастығы мен ерекшелігі» деген тақырыппен қалалық ғылыми жобалар сайысына қатысты.
Сабақта аймақтық компоненті қолдану әдісінен бір көрініс. Компьютерді қолданып «Өз ойыным» сипатты, интеллектуалды ойын түрін өткіземін. Мысалы: «Ақын - жазушылар» тақырыбында кесте беріледі.
1. Ақын жазушы
10 – 1845 жылы Семей өңірінде дүниеге келген ақын (Абай).
20 - Абайдың талантты шәкірті (Шәкәрім).
30 – «Абай жолы» романының авторы? (М. Әуезов).
40 – Абайдың ақын ұлы (Мағауия)
50 – «Үш анық» философиялық жұмыстың авторы (Шәкәрім)
II. Өмір дерек.
10. Абай қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (Семей 1845).
20. Шәкәрім неше жасында жетім қалды? (8 жасында).
30. Абайды кім тәрбиеледі? (Әжесі Зере, шешесі Ұлжан).
40. Шәкәрім қай қалалардың кітапханаларында болды (Мысыр, Медина, Стамбул).
50. Абай жолы романы қай жылы аяқталды? (1957).
Шығармалары:
10. «Көзімнің қарасы» әнінің авторы (Абай).
20. Насихат – кімнің шығармасы? (Шәкәрім).
30. Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударған ақын (Абай).
40. Оралхан Бөкейді неге табиғат жыршысы деп атаған?
50. «Ескенді» поэмасының авторы кім? (Абай).
Қорытындылай келе, жаңа технологияларда аймақтық компонентті қолдану:
а) оқушылардың белсенділігін арттырады.
б) білімге деген қызығушылығын тудырады.
в) компьютерді өз беттерімен қолданып, интернет желісінен ақпарат іздеуге көмектеседі.
г) зерттеу, іздену жұмыстарына баулиды.
д) өз елінің, туған жерінің әдебиетімен, салт дәстүрімен, мәдениетімен таныстыру арқылы өз еліне деген сүйіспеншілік пайда болып, мақтаныш сезімі туады.
е) оқушы мен мұғалім бірлесе жұмыс істеу барысында көптеген нәтижеге ие болды, жазылған реферат, ізделінген мәлімет, жиналған материалдар, қолданылған әдебиет оқушы жадында, мұғалім қорында қалады.
Жаңа технологияларда аймақтық компонентті қолданудың ерекшеліктері
- бағдатовна
- 8 қаңтар 2014
- 7145
- 0
- 0
Ілмек сөздер: аймақтық компонент, жоспар, мультимедиялық технология
Ұқсас жаңалықтар:
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы
Білімділік мақсаты – Орталық Қазақстан экономикалық ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп географиясына тоқталу, өнеркәсіпті мамандандыру және...Қалқаман - Мамыр поэмасы
Шәкәрім шығармашылығымен таныстыру, поэманың мазмұнын ұғындыру арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманы композициялық құрылымына талдау....Семей. Өскемен қаласы
Семей қаласы, «№27 ЖОББМ» КММ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Адырбекова Жанар Темиргалиевна...Абай Құнанбаев-жазба әдебиеттің негізін салушы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Өтепова Тойған Қуанышқызы...Семей қаласы
Мұғалім: Садықова Динара Пердаузиқызы Сабақтың тақырыбы: Семей қаласы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Семей қаласы туралы жан-жақты мағлұмат беру,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.