Сайтқа кіру Тіркелу

Аралап жердің жүзін жүрер сөзім...

Сабақтың тақырыбы: Аралап жердің жүзін жүрер сөзім...

Сабақтың мақсаты:
1. Сыр өңірінің сүлейлерінің бірі, дүлдүл ақын, талантты сөз зергері Тұрмағанбет Ізтілеуовтің ақындық мұрасымен таныстыру. Тұрмағанбет поэзиясының өзіндік ерекшелігін айқындау.
2. Тарихи тұлғаларды танып білуге, жастарды білім алуға үндеу, ғылым - білімнің адам өміріндегі маңызына көздерін жеткізу.
3. Ақыл - ойларын, белсенділіктерін, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, зерттеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Т. Ізтілеуов портреті М. Әуезов, неміс ақыны В. Гетенің суреті, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Кіріспе
«Ақын орны – қаламы қандай биікке көтеріп шығарса, сол жерде. Ондай орын әсіресе биікте көп» дейді Ғ. Мүсірепов. Тап сондай қаламы ұшқыр, ойы терең, әр сөзінің астарында батпандай салмақ жататын дүлдүл ақынымыз - Тұрмағанбет Ізтілеуов.
Құнарлы жерге ғана көк қаулап өсетіні секілді, нағыз талант, шынайы дарын бойында туа біткен табиғи қабілеті бар адамнан шықса керек. Тұрмағанбеттің осындай табиғи дарын, тума талант екендігі сөзсіз. Ол сегіз қырлы, бір сырлы өнердің бұрқыраса - дауыл, жауса - жасын, жазылса - жайлау, қайсар отты да, бірбеткей, қаршыға тұлғалы мінездің адамы.
Әулеті - Кіші жүздің Кете руы
Айтушы Тұрмағанбет мен ғұлама, - деуі өзіндік мінез танытқан, өршіл ақынның «Мен» дейтін қолтаңбасы да өзгелерден ерекшеленіп, оқшауланып тұрғанын көрсетеді.
Жыр алыбы Жамбыл бір сөзінде: «Менің жырым бүкіл Жетісуды аралайды» депті. Ал, Тұрмағанбет Ізтілеуов:
Дүниеден өмір бітіп, өтсем де өзім,
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім!
Көре алмай кейінгіні кеттім - ау! – деп
Арманда болмай - ақ қой, екі көзім! – деп тереңнен толғайды. Яғни, Тұрмағанбет өлеңді өнер деп, өнерді өлмес, өшпес рухани дүние, халықтың рухани азығы деп бағалайды. Халық барда өнердің өлмейтініне, оның ұрпақтан ұрпаққа өтер мәңгілік екеніне сенеді.
Сыныпты үш топқа бөліп, алдын ала берілген тапсырмалар сұралады.
І топ. Т. Ізтілеуов өмірі
ІІ топ. Т. Ізтілеуов шығармашылығының сан алуандығы.
ІІІ топ. Т. Ізтілеуов шығармашылығын зерттеушілер
І топ. Өмірі жайлы мағлұмат береді. Т. Ізтілеуов 1882 жылы Түркістан өлкесіне қараған Сырдария облысының Қазалы уезінде, Қуаңдария болысының 2 ауылында, «Ақтайлақ кезең» атанған мекенде дүниеге келген. Қазіргі Қармақшы ауданының ақын атындағы совхозы. Әкесі – Ізтілеу сіңірі шыққан жалшы кедей, шешесі үй шаруасындағы әйел деседі. Нағашысы Ермағанбет ақынға ұйқастырып, атын Тұрмағанбет қойған екен.
Алғаш ауыл молдасынан сабақ алып, ескіше сауатын ашқан Тұрмағанбет 16 жасында Өзбек СССР - інің Бұқарадағы әйгілі оқу орны - «Мир - Араб» медресесіне оқуға түседі, содан соң 1899 жылдан бастап сондағы Көкелташ медресесінде оқиды. «Мир - Араб» медресесінде арабша оқыса, «Көкелташ» медресесінде парсы - шағатай тілінде оқиды. Өз елінде мектеп ашады. Өмірде дін жолын емес, өнер жолын таңдаған ақын Бұқарада оқи жүріп, араб, парсы тілдерін жетік меңгереді. Фирдоуси, Әл - Фараби, Әбу Әли Син, Низами, Бабыр, Науаи еңбектерін игереді. Осылардың ішінде Фирдоуси мен Науаи поэзиясының әсері көп болған.
ІІ топ. 1. Т. Ізтілеуов – ғажайып лирик ақын. Ол адамның ішкі сезім дүниесін, наз сырын ақтарарлық асыл сөздер өрнегін жасай білген жалынды талант. Ақын лирикалары назды, сазды болумен қатар мәні терең, әсерлі шығармалар. Мысалы:
Ақын – жел, есер, гулер жүйрік желдей,
Ақын – от, лаулап жанар аспанға өрлей.
Қиялы жан жүрегі – қайнаған от,
Ақынды алас ұртар тыныштық бермей.
2. Т. Ізбілеуовтің шығыс поэзиясының дәстүрін бойына молынан сіңіргендігі, олардың кейбір идеяларын, сарындарын және оқиғаларын жаңғырта жырлағандығы, қазақ өлеңін түр, мазмұн жағынан дамытқандығының мысалы – алғаш рет қазақ қазақ әдебиетінде рубаилар, мысалдар жазуы.
Сондай - ақ, Т. Ізтілеуұлы туысқан халықтар әдебиетін байланыстыруға да айрықша еңбек сіңірген. Оның дәлелі – Шығыстың ұлы ақыны – Фирдоусидің «Шаһнамасын» қазақшаға аударғаны.
Мысалдары: «Сүлеймен мен Кірпікшешен», «Төрт дос», «Көкқұтан мен шымшық», «Өгіз бен есек», «Соқыр мен ақсақ» т. б. мысалдарында көп нәрсені тұспалдап, пернелеп айтады. Адам бойындағы, мінез - құлқындағы оғаш қасиеттерді сынайды. Жақсыларын үлгі етеді.
Айтыстары: Тұрмағанбеттің Шәді төремен айтысы, «Тұрмағанбет пен Жүрсін», «Тұрмағанбет пен Сәнбала, Тұрмағанбет пен Әбдікәрім, т. б.

ІІІ топ.
1. Тұрмағанбеттің өмір деректерін шығармаларын жинап, оны жұртшылыққа таныстыруда М. Байділдаев көп еңбек еткен фольклорист.
Өтеген Күмісбаев, Б. Кенжебаев, М. Қаратаев, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тәжібаев, Н. Төреқұлов, Р. Бердібаев, Т. Жүргенов, Үсеновтер Т. Ізтілеуовтің бай мұралары жайында зерттеп, пікірлер айтқан.
Сонымен, Түрмағанбет Ізтілеуов кім? Біз оны қандай қырынан тани алдық.

мысалшы лирик ақын
айтыскер ақын аудармашы
сүлей термеші
Рубаи жазған философ

Топтық тапсырмалар:
І топ. Бір өлеңін жатқа оқу. («Ақыл - тон аңдағанға тозбайтұғын»)
ІІ топ. Термесін орындау («Қамын ойла халқыңның»)
ІІІ топ. Нақып сөздерін жатқа айтып, мәнін түсіндіру.

Әр топқа түрлі тақырыптағы ақын рубаяттары мен шумақтары таратылып беріледі.
Салауатты өмір салтын сақтауға байланысты жұмыс жүргізіледі..
Ақынның «Шылым», «Насыбай», «Арақ» тақырыбындағы рубаилары мен шумақтары таратылып, бұлар жөніндегі өз ойлары ортаға салынады.
Осы 3 топқа сай оқушылардың тапқырлығы мақал - мәтелдер арқылы тексеріледі.
1 - мақал
Жолдасы жоқ жігіттің.....................,
....................... жоқ.
2 - мақал.
Ақымақтың ақылы – білегінде,
Ақылдының ақылы..................
3 - мақал
Ағадан – ақыл,
Ініден.............
Қорыту: Ортамызға қайта оралған Тұрмағанбет мұрасы – біздің қадірлейтін қымбат мұраларымыз. Ақын туған халқы жайында әртүрлі қырынан қарап, әртүрлі тақырыптық ауқымдарды жырлады. Қоғам, уақыттың сана - сезімі, жаңарған жаңа ұрпақтың талабына, толғанысына сай жаңа сипат табуға тырысты. Сондықтан ақын шығармалары – бізге туыс та дос.
Қазақ поэзиясының кең арнасына Абай ізімен еркінірек және етене күйде енген Тұрмағанбет шығармаларының лейтмотиві ағартушылық ой, халықты білімге шақыру, адамгершілік ізгі қасиеттерге баулу, өмірдің күнгей жақтарына жетелеу, елге қызмет етерлік азамат болуға үндеу, жақсы мінезді үйрету, адамдық істерді аңсау болып табылады. Қазіргі күнде ақынның асқақ үні мен әуені жыр сүйер халық арасында құрметпен ауызға алынады.
2007 жылдың 3 - 4 қарашасында Қызылорда облысы қазақтың қазыналы әдебиетінің тұтастай бір дәуірін құраған Сыр бойы ақын - жыраулары керуенінің көш басында тұратын тау тұлға Тұрмағамбет Ізтілеуовтің 125 жылдығын атап өтті.
Алыс - жақыннан ат арытып жеткен атақты өнер, мәдениет, ғылым, әдебиет қайраткерлері Сыр еліндегі дүбірлі тойдың куәсі болды.
Өкінішке орай, кешегі кездерде Тұрекеңе өз дәрежесіне, тау тұлғасына лайық құрмет көрсетілген жоқ. Сондықтан ақын ұрпағының қолында қалған дүниесінің барлығын 4 томдық академиялық жинаққа топтастырылды. Тұрмағамбеттің зираты қарайтылған, бірақ болашақта соның негізінде үлкен мавзолей тұрғызуды қызылордалықтар мақсат етіп қоюда.
Сабақ соңында үнтаспадан қармақшылық жырау Арнұр Көшенейдің орындауындағы Тұрмағанбеттің термесі тыңдалады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Сыр сүлейін сұрасаң...

Сыр сүлейін сұрасаң...

Мақсаты: Өскелең ұрпақты жыраулық өнермен сусындатып, насихаттаушыларды кеңінен таныстырып, дәріптеу. Жыраулық өнер айтыс өнері сияқты бір кездері...
Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері

Шәкәрім Құдайбердіұлы. Жолама қулар маңайға, Адамдық борышың өлеңдері

Шәкәрімнің өскен ортасы, шығармашылығы туралы терең білім беру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға баулу, әндерін үйрету. Оқушылардың Шәкәрім...
Біз- білімді баламыз

Біз- білімді баламыз

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп - балабақшасы бастауыш сынып мұғалімі Мұхтарова Гульмира Тақырыбы: Біз - білімді баламыз...
Мұсабек Байзақұлы

Мұсабек Байзақұлы

Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×