Сабақтың тақырыбы: «Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Романды басшылыққа ала отырып,
Құнанбай мен Абай бейнесін салыстыра ашу, талдау.
ә) дамытушылық: Шәкірт бойында өзіндік көзқарас қалыптастыру: ойды еркін, жүйелі жеткізе білуге баулу. Сыни көзқарасын қалыптастырып, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
б) тәрбиелік: Оқушыларды адами қасиеттерге баулу.
Сабақтың түрі: әдеби - пікірталас сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, талдау, зерттеу, интервью, авторға хат жазу әдісі
Өтілетін орны: Мультимедия кабинеті
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үнтаспа, кітаптар көрмесі
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. кезеңі
Мұғалім: – Балалар, біз бірнеше сабақ бойы көлемді туынды «Абай жолы» роман - эпопеясын талдап жүрміз. Бүгінгі сабақта романның негізгі кейіпкері Құнанбай бейнесін ашып, оған талдау жүргізуіміз шарт. Ендеше, сабағымызды романның алдыңғы бөлімдеріндегі жайларды еске түсіруден бастайық. Балалар, өздеріңе аян Абай эпопеяда бірден кемеліне келмейді. Ол өзінің биіктік дәрежесіне шытырманы мен қиясы көп қиын жолдардан өтіп жетеді.
Ол мына бөлім атауларынан да белгілі:
«Қияда»
«Бел - белесте»
«Өрде»
«Қайтқанда»
Шытырманда
Жолда
Абайдың өсу жолы
Қат - қабатта
Абай мен Құнанбай – романдағы ең биік, ең зеңгір тұлғалар. Абай - халқымыздың адамгершілігінің символына айналған жан. Ал Құнанбай – теңсіздік заманының барша зұлымдығын бойына жинаған жан.
Енді әкелі балалы екі жанның ұстанған жолына тоқталайық.
Оқушыға сауал: Құнанбай мен Абай арасында туындаған қақтығыстар мен қиындықтарды баянда.
Оқушы жауабы: «Шытырманда» бөлімінде Абай Кәмшат тағдырына кінәлілерді аяусыз сынайды. Абай әкесіне рақым, мейірбандық жоқ, не деген жаны ашымас байлау. Мал алмай, мазасыз масыл жас баланы алғанға олар қайтіп риза болады? десе, «Өрде» бөлімінде әке тілін алмай, Бөжейге ас беруге кіріседі. Байсалға істеп отырған әділетсіздігін батыл айыптады. «Оқапта» бөлімінде Әмірді Құнанбайдың қанды шеңгелінен құтқарды.
Менің ойымша, бұл жайлар әке мен бала арасындағы әділет пен әділетсіздік, қаталдық пен мейірімділік арасындағы келіспеушілік әрекет сияқты. Дәл осы тұста ескілік пен жаңалық арасындағы тартыс та айқын көрінеді.
2 - сұрақ: Қодар мен Қамқа өлімінің Абайға әсері
Оқушы жауабы: Қодар мен Қамқа өлімі кезінде Абай өте жас еді. Ол кезде 13 - 14 - ақ жаста болатын. Әкесінің Қодар мен Қамқаны жайдақ нарға тартқызып азаптағаны аздай, биік жартастан лақтырып онсыз да мылжаланған денені күл талқан еткізіп, 40 рудан 40 кесек аттыруы Абай жүрегін қатты жаралады. Сол оқиғадан соң сүзекке ұшыраған адамдай ауру халге түсті. Алғаш рет қатал әкесінің қолындағы қаннан үрікті, қатты шошынды. Оның бойында әкеге деген өкпе, наз сезімі пайда болып одан түңіледі де, жауыздық пен қатыгездіктен адам құқығын аяққа басудан, тағылықтан жиренеді. Менің ойымша, мұнда Абайдың өмір шындығына көзін жеткізу үшін әкесінің кім екенін ұға білу үшін автор Абайды осы оқиғаның куәгері етеді.
3 - сұрақ: Әкесі Абайға қандай сын тақты?
Оқушы жауабы: Құнанбай атамыздың Абайдай дана ұлын «Сен жайдақ су сияқтысың. Жайдақ суды ит те, құс та ішіп кете береді», деп кінә артып, сынайтын жері бар ғой, оны оқып отырған кезімде тіліме мына шумақ үйірілген еді:
Жаны жайсаң, ойы терең, жақсы ата,
Абайыңды өктем сынмен жасқама
Өзіңнен озып ұл болған
Абай сізге басқа ма?
Бұл сынға Абай атамыз да «Қиядағы қол жетпес судан, жайдақ су болғанның өзі артық» - деп жауап береді ғой. Шынында да атадан дара туған ақын ата халқының шөлін жырымен де адамшылық арлылық қасиетімен де қандырған ғой. Солай емес пе?...
4 - сұрақ: Эпопеяда Абай қандай дәрежеде сипатталады?
Оқушы жауабы: Әуезов – Абайды халық ұлы, адам ұлы, халық жолындағы күрескер, терең ойдың адамы, ұстаз, тәрбиеші, ақылшы ретінде суреттейді. Абай – халық кегінің жоқшысы, қоғамдық күрескер адам ұлы ретінде танылады.
Ал, мен өзім Абайды шығарма арқылы былайша таныдым:
Абайым Құнанбай шешен ұлы еді,
Құнанбайша сөз маржанын нөсерлетті,
Мыңдармен арпалысып жалғыз өзі
Кестесін өлең сөздің дестеледі.
Айналған асылына қалың жұрттың
Нөсерлі жырларының балын жұттым.
Қалдырған сөздері мен әндерінен
Халқына шын берілген жанын ұқтым.
Ендеше, біз таныған Абай – халқына шын берілген, халқын шын сүйген жан.
Біз романнан Құнанбайдың ұстанған жолы іс - әрекеті арқылы қандай жан екенін жан - жақты байқадық. Сендер осы көзқарасқа келісесіңдер ме? Ендеше мына сауал төңірегінде ашық дебат өткізейік.
Сұрақ: Қара қылды қақ жарған Құнанбай шын мәнінде озбыр жан ба?
Даттаушы топ дәлелдеуі: 1 Құнанбай - қатыгез (Қодар, Қамқа, Кәмшат өлімі)
2. Құнанбай - әміршіл
3. Құнанбай - өктемдік иесі.
Құнанбай - әділетсіз, содыр ортаның нағыз типтік өкілі. Бүкіл Тобықты елін қартайғанша билеген, қартайған соң Меккеге барып қажы боп қайтқан, ұзақ өмірінде сан түрлі қиянат, зорлық жасаған, жауларын мұқатып, достарын бауырына тартқан. Құнанбай әдет - салт, ата жолын өзі мықтап ұстады, сол себепті игі жақсылар оның қай шешіміне де қарсы келе алмады.
Құнанбай мен Қодар сынды дәрменсіз кедейлерді қорлады, сан түрлі айла, әрекет жасады. Өз ұрпағын да аямайды. Мысалы: Әмірді шеңгеліне ала буындыруы ше, осының өзі оның қандай қатал жан екендігін танытады. Құнанбай өте қатал қытымыр, озбыр адам деген ой келеді
«Қара қылды қақ жарған Құнанбай шын мәнінде озбыр жан ба?» сұрауы төңірегіндегі жақтаушы топ дәлелдеуі бұл ойға дау айтып, Құнанбайды ақтап алды. Аргумент::
1 Құнанбай - Абайдай ірі дара тұлғаның әкесі
2. Құнанбай - рухани таза адам
3. Құнанбай - қолы ашық, мәрт, данышпан (мешіт салғызуы, Бөжейдің асын көтеруі).
Құнанбай – елдің тұтастығын, халқының қамын, келешегін ойлаған адам. Ол кісі әдет - салт, ата жолын мықтап ұстады. Әдептен озғанды қаламады. Мүмкін, Қодар мен Қамқаны жазалауы да әділеттің жолы болар. « Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды» деген. Жаман әдет елде етек алмасын дегені болар. Құнанбай – халқының қамқор азаматы. Меккеде қонақ үй салдырды, ондағы ойы келгендер қиналмасын, жағдайы болсын деген, өз қаражатына еліне арнап мешіт салдырды. Бұл – бүкіл елге деген ықыласынан туған жағдай. Керек десе, Құнанбайдың өз тектестері, шешен кім? десе – Құнанбай, мырза кім десе – Құнанбай, жақсы кім десе – Құнанбай деп мойындаған емес пе еді. Құнанбай – рухани таза адам. Қолы ашық, данышпан. Құнанбай – қатал озбыр болса, Абайдай дана дүниеге келер ме еді? Соны ойлаңдаршы. Мен Құнанбайдың қаталдығына да, елді уысында ұстаған үстемдігіне қарсы емеспін. Олай етпесе ел бетімен кетер еді.
Екі топ та романнан мысалдар келтіре отырып дәлелдеді.
Мұғалім: - Құнанбай жауыз, өркөкірек, азулы жан емес, керісінше ақылды, барар бағытын ойлайтын терең ойдың адамы, көкірегі ояу, көреген, шешен тілді, қайсар рухты жан. Оған бүгінгі тартыс барысында көз жеткізіп отырған жоқпыз ба деп, оқушылардың өзіне құптатып алдым. Енді интервью жүргізіп көрейікші
- Құнанбайдың өзіне тән ерекшелігін аташы.
- Өткір тілді, ақылды, қайратты, қатыгездігі де бар, қызба.
- Сол заманда өзің Құнанбай орнында болсаң не істер едің?
- Мен де орынды жерінде қаталдық, ретті жерінде мейірімділік танытып, елге әділ билік жүргізер едім.
.
Келесі сауал: Автордың Құнанбайды қатал өктемдіктің өкілі етіп суреттеуінің сыры неде жатыр?
Оқушы пікірі: «Асқар тауға анадайдан қара» дейтін сөз бар. Қазақ кеңес әдебиетінің асқар тауы, алтын діңгегі болған сом тұлғалы дарын иесі Әуезовтің шар қайрағына айналған Құнанбайды өткен күндердің көзқарасымен оқысақ, шын мәнінде нашар озбыр адам тәрізді. Романды бар ықыласымен, әрбір сөзіне мән бере терең ықыласпен оқысаң, Әуезов оны еш жаман етіп көрсетпеген. Қайта Құнанбай – азулы, қатыгез жан емес. Ол – ақылды, жетер жерін білетін, терең ойлы адам.
Сонымен бірге, көкірегі ояу көреген. ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қайсар рухты адам екеніне көз жеткіземіз.
Автордың бұл романда Құнанбай бейнесін жасаудағы шырғалаңының сыры сол кездегі саясат пен саяси ахуалмен байланысты болып отырғаны бәрімізге аян. Құнанбайды озбыр етіп суреттеудің мәні кешегі кеңестік дүниеде жатыр. Ол кезде бай, сұлтан, молданы мақтап сөз сөйлемек түгілі, жанына жақын барудың өзі айып болғаны кешегі 30 - жылдар зобалаңынан - ақ белгілі емес пе? Олай болса, жазушы сол заман ағымына бағынды. Заман солай сөйлетті.
Мұнан кейін Құнанбай мен Абай шешендігі туралы сауал қойылады
Эпопеядағы өткір тіл өрнегін ұстанған кейіпкерлер кімдер?
Оқушы жауабы: Абай эпопеясының тілі бай, орамды, ол – қазақ халқының сөйлеу тілімен фольклорлық және жазба әдебиетінің сөздік қорын мол қамтып, бойына сіңірген тіл.
Өз басым, шешен де өткір тіл мен тіл шеберлігінің үлгісін роман - эпопеядағы Құнанбай мен Абай атамыздың шұрайлы сөздерінен ұғындым.
Мұғалім: - Толғауы тоқсан қызыл тілдің қадір - қасиетін танытатын керемет сөз өрнегі Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінде жатыр емес пе?! Ендеше ән сөзіне көңіл бөліңіздер.
«Сегіз аяқ» әнін үнтаспадан тыңдату
Қорыту: сабақ соңын З. Қабдоловтың:
«Абай емес - ау, алдымен М. Әуезовтің өзі анық ақын, тұтанбай, ұшқындамай лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын.
Әуезов – суретші, нағыз художник – қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние - тіршілікке айналдырып жіберетін шебер
Әуезов – терең психолог. Оқушысының жан - дүниесін сілкіп - сілкіп жіберетін күш! Осы сырдың бәрін тағы да айтамын, сол сырды сыртқы бұлжытпай шығаратын тілде жатыр.» - деген пікірімен аяқтап, ой - түйінін жасадым.
Үйге тапсырма: Авторға хат жолдау
(Романдағы Құнанбай бейнесіне байланысты)
«Абай жолы» романындағы Құнанбай бейнесі
- Зульфира
- 6 қаңтар 2014
- 90906
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абай жолы романындағы Құнанбай бейнесі
Ұқсас жаңалықтар:
«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №13
Он шақты күннен бері Абай Семейде Каталашкада (түрмеге дейінгі жазалау орны) отыр. Кошкин барып Абай үстінен үлкен акт жазған болатын. Абайдың...Абай жолы романындағы Абай бейнесі
Абай ұлы ақын, философ, ағартушы, демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы....«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №7
Ұлжан құдасының ауылына отыз шақты кісімен барады. Алшынбайға жетпіс жылқы, отыз түйе аталыпты. Оған қоса, көп қазына келген. Үш күн кезегімен...«Абай жолы» роман - эпопеясының қысқа мазмұны №1
Абайдың жасы 13 - ке тақалды. Орыс мектебінде 3 ай оқымай, ауылға қайтсын деп әкесі Байтас және Жұмабай деген кісілерді жібереді. Ауылға үш күндік...Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)
Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.