Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілінен 10 сыныпқа арналған бақылау жұмысы

Қазақ тілінен 10 - сыныпқа арналған бақылау жұмысы
І нұсқа
А. 1. Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз, олардың сөз табын, мағыналық тобын анықта.
2. Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойып жаз.
3. Шылаулардың түрін ажырат.
1. Ауылдан бүгін Әсем келеді... Кәкен келеді. 2. Әңгімені аудару маған қиын болды,... аудардым. 3. Күн кешкіріп кетсе.... амалсыз әрі қарай жүре бердік. 4. Күн бұлтты болды,... жаңбыр жаумады. 5. Су табиғатта кең тараған,.... бүкіл атмосфера судан тұрады.
Б. 1. Құрмалас сөйлемдерді талдау. (толық сөйлем мүшелеріне талдау)
2. Әр сөйлемнің мінездемесін жаз.
1. Раушанды көргеннен кейін, әңгімелерін тоқтата қойды. 2. Жасқа ұстаздық етсең, болашақтан тірек табарсың. 3. Үйлердің есіктері сықырлап ашылып, шамдары жанды. 4. Амантайды Балтабек танығанмен де, Ботагөз танымайтын. 5. Жұрт жиналып болған соң, Әлкен көрген – білгенін асықпай айтып берді.
С. Өз ойыңды білдір.
Бюджетті жоспарлау керек пе? Жауабыңды түсіндір.
Қонақжайлылықтың қандай шарттары бар? Атап шық.

ІІ нұсқа
А. 1. Берілген сөйлемдерді аяқтап, құрмалас сөйлемдерге айналдыр.
2. Түрін анықта. (Барлығы А 1, 2 - 12 ұпай)
1. Бірнеше археологиялық ескерткіштерді тауып....
2. Шоқан кішкентай кезінен....
3. Ғалымдар - данышпан адамдар....
4. Ғалымдар өз елін, жерін сүйген.....
5. Ол кітапханаға бара жатса.....
6. Көп кітап оқымай.....

2. Б. 1. Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз, олардың сөз табын анықта.
3. (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай, барлығы 10 ұпай)
4. 2, 3. Осы сөздердің мағыналық тобын, құрамын анықта.
5. (әр дұрыс жауап үшін 1 ұпай, барлығы 20 ұпай)
Абайдың жасы он үшке келгенде әкесі оны асығыс ауылға алдырды. Ол балаларының ішінен әзірге өзіне көмекші, кейін орнын басар мұрагер іздегенде Абайға тоқтайды. «Әке балаға сыншы» деген мақал бар. Оның үстіне Құнанбай сияқты көреген де дана әке қателеспейді. Он үш жасар балаға үлкендермен келелі істерді қеңесу оңай ма? Бірақ ақылды бала тез төселіп, ел басқару ісіне еркін араласып кетеді. Ақынның өмірбаяны туралы алғашқы жазған жақын туысы Кәкітай: «Он бес жаста балалық қылмай, Үлкендермен білімі артылып, жұртты өзіне қаратып, әкесіне үлкен көмегі тиген».
Жиырма жасында Абай халық ортасында бәрінен озық шешен болған.
С. 1. «Қазақ халқының ғалымдары» тақырыбына диалог құрастыру.
(10 сөйлемнен кем емес - 10 ұпай)

«5» - 45 - 52 ұпай «4» - 44 - 39 ұпай «3» - 38 - 26 ұпай

Қазақ тілінен 10 - сыныпқа арналған бақылау жұмысы

2 - нұсқа

А. 1. Асты сызылған сөздерді көшіріп жаз, олардың сөз табын, мағыналық тобын анықта.
2. Көп нүктенің орнына керекті шылауларды қойып жаз.
3. Шылаулардың түрін ажырат.
1. Қар жауды,....... мен жылы киіндім. 2. Оның қуанғаны....... бетімнен сүйіп алды. 3. Күн батқан......, қонақтар үйлеріне тарады. 4. Ресми әңгімені басынан бастау........ Омармен кездескен күнді есіне түсірді. 5. Қатты жаңбыр жауса......, біз орманға аттандық.
Б. 1. Құрмалас сөйлемдерді талдау. (толық сөйлем мүшелеріне талдау)
2. Әр сөйлемнің мінездемесін жаз.
1. Айқай ұзаққа созылды да, жиналған халық еш нәрсені түсінбей қалды. 2. Асқар тау биік дер едім, бірақ көрініп тұр төбесі. 3. Ата – аналар балаларын балалар бақшасына апарады, өйткені олар мектепте жұмыс істейді. 4. Ерте заманда халықты хан билепті, әрі халық ханнан зар илепті. 5. Партизандар ұзақ жорықтан шаршап келсе де, алған бағыттарына қарай аяқтарын тез басады..
4. Өз ойыңды білдір.
Қонақжайлылықтың қандай шарттары бар? Атап шық.

Бағалау:
А. - 1. 2, 3 - ті толық орындаса -«3»
Б. - 1, 2 - ні толық орындаса - «4»
С. - толық орындаса - «5».

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім беру мектебі КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тонтаева Қарлыгаш Қуанышевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Cөйлем түрлерін бір-біріне айналдыру

Cөйлем түрлерін бір-біріне айналдыру

Мағыналық түрлерінің жасалу ерекшелігін біледі. Түсіну: Сөйлемнің мағыналық түрлерінің бір - біріне ауыстырудағы грамматикалық ерекшеліктерін...
Ыңғайлас салалас

Ыңғайлас салалас

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...
Құрмалас сөйлем (10 – сынып)

Құрмалас сөйлем (10 – сынып)

Қостанай облысы, Денисов атындағы №1 орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиқызы...
Қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы

Қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы

Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қазақ халқының ұлы ағартушысы, халқымыздың тұңғыш ғалымы. Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері...
Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)

Салалас құрмалас сөйлемді қайталау (8 сынып)

Сабақтың тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлемді қайталау 8 сынып. Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу,...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×