Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған бақылау жұмысы

Қазақ тілінен 9 - сыныпқа арналған бақылау жұмысы

1 - нұсқа
1. Мақсаты: оқушылардың өтілген грамматикалық тақырыптар бойынша алған білім деңгейлерін бақылау.
Мәтін
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев қазақ халқының ұлы ағартушысы, халқымыздың тұңғыш ғалымы. Академик Қаныш Имантайұлының өмірі, қызметі, ғылыми еңбектері туралы біраз кітаптар бар.
Ғұмырнамасы әуелі орыс тілінде Мәскеуде шықты. Кейін сәл толықтырылып қазақша Алматыда шыққан. Бес томдық таңдамалы еңбектері 1967 – 1970 жылдары жарық көрді.
Оның ғылыми еңбектерінің көпшілігі минералдық ресурстарды зерттеуге арналған.
Сәтпаев еліміздің қай ұлтының өкілі болса да, бәріне адал қарайтын. Түрлі қиыншылықтарға мұңаюды білмейтін. Үнемі жылы жүзді, жан дүниесі кең, дарынды. Ірі ғалым соғыстың ауыртпалығына душар болып, Қазақстанға келген көптеген мамандар мен ғалымдарға рухани және материалдық көмек көрсеткен.
Қ. И. Сәтпаев құрметіне Жоңғар Алатауы жотасындағы мұздық пен шың аталған. «Сәтпаевит» минералы, «Академик Сәтпаев» гладиолус гүлі, кіші планеталардың бірі, Жезқазған облысындағы қала аталған.
Қаныштың бір ерекшелігі – ол химикпен де, биологпен де, физикпен де, медикпен де, тарихшымен де, филологпен де өздерінің тілінде, ғылыми тілінде сөйлесе білген.

Тапсырмалар.
1. Берілген мәтіннен туынды сын есімдерді теріп жаз, жұрнақтарын көрсет.
2. Мәтіннен есімше тұлғалы етістіктерді теріп жаз, құрамына қарай талда.
3. Сөйлемдерді етіс тұлғалы етістіктермен толықтыр.
1. Әнді біреуге........ 2. Бағасын күнделігіне....... 3. Анама ыдысты........ 4. Сен дәрігерге....... 5. Қатесін досына.........
4. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса: мынаны, зерттелді, арманшыл
Бағалау критерийлері:

2 - нұсқа
1. Мақсаты: оқушылардың өтілген грамматикалық тақырыптар бойынша алған білім деңгейлерін бақылау.
Мәтін
Мамандық таңдау – әрбір мектеп бітіретін түлектің мақсаты. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дейді халық. Барлық адам баласының арманы болары сөзсіз. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді өз қабілетіне қарай таңдап алады. Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Халық алдында шығып ән салатын танымал әнші болу. Адам өмірінің арашасы болатын ақ халатты дәрігер болу. Шәкірттерді білімге жетелейтін ұлағатты ұстаз болу. Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандыққа еңбек етіп жүрген адам керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, егінші, шопан болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал жақсы жұмысшы, кенші, құрылысшы болу үшін өндірісте істеу керек.
Балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп отырады. Болашаққа апаратын тура жол балалық шақтан басталады.
Тапсырмалар.
1. Берілген мәтіннен туынды сын есімдерді теріп жаз, жұрнақтарын көрсет.
2. Мәтіннен есімше тұлғалы етістіктерді теріп жаз, құрамына қарай талда.
3. Сөйлемдерді етіс тұлғалы етістіктермен толықтыр.
1. Ән біреулермен........ 2. Бағасы күнделігіне....... 3. Анам маған ыдысты........ 4. Ол дәрігерге.......
5. Қатесін досына.........
4. Берілген сөздерге морфологиялық талдау жаса: ізденеді, армансыз, әрқашан

Бағалау критерийлері:
«5» - 59 - 50 ұпай
«4» - 49 - 44 ұпай
«3» - 48 - 29 ұпай

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Майқайың кенті, №2 жалпы орта білім беру мектебі КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тонтаева Қарлыгаш Қуанышевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×