Сайтқа кіру Тіркелу

Шәмші Қалдаяқов

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВ (1930 – 1992)

Қазақ халқында «Шәмші, Шәмшінің әні» десе, ішкен асын жерге қоймайтын жан жоқ. Адам жүрегін тебірентетін сезімдердің қайсысы болмасын – асыл ана, ардақты әке, мөлдір сезім, шынайы махаббат – осының бәрі Шәмші әндерінің тақырыбы десек – артық айтқандық болмас...
1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген Шәмші Қалдаяқов – қазақтың ұлттық музыка өнерінің ән жанрына аса айқын келген сазгер. 1950 жылы Сарыағаштағы Қапланбек малдәрігерлерлік техникумын бітірген Шәмші 1951 - 1954 жылдары Қиыр Шығыста әскери борышын атқарды. Шығармашылық жұмыспен 1950 жылдан бастап айналысқан ол 1955 жылы Ташкенттегі музыка училищесінің музыка теориясы факультетіне қабылданды.

Ш. Қалдаяқов – композитор және Қазақстанның халық әртісі. Оның шығармаларының тақырыптық, мазмұны кең. Шәмші шығармаларының қайсысын алмайық, олардың басты тақырыбы – елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның әндері құлаққа жағымды, жүрекке жылы қабылданады. «Ақ ерке – Ақ жайық», «Арыс жағасында», «Сыр сұлуы», «Жарқырайды Жезқазған», «Қарқаралы», «Фосфорлы Жамбыл», «Талдықорған – әнім менің», «Теріскей», «Мойынқұмда», «Отырардағы той», «Өмір – өзен» т. б. өлеңдерінен кең байтақ жерімізге, елімізге деген ыстық ықылас, мейірім, сүйіспеншілік сезімдері байқалады. Ал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу» сияқты әндері жастық жігер мен шаттыққа толы.

Сазгердің «Анатуралы жыры» әрбір аналар мерекесінің, аналар тойының сәні болса, марш екпінді, мағына - мазмұны терең «Менің Қазақстаным» әні бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің әнұраны болып отыр. Ш. Қалдаяқовтың көптеген әндері Р. Бағланова, Р. Абдуллин, Б. Төлегенова, Р. Мұсабаев, З. Қойшыбаева т. б. әншілердің репертуарынан берік орын алды. Ш. Қалдаяқов 1965 жылы Республика жастар сыйлығының лауреаты болды. 1991 жылы Ш. Қалдаяқов жайлы «Жылдарым менің, жырларым менің» атты деректі телефильм түсірілді.

Артына музыкалық мол мұра қалдырған Ш. Қалдаяқов 1992 жылы 29 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды. Сүйікті халқын ән бесігіне, вальс ырғағына бөлеген аса белгілі сазгерді есте сақтау мақсатымен Шымкент қаласындағы облыстық филармония мен бір көше, Алматы қаласындағы бір көше, композитордың туған өлкесі – Шәуілдір ауданындағы музыка мектебі Қалдаяқовтың есімімен аталады. Шымкент филармониясының алдына сазгердің ескерткіші орнатылған. Ал 1992 жылдан бастап жыл сайын сазгерлер мен әншілер үшін Қалдаяқов атындағы халықаралық байқау - фестивалінің өтілуі – Шәмшіге деген халық ілтипатының белгісі. 2002 жылы «Шәмшіғұмыр» атты естеліктер мен мақалалар жинағы жарық көрді.

Сөздік
малдәрігерлерлік - ветеринар
Шығармашылық жұмыс - творческая работа
әскери борышын атқарды - пошел исполнять свой военный долг
қабылданды - был принят, зачислен (пошел в армию)
әндері құлаққа жағымды - приятно слушать

1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.
2 - тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
- Шәмші Қалдаяқов кім?
- Ол қайда туған?
- Шәмші Қалдаяқов қайда оқыды? нені бітірді?
- Сен Шәмші Қалдаяқов қандай әндерін білесің?
- Шәмші Қалдаяқов не туралы жазды?
- Қашан, қайда қайтыс болды?
- Қандай атақтарға ие болды?
- Шәмші Қалдаяқов есімімен нелер аталған?

3 - тапсырма. Сөздердің сөз құрамын анықтаңдар. Шығармашылық, қабылданды, шаттыққа сыйлығының
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×