Сайтқа кіру Тіркелу

М.Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі

Қазақ әдебиеті 7 - сынып
Сабақтың тақырыбы: М. Өтемісұлының «Тарланым» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: М. Өтемісұлы шығармаларының ерекшелігін түсіндіру, ақын өмір сүрген дәуірдегі түрлі қайшылықтардың ақын шығармашылығына әсері туралы мағлұмат беру, Исатай портретінің шебер жасалуын, теңеу ерекшелігін білдіру, өлеңді мәнерлеп оқыту, өлеңді талдай білуге үйрету, тақырыбын ашу, өлеңдегі көркемдеуіш сөздерді табу.
Дамытушылық: оқушылардың тіл байлығын арттыру, өз ойларын еркін жеткізуге, шығармашылықпен, ұжымдық жұмыс жасауға жұмылдыру
Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін сүюге тәрбиелеу
Типі: дәстүрлі
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: сұрақ - жауап, баяндау
Көрнекілігі: электронды оқулық, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка
Тех. құрал - жабдық: интербелсенді тақта
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
Сыныпты 4 топқа бөлу
ІІ Үй тапсырмасын сұрау «Мен саған, сен маған» әдісі
«Мені жалғастыр» әдісі
ІІІ Жаңа сабақ Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Сабақтың барысы:
1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінен сұрақтар қою «Мен саған, сен маған» әдісі.
2. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңін жатқа оқу.
Әр топтан 3 оқушы шығып «Мені жалғастыр» әдісімен жаттау айту
1. Д. Бабатайұлының «Аягөз, қайда барасың?» атты өлеңінің тақырыбы қандай?
2. Өлеңге арқау болған не жағдай?
3. «Аягөз кімнің жері еді?»деген өкінішін қалай түсінесіңдер?
4. Өлеңнің түйіні қандай?
IҮ Жаңа сабақ
Ой қозғау үшін оқушыларға қойылатын сұрақ:
М. Өтемісұлы кім?
Ақынның қандай шығармаларын білесіңдер?
Дауылпаз ақынның 200 жылдығы қай жылы Юнеско көлемінде аталып өтті?
«Тарланым» сөзінің мағынасын қалай түсінеміз?
Білемін Білгім келеді Үйрендім
1804 жылы Орал облысы, Нарындағы Бекетай құмында туған. Махамбет беріш руынан. Арабша, орысша хат таныған. Оның 70 шақты өлеңі және бірнеше күйлері бар. Батырдың сүйегі Алматы, Гурьев, Мәскеуді 17 жыл шарлап, 1983жылы 15 мамыр күні туған жері Қараойға жерленді. Батырға 12 қабырғалы, ішінде11 шумақты өлеңі жазылған мазар салды. Исатай туралы толық мәлімет алу. Тарланым сөзінің мағынасын ашу. Өлеңді жазудағы мақсатын түсіну
Олай болса, туып - өскен жерін, қарыс қадам жері үшін басын бәйгеге тіккен М. Өтемісұлы батырдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Тарланым» атты өлеңіне кеңінен тоқталамыз.
Оқушыларға бұрыннан таныс «Соғыс»өлеңін естеріне түсіру. Махамбет өмір сүрген дәуірдегі соғыс картинасын жасау.(Өлеңнің қанды соғысқа арналғанын, Исатайдың ерлік бейнесін еске түсіреді)
- М. Өтемісұлының өлеңдерінде даналық сөздер көптеп кездеседі. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы ерлік, батырлықты жырлайды. Сондай - ақ, 1836 - 1839жылғы ұлт - азаттық көтерілісіне қатысты. Оларды уақытына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Өлеңдері азаматтық, ел мен жер, азаматтық парызды, рух қайсарлығын жырлайды. Оның көптеген өлеңдері көтеріліс басшысы Исатайға арналды. Махамбеттің «Тарланым», «Мінкен ер», «Исатай сөзі», «Ей, Махамбет жолдасым!», «Исатай деген ағам бар», «Есіл ер»,«Тайманның ұлы - Исатай!», «Исатай сөзі»т. б өлеңдері бар. Махамбет осынша көп өлеңдерін арнаған Исатай кім? (Исатай туралы мәліметтермен таныстыру) Осылайша аға тұтып, ерге тірек, халыққа көсем санаған, қаза тапқаннан кейін аза тұтып, аруағына сыйынып өткен адамы – Исатай. Исатай қазасы Махамбетті қатты қайғыртты, күңіренте егілтті.
- Исатай батырдың киген киімдеріне, ұстаған қару - жарағына назар аударайық.(дулыға, сауыт киген, қалқан, садақ, жебе, адырна сөздерінің ерекшелігін ай айтады) «Тарланым» өлеңін үнтаспадан тыңдатамын (оқушылардан алған әсерін сұрау) «Тарланым» өлеңін мәнерлеп оқыту.
- Өлеңдегі сөз қолданыстарынан ақынның күйзелісте екенін сеземіз.
Өлеңді терең талдау мақсатында оқушыларға өлеңнің өн бойында бір өкініш, қимастық бар екендігін ескерте отырып, дауылпаз ақынның бұл өлеңінің қандай өзгешелігі бар екендігі сұралады.(жоқтау сарынында жазылғандығы айтылады. Қазақ әдебиеті тарихында жоқтау жырлары ерекше орын алатыны сөз болады)
Сөздікпен жұмыс
Кермиық, кербез - паң, сұлу
Тарлан - 1) биікті мекендейтін еркін құс; 2) тұлпар.
Керіскедей - дардай, алпамсадай.
Керіске – көбіне ашық жерде өмір сүреді, жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын, денесі аса үлкен бауырымен жорғалаушы.(слайд)
Фәни - өмір
Жебе - садақ оғы
Сусар - аң
Адырна - садақ жебесін тіреп ататын тарамысы
Шандоз - асыл, ардақты
Академик. З. Қабдолов пікірімен түйіндеу.
(«…Махамбеттің есімі — өмірдегі қасіреттің синонимі, өнердегі қасиеттің символы. Махамбет өлеңі - қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті: әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап - таза қорғасыннан құйылған ап - ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең - жырында жоқ, оның өзге тілге оңай аударылмайтыны да сондықтан.»)
Өлеңді мазмұнын ашу үшін талдауға қойылатын сұрақтар:
- Исатайдың батырға тән бейнесін, ақылдылығын қандай жолдардан көреміз?(кермиығым, кербезім, тебіренбес ауыр мінезім)
- Ал ерлік ісін қандай жолдардан көруге болады?(садағына сары жебе салдырған…, көк шыбығын қанды ауыздай жалатқан)
- Табиғат халқына тіреу болуға жаратқан сегіз қырлы, бір сырлы туысы бөлек тұлға екенін қандай жолдардан білуге болады?
- Сыртқы тұрпатының көз сүрінетіндей келісті де айбындылығын қалай суреттейді?
- Исатайдың батырлар жырындағы Қобыланды, Алпамыстарға ұқсастықтары бар ма?
- Енді ақынның арманын, өкінішін қай жолдардан байқауға болады?(таудан мұнартып ұшқан тарланым, саған да менің арманым, Арыстан еді – ау Исатай!…)
- Өлеңнің батыр қайтыс болғаннан кейін шығарылғанын қалай білуге болады?(өткен шақта айтылған сөйлемге қараймыз. «Арыстан еді – ау Исатай!…»
- Елі үшін қан майданға тайсалмай түскен қайыспас қайсар, қара қазақ қамы үшін халықтан туған ер ұлды жырлаған, соны өнеге еткен, соған асыл сөз маржандарын тізген. Исатай батырдың сом тұлғасын жасаған.
Ү Жаңа сабақты бекіту
1 - топтың тапсырмасы
Электронды оқулықтан «Тарланым»өлеңін ашып көрсетіп, өлең құрылысына талдау.
2 - топтың тапсырмасы
Ақын өлеңіндегі метафора, эпитет, теңеулерді теріп, олардың бейнелік мәнін түсіндіріңдер.
Көркем тіл Мысалдар
Метафора Таудан мұнартып ұшқан тарланым, Арыстаным, көп болды - ау,
Саған менің арманым!
Тарланым, арыстаным, мүйіздім т. б..
Эпитет Ащы дауыстым, терең ақылдым, ауыр мінездім, сұр жебе
Теңеу

Аллитерация

Құландай ащы дауыстым, Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым!
Хиуадай базарлым!
Теңіздей терең ақылдым! т. б.

Құландай ащы дауыстым,
Құлжадай айбар мүйіздім
Қырмызыдай ажарлым!

3 - топтың тапсырмасы
Махамбет пен Исатайға мінездеме жазу. Венн диаграммасы
Алуан сөз образдарын сәйкестендіре отырып, Исатай бейнесін сомда.
Нұр сипатты, келбетті, көркем сымбатты — кермиығым, кербезім,
қырмызыдай ажарлым
Жауының құтын қашыратын қаһарлы – құландай ащы дауысты
Зор тұлғалы айбарлы — құлжадай айбар мүйізді
Отырған жері сәнді - думанды, сері — Хиуадай базарлым
Сабырлы, ойлы, парасатты жан - теңіздей терең ақылдым, тебіренбес ауыр мінездім
Исатайдың ерлігі — Арыстан еді - ау Исатай…
-«Тарланым»өлеңінде Исатайдың «жұртына құрбан болсам» деген мақсатының ірі де ізгілігім ғажап тартымды суреттелген. Махамбет - күйші. Оның бізге жеткен 7 күйі болды. Атап айтсақ, «Шілтерлі терезе»,«Исатайдың Ақтабаны - ай»,«Жайық асу»,« Қиыл қырғыны»,«Жұмыр қылыш», «Қайран, Нарын!». «Өкініш»күйі Махамбеттің бұл күйлерінің барлығы көтерілісті немесе көтеріліс жеңіліс тауып, Исатай қайтыс болып, Махамбет өз елінен безіп, қудалауға түсіп жүрген кезінде шығарылған екен.«Өкініш»күйін таспадан тыңдайық.
ҮІ Жаңа сабақты қорыту
- Міне, біз «Тарланым» өлеңін талдап шықтық. Сонымен Махамбет Өтемісұлы кім?
Топтастыру стратегиясы
1804 - 1846 ж
Исатай - Махамбет көтерілісі тарихта айтулы оқиғалар қатарына кіреді. Көтеріліс жеңіліс тапқанымен, халыққа қысым көрсеткен хан - сұлтандар тағында тұра алмады. Халқы үшін құрбан болған ұлдардың бүгінгі ұрпағы Қазақстанның тәуелсіздігіне куә болып отыр.
Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны, оның батырлығы бір жекпе - жектегі қайратты емес, жалпы адам бойындағы қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр – толғауы бір кезеңнің баяны емес, күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны..
YI Үйге тапсырма беру
«Тарланым»өлеңін жаттау.
«Туады ерлер ел үшін» тақырыбында ойтолғау жазу
Шығармашылықпен жұмыс. «Махамбетше жырлаймын.
YIІ Оқушы білімін бағалау
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...
М. Өтемісұлының

М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі

Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,...
Тарланым

Тарланым

Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...
Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Махамбеттің ақындық, азаматтық бейнесі

Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп- гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Каримова Гульмира Сафиуллиевна...
Махамбет Өтемісұлы

Махамбет Өтемісұлы "Соғыс"

Атырау облысы,Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×