Сайтқа кіру Тіркелу

М. Әуезов шығармаларындағы «Қорғансыздар»

Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов шығармаларындағы « Қорғансыздар» тақырыбы.
Сабақтың мақсаты: білімділік – жазушының қорғансыздар тақырыбына жазған шығармаларына талдау жасау, кейіпкерлер дүниесіне сипаттама беру, жазушының тіл шеберлігіне бойлау; дамытушылық – оқушылардың ойлау қабілетін арттырып, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, құқықтық білімін кеңейту;
тәрбиелік - қиянатшыл қатігездіктен жиренуге, мейірімділікке, рақымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс сот сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, теориялық талдау,
Сабақтың көрнекілігі: жазушының портреті, шығармалар жинағы, ҚР Қылмыстық Кодексі, Мұхаммед Пайғамбардың хадистері, семантикалық карта, слайдтар.
Сабақтың эпиграфы: Қорғансызға пана бола білген жан
Адамдықты биік ұстап тұрады
Ар – ұятты табанға сап таптаған
Зорлықшылдар өз жазасын алады.
Ж. Баласағұн.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу, оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығы.
ІІ. Кіріспе.
- Оқушылар, өткен сабақтарда біз М. Әуезовтің «қорғансыздар» тақырыбындағы бірнеше шығармаларына шолу жасап, үйден олардың толық мазмұнымен танысуды ұйғарған едік.
Ендеше жазушының осы тақырыпқа жазылған шығармалары қандай еді? (оқушылар айтады).
ІІІ. Жаңа сабақ. (мақсаты таныстырылады).
Слайд арқылы семантикалық картамен жұмыс жүргізіледі.

1. Әр әңгімедегі кейіпкерлер аталады.
2. Семантикалық картаға ажыратып орналастырады.
3. Кейіпкерлерге сипаттама жасалып, мінездеме беріледі.

IV. Сұрақ - жауап.
1. Әңгімелерде үстем етушілер қандай қиянат озбырлық жасады?
2. Неліктен жоғарыдағы кейіпкерлерді (аттары аталады) қорғансыздар тобына жатқыздық?
3. «Кім кінәлі?» әңгімесіндегі Ғазизаның өзге қорғансыздардан айырмашылығы бар ма? (Ғазиза шын мәнінде қорғансыз емес, әке мейірімінен тыс қалған қорғансыз).
V. Жазушының тіл шеберлігіне бойлау.
Пейзаж, кейіпкер сипатындағы теңеулер, кейіпкердің көңіл - күйін табиғат құбылысымен астастыра суреттеген тұстарды тауып, мәнерлеп оқыту. («Қорғансыздың күні», «Жетім» әңгімелері бойынша).
VI. Слайдтан Мұхаммед Пайғамбардың 389, 545, 600, 627, 685 - хадистері көрсетіледі. Осы хадистердің қай шығармадағы қай кейіпкерге қатысты екенін айту.
Мұғалім сөзі:
- Ендеше, оқушылар, Пайғамбарымыз бір Аллаға құлшылық ете отырып, өзінің мұсылман қауымын тек жақсылық жасауға, имандылыққа ғана үндеген екен.
Слайдта. Қай шығармадағы кімнің сөзі?
1. «Байдың баласысың, бай жесірдің байысың, бай қайынға күйеусің... оқығаныңа емес, тоқығаныңа бақтың ба? «Жыланға түк біткен сайын қалтырайды» деп, байыған сайын араның ашылып, жұтпақсың ба зарлыны? Қақаларсың әлі - ақ»,- деп салды. ( «Оқыған азамат» Мейірхан сөзі).
2. Бірақ жетімсіреген қорғансыздың ішіне ылғи жалғыздықпен бірге дүниеге сенімсіздік, ешкімге жуымайтын жатбауырлық нығайып, орнай бастады. ( «Жетім» әңгімесі, Қасым туралы автор сөзі).
Мұғалім сөзі:
- Феодалдық қоғамда ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған, тоңмойын жуандардың бірі Ақан болыстың жасаған зорлығын есепке алар ешкім болмаса керек. Қорғансызға пана бола білген жан
Адамдықты биік ұстап тұрады
Ар – ұятты табанға сап таптаған
Зорлықшылдар өз жазасын алады,- деп Ж. Баласағұн айтқандай, Иса, Жақып, Жұмағұл сияқтылардың бүгінгі ұрпақтың алдында есеп беретін күні туды. Осы зорлықшылдардың әділ жазасын беріп, заң алдында жауапқа тартуды болашақ заңгеріміз Құсайынова Лаураға (оқушы) тапсырған едік.
(Оқушы ҚР Қылмыстық Кодексі бойынша дайындаған үкімін оқиды). Қорытынды:
Осы кейіпкерлерді соншалықты қатігездікке итермелеген нендей күш деп ойлайсыңдар? – деп оқушыларға сұрақ қоя отырып, олардың пікірі тыңдалады.
Көркем шығармалардан қандай ғибрат, тәлім алғандықтары сөз болады.
Үйге тапсырма: Ой толғау.
1. Мен сенімен біргемін, Ғазиза! (ұл балаларға).
2. Жығылғанға болдың неге жұдырық?! (қыз балаларға).
Бағалау.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мұхтар Әуезов

Мұхтар Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Жазушының табиғат пен адамдар тағдырын қатар суреттеген «Көксерек» әңгімесінен алған білімдерін жүйелеу, әңгіме мазмұны арқылы басты кейіпкерлердің...
Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Ахмет Әуезовтің «Жас Мұхтар» әңгімесі

Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы туралы тереңірек таныстыру. Саналы түсініп оқу, мәнерлеп оқу және дұрыс оқу машығын жетілдіру. Шығармадағы...
Ғ.Мүсірепов

Ғ.Мүсірепов "Ананың анасы"

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Әңгіме мазмұнын толық меңгерте отырып, кейіпкерлер бейнесін ашу, жазушының тіл шеберлігіне талдау жасау. Өз...
Адамгершілік құндылықтар

Адамгершілік құндылықтар

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға селосы Жанкелдин орта мектебі, тарих пәні мұғалімі: Жантілеуова Бақыт...
Бір атаның балалары әңгімесіндегі кейіпкерлеp бейнесі

Бір атаның балалары әңгімесіндегі кейіпкерлеp бейнесі

Қызылорда облысы, Жосалы кенті № 121 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Гулжанат...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×