Сабақтың мақсаты.
Білімдік: Оқушылардың леп белгісі қойылатын орындар, леп белгісін қоюдың себептері жөніндегі пунктуациялық дағдыларын қалыптастыру, жаңа материалды меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың пуктуациядан алған білімдерін әрі қарай дамыта отырып, ойлау дәрежелерін арттыру, мәнерлі сөйлеп, сауатты жазуға, өзіндік шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, байланыстыра шешен сөйлеуге үйретуге тәрбиелеу, оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Аралас сайыс сабақ, тірек сызбалар арқылы, ауызша тілді дамыту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, топпен жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың мақсатын айқындау:
а). Тыныс белгілерін дұрыс танып оқи білу, дайын мәтінді ырғағына келтіре оқи білу – үлкен шеберлік, сауаттылық, мәдениеттілік екенін еске ұстап, соған жаттығып, есте сақтауға тырысу;
ә). Леп белгісінің қойылу себебін білу;
б). Мәнерлі, көркем оқуға жаттығу;
в). Әдемі айтуға, сөйлеуге жаттығу;
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарының бар - жоғын тексеру. Тілді жаттықтыру кезеңі. Топтарды таныстыру.
Сабағымызды бір - бірімізге жақсы тілектер айтудан бастаймыз (топтар бір - біріне жақсы тілектер айтады).
Одан соң оқушылар бір - біріне жақсы тілектер айтады. Содан кейін өзім оқушыларға және қонақтарға ақ тілектер айтып, мына өлеңмен сабақты бастаймын:
Тілеймін халқым амандық,
Келмесін басқа жамандық.
Шапағат нұрға шомылып,
Биікке ұмтыл ғаламдық!
Ал енді балалар, жаңа біз бір - бірімізге жылы - жылы лебіздер мен жақсы тілектер тіледік.
– Осы тілектердің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?
– Леп белгісі.
Мұғалім: – Ендеше бүгінгі күннің атын, сабақтың тақырыбын дәптерлеріңе жазып қойыңдар.
II. Үй жұмысын тексеру.
Алдымен біз жаңа сабақты бастамас бұрын үй тапсырмасын еске түсіріп көрелікші:
1. Пунктуация дегеніміз не?
2. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
Жауап: Сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте, көп нүкте.
Сонымен қатар, сөйлем соңында қабаттасып келетін тыныс белгілері де бар: атап айтқанда, сұрау белгісі мен леп белгісі (?!), Леп белгісі мен сұрау белгісі (!?), көп нүктелі сұрау белгісі (?..), көп нүктелі леп белгісі (!..).
3. Сөйлем ішіне қандай тыныс белгілері қойылады?
Жауап: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері мыналар: үтір (,), сызықша (–), нүктелі үтір (;), қос нүкте (:), жақша ( ), тырнақша (“ ”).
4. Нүкте қандай жағдайларда қойылады?
Жауап: 1). Адамның аты, тегінің бас әріптері шартты түрде қысқартылып алынғанда нүкте қойылады.
2). Тағысын тағылар, тағы басқалар деген сөздер қысқартылып алынғанда нүкте қойылады.
3). Жыл, ғасыр, сағат, мунит, секунд сөздері қысқартылып қолданылса, нүкте қойылады.
III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қойылатын орындары
Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерден соң қойылады. Ұранды сөйлемдерден кейін қойылады. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен “жоқ”, “иә” деген сөздерден кейін қойылады. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін леп белгісі қойылуы мүмкін. Сәлемдес - кенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады.
Шіркін, айтушы мен болғанда, ұқтырушым сен болсайшы, Абай! Ақырмаңыз! Тоқтатыңыз мынау бассыздықты! Біз, қазақ, ежелден еркіндік аңсаған! Тоғжан! Япырмай; жақсы айттыңыз - ау! Жоқ! Бармаймын. “Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық! Ділда! Мұның жары! – Есенсіз бе! – деді Асқар Айбалаға келіп.
Қуаныш Реніш Өкініш
Алақай, паһ, шіркін Ту, ойпырмай, ойбай, әй Қап, ту - у, ойпырмай
Сүйсіну Риза болу Таңдану
Паһ, шіркін, ту - у Бәрекелді, еһе, пай - пай Апырай, ой, е - е, а, о
“Салыстыру” стратегиясы.
Сөйлем соңына леп белгісін қою үшін оны танытатын белгінің бар - жоғын анықтап алу керек, ол үшін мына сөйлемдерді салыстырамыз:
– Түу, бұл үлкен сыйлық қой, ақсақал!
Аса ризашылық сезіммен, көтеріңкі
леппен айтылып тұр, сондықтан леп белгісі (!)
қойылады.
– Қыран болатынын қайдан? білесіз?
Көңіл күйі көрінбейді, сұрау мәні бар, сұрау белгісі (?) қойылады.
Қарт балапанның кішісін мақтады.
Көңіл күй мәні де, сұрау да жоқ, хабар бар, сондықтан (.) нүкте қойылады.
Оқулықпен жұмыс. Поэзия стратегиясы.
Екі топқа да М. Мақатаевтың “Биылғы май” өлеңін дауыс ырғағына келтіріп, бөліп, мәнерлеп оқытамын.
Өлең оқылып болғаннан кейін леп белгісі қойылған орындар табылып, олардың белгісі (себебі) анықталады.
“Келісу - келіспеу” стратегиясы.
I топ
Оқушылар неге келісетін – келіспейтіндіктерін түсіндіріп береді.
1. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады. (Келісемін).
2. Сөйлем соңында тек қана нүкте қойылады. (Келіспеймін).
3. Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады. (Келісемін).
4. Аяқталмаған сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады. (Келісемін).
5. Сөйлем соңында тыныс белгілері қабаттаса қойылады. (Келісемін).
6. Хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылмайды. (Келіспеймін).
7. Ұранды сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін).
II топ
1. Сұраулы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін).
2. Сұраулық мәнін көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады. (Келісемін).
3. Егер сұраулы сөйлем лептік интонациямен айтылса, сұрау мен леп белгілері қабат қойылады. (Келісемін).
4. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы лексикология деп аталады. (Келіспеймін - Пунктуация).
5. Ұзындық, көлем өлшемдерінің (км, м, см, га, л, т. б.) және басқаларының қысқартылып қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды. (Келісемін).
6. Жалпылауыш сөздерден кейін нүкте қойылады. (Келіспеймін). Мысалы: Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
7. Бастауыш пен баяндауыш атау тұлғалы сөзден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. (Келісемін). Мысалы: Болат – ұстаз.
“Аквариум” ойыны. (Оқушылардың белсенді тобымен жұмыс, жаттығу).
Ең әуелі тақтаға аквариум, оның ішіндегі балықтар салынады. Мұғалім талапкерді тақтаға немесе сыныптың ортасына шығуға екі топтан бір баладан шақырады. Оларға нақты тапсырма беріледі. Қалған оқушылар оқиғаның өтіп жатқаның жақсы көретіндей тәртіппен дөңгелене отырады. Олардың негізгі міндеті – оқиғаны бақылау. Кейін жаттығуды талқылаған кезде өз әсерлерін, ескертпелерін, ұсыныстарын айтады.
Тақырыбы: “Егер мен Президент болсам...”
Шарты:
1.“Аквариумдегі”, яғни белсенді қатысушы оқушыларға дайындалуға және өз сөздерінің тезистерін жазып алуға 2 минут уақыт беріледі.
2. Одан соң әрбір қатысушы шығып сөйлеуге 1 минут уақыт беріледі.
3. Оппоненттердің немесе “халықтың” сұрақтарына жауап беруге 1 минут уақыт беріледі.
Екеуі сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап бергеннен кейін “халық” кімге және не үшін дауыс берілгенін шешеді.
Ой қозғау стратегиясы.
1 - топ
РАФТ. Ой толғаныс.
Роль – Елбасынан
Аудитория – 7 - сынып оқушыларына
Форма – хат
Тақырыбы – Аманат хат
2 - топ
РАФТ. Ой толғаныс.
Роль – 7 - сынып оқушыларынан
Аудитория – Ел басына
Форма – хат
Тақырыбы – Алғыс хат.
«Иә» және «Жоқ» стратегиясы
Оқушыларға тест сұрақтары үлестіріліп беріледі де, олар орындағаннан кейін талқыланады. Тест 15 сұрақтан құралған.
1. Сөйлем соңына тек нүкте ғана қойылады.
Иә. (Жоқ.)
2. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден соң қойылады.
(Иә.) Жоқ.
3. Тыныс белгілері туралы ережелер жинағы пунктуация деп аталады.
(Иә.) Жоқ.
4. Ой аяқталмағанда нүкте қойылады.
Иә. (Жоқ.)
5. Бата, тілек мәнді сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
6.– Өркенің өссін, азамат!
– Көп жаса, қарағым! деген сөйлемдерден соң сұрау белгісі қойылады.
Иә. (Жоқ.)
7. Өкініш, реніш мағынасын білдіретін сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
8. Паһ, шіркін, өңеріне болайын – деген сөйлем сүйсіну мағынасын көрсетіп тұр.
(Иә.) Жоқ.
9. Күн ыстық па? – деген сөйлем хабарлау мағынасын білдіріп тұр.
Иә. (Жоқ.)
10. Аяқталмаған сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады.
(Иә.) Жоқ
11. Хабарлы сөйлемнен кейін нүкте қойылады.
(Иә.) Жоқ.
12. Сөйлем аяғында нүкте қойылады.
(Иә.) Жоқ.
13. Көне түркі: Орхон, Енисей, Талас жазулары қазақ тілінің негізі болып саналады.
(Иә.) Жоқ.
14. Көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
15. Ұранды сөйлемдерден кейін леп белгісі қойылады.
(Иә.) Жоқ.
IV. Сабақты қорытындылау.
“Топтастыру стратегиясы”.
Тақтаға оқушылардың көмегімен гүл бейнесіндегі сызбалар орналыстырылады. Ең әуелі нақ ортасына “леп белгісі” деген сызба ілініп, соның жан - жағына леп белгісіне байланысты сызбалар қойылады, оларды оқушылар атап отырады.
Одан соң оқушыларға сұрақ қойылады:
– Біздің сызбаларымыз неге гүл тәрізді жасалды?
– Тақтадағы гүл сызбаларының саны нешеу?
– Жетеу.
– “Жеті” деген қазақтарда қандай сан?
– Қасиетті сан.
– Ендеше жеті санына байланысты аталарымыздан қалған қандай асыл сөздерді білесіңдер?
1. Жеті шәріп. (Жеті әулие).
2. Жеті қазына.
3. Жеті ата.
4. Жеті күн.
5. Жеті жұт.
6. Жеті жоқ.
7. Жеті ғашық.
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма. 43 - 44 бет, оқып келу. Шешендік сөздерден бата жасау, тілек айтуды көрсететін мәтін тауып келу.
Леп белгісі, қойылатын орындары
- Кайрат
- 8 қыркүйек 2013
- 39805
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі мен әдебиеті, леп белгісі, қойылатын орындары топпен жұмыс
Ұқсас жаңалықтар:
қазақ тілінен 9 сыныпқа арналған тест нұсқалары
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы №2 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Шәріп Қарлығаш Әлімхатқызы...Лепті сөйлем
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ бастауыш сынып мүғалімі Ахметова Бахыт Махметовна...Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте.
СҚО, М. Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, №4 Булаев орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ысқақова Д.Ш....Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілер. Нүкте
СҚО, Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаев орта мектебі ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Искакова Дамежан Шаймұранқыы...Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.