Сайтқа кіру Тіркелу

Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі.

Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесі.

Мақсаты: Сәкен Сейфуллинің ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы сыршыл да шыншыл ақын өмірі мен шығармашылығына рухани ықпал ету. Мемлекеттік тілді қастерлеуге,оқушыларды білімге,туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

1.Жүргізуші:
Құрметті қонақтар,ұстаздар,оқушылар! Қазақстан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестифалінің аясында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғаларының бірі, ақын - жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері – Сәкен Сейфуллин көшесінің мерекесіне хош келдіңіздер!

2.Жүргізуші:
Құрметті қауым! Астана қаласы N3 мектеп-гимназиясының оқушы-лары мен ұстаздарының мерекесіне хош келдіңіздер! Бүгінгі мереке Қазақ-стан халқы тілдерінің ХІІІ қалалық фестифалі және егеменді еліміздің Тә-уелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.

1. Жүргізуші:
Арманшыл, балғын түлектің,
Бойына қанша гүл ектің?!
Шәкіртің үшін аянбай,
Жылуын бердің жүректің!
Қазақ биі орындалады.
2 Жүргізуші:
Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдері арасындағы достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту.
1 Жүргізуші:
«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ.» Тәуелсіз, егемен елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Тіл халықпен өмір сүріп дамиды, себебі, әр ұлттың тілі – оның бақыты, тірегі.
«Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, маңыздысы бола береді.» Нұрсұлтан Назарбаев.

2. Тіл туралы өлең-тақпақтар оқу.
1. оқушы:
Туған тілім-бабам тілі-өз тілім!
Туған тілім-анам тілі-өз тілім !
Туған тілім –далам тілі-өз тілім!
Туған тілім-адам тілі-өз тілім!
2. оқушы:
Қай халықтың тілі болсын - өзіне тән қымбатты да қимас қа-зынасы. Сол себепті, біздің ана тіліміз - алтындай асылымыз, мөл-дір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
3. оқушы:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстан Республи-касының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде», - деген болатын. Мемлекеттік тілді үйрену,білу, да-мыту - баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып сана-лады.»
4. оқушы:
Қазақ тілі борандатқан дауыл күй!
Қазақ тілі - өлең, жыр мен ән мен күй!
Байқасандар қазақ тілі осындай
Аққан судай, ескен желдей табиғи!
5. оқушы:
Сегодняшний Казахстан - многоязычная, политическая страна, в которой проживают народы, говорящие на языках разных групп. Еще Максим Горький говорил: «Надо воспитывать в себе вкус к хорошему языку, как воспитывают вкус к гравюрам, к хорошей музыке.»
6. оқушы:
Kazakhstan multinational independent equipment Tztre are 126 nationalities in it alse thore
3. Are Tv and radio programmes, publications of newshifhers and magazines in different languages.

7 оқушы:
Тілдің бәрі қымбат маған,
Әр ұлт тіл сырын сақтаған
Бәрінен де сен артықсың,
Қазақ тілім,жыр баптаған!
Тілім барда мақтанамын
Әнімді айтып шаттанамын,
Сол тілімнің құдіреті,
Таптатпаған жатқа бағын!

8 оқушы:
Қазақ халқының мақал-мәтелінде поэзиядағы ырғақ,үйлесім, үндестік, ой өткірлігі бар.
- Тілі бардың-елі бай.
- Тіл тас жарады,тас жармаса ,бас жарады.
- Өнер алды-қызыл тіл.
- Шебердің қолы ортақ-шешеннің ойы ортақ.

9 оқушы:
The school has doors that open wide
And friendly teachers wait inside
Hurry . hurry lets go in
For soon the lessons will begin.
Kazakh and English I will need
When I stsrt to write and read
Lots to learn and lots to do
I like studying languages
And whst about you?

10 оқушы:
Сүйемін туған тілді-анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ол тілменен үйрендім нәрсе аттарын.
Сол тілменен әдетті мен жаттадым.
4. Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты.
Сүйгенім,жеккөргенім,ұнатқаным.

11оқушы:
О,шіркін,қазақтың нақыл,шешен сөздері жанға жайлы,жүрекке жылы тиеді емес пе?
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз «Шешеннің тілі-шебердің бізі» деген. Ал, Қадыр Мырза Әли атамыз: « Қай елде де
болсын,тұрақты болу керек бір ақ - тіл!» деген емес пе еді?
12оқушы
Иә, « тілі төрдегі елдің - туы өрде » дегендей тіліміздің мәрте-бесін үнемі жоғары көтерейік. Қазақ тілі асқақтап, өркендеп қана-тын жая берсін!

Бәрі бірге: Тіл мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрманғазының күйі «Балбырауым» орындалады.
1 Жүргізуші:
Тәуелсіздік жолы қасиетті – жол, күрес жолы, үміт жолы, ар-намыс жолы. Тәуелсіздік жолы қазақ елін өз Отанына айналдырған халықтармен тіл табысу, үйлесімді өмір сүру жолы.
2 Жүргізуші:
Тәуелсіздік 20 жасқа келдің бе?
Бостандықты ерлікпенен жеңдің бе?
Бағзы бірде арман боп ең біз үшін,
Отаныма бақыт құс боп еңгізген.

1 Жүргізуші:
Рәміздерім!
Сен неткен маңызды едің.
Сенсің асыл қазынам нағыз керім,
Төбенде ту, төсімде елтаңбам бар,
Әнұрандай аузымнан ән үзбедің.

5. Өлеңдер оқылады.
1.
Елінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
2.
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар,
Неткен сұлу, неткен көркем
Осы менің туған өлкем.
3.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамыз бен атамыз.
4.
Отанды жас, кәріміз де,
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып, өмір сүреміз.

5.
Отан деген – ата-мекен,
Отан деген туған жер.
Отан – ана, Отан – үлкен
Қазақстан – туған ел.

Қазақстан туралы ән.

2 Жүргізуші:
Өлімге жан екенсің қия алмайтын,
Өлеңнің құшағына сия алмайтын.
«Қазақты көргің келсе, міне осы»,Көрсетсе жер жүзіне қиялмайтын,-деп ақын Сырбай Мәуленов жырлағандай қазақтың маңдайына біткен біртуар перзенті. Қазақ әдебиетінің негізін салушы, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында 1894 жылы дүниеге келген.

1 Жүргізуші:
Сәкен туған жерін, өскен елін шын сүйген, ұлағатты болған , халқы-мыздың көзін ашып , көкірегін оятуға жанын салған жалынды жан. Өз халқы-ның сауаттылығы, білім - ғылым жолына ұмтылуы, әдебиетті, мәдениетті басқа елдермен терезесі тең деңгейге көтерілуі үшін еткен еңбегі ұлан-ғайыр.
Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол,тайғақ кешу» романынан қойылым.
Ақын «Сәкенге арнау» өлеңін оқиды.
1 Жүргізуші:
Тәуелсіздік, Қандай киелі сөз, ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман –аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығы – елдіктің, егемендіктің, кемелдеу мен келешекте құлаш сермеудің тамаша кезеңі.
Би билейді. Шарлар жіберіледі.
2 Жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

1 Жүргізуші:
2011 жыл еліміз үшін ең басты мереке – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы құтты болсын!!!
2 Жүргізуші:
Тілдер мерекесі құтты болсын! Қазақстан жасай бер!

1 Жүргізуші: Келесі кездескенше ! Сау болыңыздар!

Астана қаласы, № 3 мектеп-гимназиясының
қазақ тілі пәні мұғалімі
Сыздықова Сәуле Серікқызы
Кері қайту
Ілмек сөздер: Сәкен Сейфуллин
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×