Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;
Тәрбиелік: Тіл өнерінің құдіретін ұғына білуге, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойландыру, оқушы әрекетін ұйымдастыру, ізденушілік қабілетін ояту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивтік тақта, слайдтар, шар, сағат, барабан.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық /көңіл күйлерін анықтау /
2. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ.
а) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?
ә) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Ой қозғау: Еліктеу сөз туралы не білеміз?
Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол - таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс - әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс - әректтерді орындаушымыз.
Оқушылардың назарын аудара отырып,"Дыбыстық еліктеуіш" сөздерді ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсетіледі.
Сіріңке жағып, стакандағы суға батырамын.
Сұрақ:
- От қайтып сөнді?
- От быж етіп сөнді.
- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?
- Құлағымызбен естідік
2. Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.
- Сағат қалай жүріп тұр?
- Сағат тық - тық етіп жүріп тұр.
3. Барабан соғу.
- Барабан қайтті?
- Барабан дүңк - дүңк етті.
4. Шар үріп, атып қалу.
- Шар қалай атылды?
- Шар тарс етті.
Сұрақ:
а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріне байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?
ә) Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадық?
(Оқушылар өз бетімен "Дыбыстық еліктеуіш"сөздердің ережесін шығарып, оқулықпен салыстырады)
Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
1. Оқушының атын атап өзіме қарату.
- Диас қалай қарады?
Диас жалт қарады.
2. Шам жағып сөндіру.
- Шам қайтті?
Шам жарқ ете қалды.
3. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау.
- Мұғалім қалай тоқтады?
Мұғалім кілт тоқтады.
Сендер біраз нәрсе көрдіңдер.
Осыдан не ұқтыңдар?
(Ереже шығарып, оқулықпен салыстыру) Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз.
Тапсырма
1 - топ Оқулықпен жұмыс
297 - жаттығу. Еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын табыңдар
2 - топ 304 - жаттығу
Еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын табыңдар.
1 - топ Шығармашылық тапсырма
Суретке қарап, еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөздерді қатыстырып мәтін құраңдар.
2 - топ "Менің інім қаз басты" өлеңін оқып, еліктеу сөздерді табыңдар.
Халықтың осындай салты туралы не білесіңдер.
1 - топ Бос орынға еліктеу сөздерді қой.
............ жаңбыр жауды.
Күн................ күркіреді
Олар................ күлді.
Уәлихан.................. жымың - жымың етеді.
Ай сәулесіне шағылса.............. етеді.
........... сатұр - сұтыр еткен дауыс естілді.
Қортындылау:
Не білдік, не үйрендік?
Үйге тапсырма: 301 жаттығу (шарты бойынша орындалады)
Бағалау
Еліктеу сөздер туралы түсінік
- Уразтаева
- 29 сәуір 2013
- 26853
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, сөз таптары, еліктеу сөздер
Ұқсас жаңалықтар:
Негізгі және туынды еліктеу сөздер
Сабақтың мақсаты: Негізгі және туынды еліктеу сөздер туралы түсінік беру....Сөз таптары 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру....Еліктеу сөздерді қайталау
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...Еліктеуіш сөздер
Шығыс - Қазақстан облысы, Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерғазинова Оразкен Қойшыбекқызы...Еліктеуіш сөз
Білімділік: еліктеу сөздің мағыналық түрлерін біліп, еліктеуіш сөздің мағынасын, пайда болу тәсілін, қолданылу аясын түсіну; Дамытушылық: ой...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.