Сайтқа кіру Тіркелу

Сөзжасамнан өткенді қайталау

Сабақтың тақырыбы: Сөзжасамнан өткенді еске түсіру
Сабақтың мақсаты: Өткен оқу жылында сөзжасам тарауы негізінде алған білімдерін еске түсіру, пысықтау, тиянақтау.
Білімділік: Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу, білімді жетілдірудегі негізгі заңдылықтарды есте берік қалдыру, білімдегі олқылықтарды жою. Ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту.
Тәрбиелік: оқушыларды ізденімпаздыққа, өз ойын айта білуге, сауатты жазуға, ұқыптылыққа баулу, бірін - бірі тыңдай білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін шыңдау, ептіліктерін ұштау, зейінін тұрақтандыру, еркін сөйлеуге баулу, талдауға дағдыландыру;

Сабақтың түрі: білім, білікті арттыру сабағы.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысын орындату, тест жұмысы, 1здендіру, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, тақта, бор, оқулықтар.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу.
ә) Оқу - құралдарын түгелдеу.
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
29 - жаттығу: Қарапайым сөйлемді тұрақты тіркеспен өрнектеп айтуға ізденіп келу үйге берілген болатын, үй жұмысы тексеріліп, сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптарға қорытынды жасаймын.

ІІІ. Бекіту:
Берілген тірек сөздерін пайдалана отырып өлең жазу.

(синоним) (антоним)
Шолақ – қысқа Бар – жоқ
Мүсін – нұсқа Аш – тоқ

Әдемі – сұлу Қисық – түзу
Ыстық – жылу Жөндеу – бұзу

Мықты – берік Қараңғы - жарық,
Ажар – көрік. Семіз – арық.

Ұйқасын тап
(ұйқасы омоним болу керек)

1. Бала үшін әкелер,
...............................
Көмекке келсе шешеміз,
................................

2. Жалтақтайсың тау жаққа,
Ентелейсің бау - баққа.
Бөрі тап боп жүрмесін,
Ұзай көрме... (аулаққа)

1. Қарамен жазылған сөздерді басқа қай сөзбен ауыстыруға болады?
2. Дауыссыз дыбыстарды тап.

Қорытындылау:

Қайталауға арналған тест сұрақтары
1. Лексика нені зерттейді? 4. Диалект сөздерді табыңдар:
А) тіл дыбыстарын А) сым, құдағай, бәдірен
Ә) сөз мағыналарын, сөздік Ә) ұлтан, қайыс, біз
қор мен сөздік құрамды Б) қорамса, садақ, аға сұлтан
Б) сөз тіркестері В) күпі, тулақ, шекпен
В) тыныс белгілерін
5. Жаңа сөздерді табыңдар:
2. Дауысты дыбыстардың жасалу А) зейнетақы, салымшы, келісімшарт
ерекшелігін табыңдар: Ә) тарих, келі, диірмен
А) өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды. Б) келсап, ұршық, шошала
Ә) салдырдан тұрады. В) қойма, атыз, лапас
Б) өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды.
В) үн мен салдырдан тұрады. 6. Біріңғай қысаң дауысты дыбыстар
тұратын сөзді табыңдар
3. Көнерген сөздерді табыңдар: А) жұлдыз
А) уәзір, болыс, ояз Ә) әліппе
Ә) тұқым, тоқаш, кәсе Б) балапан
Б) қырықтық, қой тоғыту, қой төлдету В) өгіз
В) құжат, кеден, сынып

7. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай бөлінеді:
А) ұяң, үнді, қатаң
Ә) қатаң, еріндік, езулік
Б) ашық, қысаң, ұяң
В) үнді, жуан, жіңішке

8. Біріңғай буынды сөзді табыңдар:
А) егеуқұйрық
Ә) торғай
Б) баспана
В) ара

9. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңдер:
А) төрт
Ә) ешкі
Б) сауысқан
В) гүлдер

10. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар:
А) құлақ аспау
Ә) құлақ - дене мүшесі
Б) құлағы жаурады
В) өз құлағымен естіді.

ІІІ. Жаңа сабақ:
1. Суретке қарай отырып, тірек сөздерді пайдаланып мәтән жазыңдар.
2. Тірек - сызба арқылы сабақты түсіндіру.

ІҮ. Пысықтау:

36 - жаттығу: Сызбаны негізге ала отырып, мысал келтіру:

Үлгі:
Дара сөздер Күрделі сөздер
Түбір сөз Туынды сөз Қос сөз Біріккен сөз Қысқарған сөз Тіркескен сөз
шешен шешендік Ағалы - інісі Айнұр, Нұрлан Ұжымшар, ТМД Он бес, өте кең

37 - жаттығу: Түбір мен қосымшаны бөліп көрсетіңдер. Үлгі: көр+ші

39 - жаттығу: Берілген сөздерден жаңа сөздер жасаңдар:
Мысалы: Алабұға, оқу - ағарту, асық жілік.

Ү. Сергіту сәті:
Қызықты мәліметтер: Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады екен. Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады. Ұша алатын жалғыз сүт қоректі – жарқанат. Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек. Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды. Тек екі жануар ғана мойын бұрмай - ақ артындағыны көре алады, олар - қоян мен тотықұс. екен.. Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады екен.

Осы сөйлемдердің ішінен күрделі сөздерді табу.

42 - жаттығу: Бірігу жолымен жасалған кісі есімдерін жазыңдар.

38 - жаттығу: Мәтінді жалғастыра отырып, сөзжасам ережесін ауызша еске түсіріп, мысалдарыңды жазбаша келтіріңдер. Қандай ереже шығарар едіңдер.

ҮІ. Қорытындылау:
Сұрақтар қою арқылы тақырыпты қорытындылау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:
40 - жаттығу: Мақал - мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.
Үлгі: Ақыл+ды мақта+н+са, іс+ті тын+дыр+ар.

ҮІІІ. Бағалау:
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×