Сайтқа кіру Тіркелу

Оқушы құзіреттілігін арттыру

Оқушы құзіреттілігін арттыруда модульдік технологияның тиімділігі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасауда. Оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс - әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.

Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан - жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді. Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50 - ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет - ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру - әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, тұрмыс пен өмір тәжірибесі сынынан өткен салт - дәстүріміз педагогикалық әдіс - тәсіл ретінде пайдаланылады.

Көптеген әдіс - тәсілдердің ішінде мен 2006 - 2007 оқу жылынан бастап «Модульдік оқыту технологиясының элементтерін» сабағымда қолданып жүрмін. Бұл технологияның маған және оқушылардың құзіреттілігін арттыруға тигізер көмегі мол болды. Бұл технологияның тиімділігі – оқушы алған білімін тереңінен жинақтап түсініп, білімін жаңғырта отырып, өткен материалдарды есінде сақтап қалады. Оқушылар өткен материалдарды үнемі қайталап жаңғыртып отырады және теориялық алған білімдерін түрлі ойын түрлері арқылы тәжірибеде қолданады. Ең бастысы сауаттылықтары, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық және синтаксистік талдауларды игерді. Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі «Тұлғаның танымдық қаблеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін қанағаттандыруға белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы». Технологияның төмендегі үлгіде көрсетілген әдіс - тәсілдері бар.

Осындай әдіс - тәсілдерді қолдана отырып, еліміздің өркениетті болашағын қалыптастырамыз. Модульдік технология арқылы білім алған жеке тұлға мынадай болады:

Сіздердің назарларыңызға осы модульдік технология арқылы жасалған сабағымды ұсынып отырмын.
Мысалы: қазақ тілі пәнінен «Стильдерді қайталау» сабағында «Бақытты сәт» ойынын қолдануға болады.
“Бақытты сәт” ойыны. Сабақтың тақырыбы: Стильдер.
Сабақ түрі: қайталау сабағы
 Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, алған білімдерін саралауға және тез шешім қабылдауға үйрету.
 Көрнекі құралдар: сандықша, сағат, бағалау парағы, фишкалар.
 Оқушыларды екі топқа бөлемін. Сабақ 5 геймнен өткізіледі.
 І топ “Білімділер”, ІІ топ “Тапқырлар”
І гейм. “Бой сергіту”.
 Екі топқа 10 сұрақ беріп, дұрыс жауапқа фишка беремін.
 Қазақ тілінде стильдің неше түрі бар?
 Ғылыми стиль дегеніміз не?
 Ауыз екі сөйлеу стилі жайлы айт.
 Көркем әдебиет стиліне нелер жатады?
 Газет - журналдардағы мақалалар стилдің қай түріне жатады?
 Ресми іс - қағаздар стиліне нелер жатады?
 Роман, әңгіме стильдердің қай түріне қатады?
 “Өтініш” стильдің қай түріне жатады?
 Ғылыми стильдерде қандай сөздер көп қолданылады?
 Стилистика нені зерттейді?
ІІ гейм. Сандықшадағы жұмбақтар.
 Сандықшадан оралған кеспе қағаздарды алып, ондағы мәтіндердің қай стильге жататынын анықтайды.
 Мәтін.
Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 150 - 200 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылу сүйгіш ағаштар қатарына жатады.
2. Мәтін
Ауруханаға бару үшін мені сабақтан босатуыңызды сұраймын.
3. Мәтін
- Мереке құтты болсын.
- Рахмет, саған да ұлыс құтты болсын.
- Саған табыс, сәттілік тілеймін.
- Тілегің үшін көп рахмет.
4. Мәтін
Заттың атын білдіретін сөз табын зат есім дейміз. Ол деректі, дерексіз, жалпы, жалқы бөлып бөлінеді.
ІІІ гейм. Кім жылдам?
Үш сөйлем беріледі. Олар қай стилге жататынын кім тез тапса фишка сол топ мүшелеріне беріледі.
 Мен, Асанов Үсен бұдан былай сабақтан кешікпеуге сөз беремін.
 Емен өзінің иілмейтін менмендігімен, аяқ - қолы салбыраған қалыпта, күлімсіреген екі қайыңның ортасында тұр.
 – Кеше неге сабаққа келмедің?
ІҮ гейм. Сен – маған, мен – саған.
 Екі топ бір - біріне сұрақ қойып, фишка береді. Ал сұраққа жауап бере алмаса, фишка өздерінде қалады.
Ү гейм. Көсемдікке ұмтылу.
Бұл енді топтық емес, жеке жұмыс. Әр оқушы сұраққа жауап беріп, фишка жинап, көсемдікке ұмтылады. Кім көп жинаса, сол көсем болады. 12 сұрақ беріледі.
Міне осындай сабақтар арқылы оқушылар білімдерін шыңдап отырады. Әдебиет сабағында «Әдебиет лотосы» ойыны оқушылардың алған білімдерін жаңғыртуға, еске түсіруге тиімді ойындардың бірі. Бұл ойынды мен аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен өткен семинарда өткізген «Айтыс - халық тарихы» атты сабағымда қолдандым.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұрпақтарының құзыреттілігін арттыру мұғалімнің міндеті екенін ұмытпауымыз керек.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түр ...

Қазақ тілі сабақтарында жаңа модульдік технологияларды, диалог, монолог түрлерін қолдану барысында ауызекі сөйлеу тілін дамыту...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа технологияларын қолдану. Баяндама

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, № 4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалім Баешова Жұлдыз...
Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану

Ақсу қаласының №4 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М. Қ. Теміржанова...
«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ  ...

«ҚР Тілдер туралы» Заңының негізгі бағыттарын жүзеге асыру саласында қазақ ...

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Есіл ауданы, Чириковка орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәндерінің мұғалімі, оқу ісінің...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×