Сайтқа кіру Тіркелу

«Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге талдау жасау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Поэмамен терең таныса отырып, шығармадағы Абылай, Баян, Ноян, қалмақ қызы бейнелерін ашу, кейіпкерлер сипатын сан қырынан талдай отырып, оларға баға бергізу.
Тәрбиелік: Мағжан поэмасындағы образдар жүйесіне баға бере отырып, ақынның асқақ тұлғасы мен бай шығармашылығына деген қызығушылықтары мен сүйіспеншілігін ояту.
Дамытушылық: Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне, өзгенің пікірін тыңдай білуге, өзінше ой түюге, шығармашылықпен жұмыс істей білуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: алдын - ала тапсырма беру, талдау, жинақтау, пікірталас, сұрақ -
жауап, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мағжанның портреті, шығармалар жинағы, пікірлер
жазылған слайдтар.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі мен тарих.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Негізгі бөлім.
«Батырлық дегеніміз – жан дүниенің ұлы қасиеті».
«Батыр Баян» поэмасын құрылысына қарай талдау.
Жалпы сұрақ.
- Поэмада қазақ халқы тарихындағы қай кезең суреттеледі?
- ХҮІІІ ғасырдағы Жоңғар шапқыншылығы.
І. Шығарманың басталуы (неден?)
ІІ. Оқиғалар байланысы (Баян қайда, батырсыз соғысқа қалай барамыз?)
ІІІ. Дамуы (Ноянның 14 - тегі қалмақ қызын алып қашуы)
ІҮ. Шиеленісуі (Батыр Баян інісі Ноянды, қалмақ қызын атып өлтіреді).
Ү. Шешуі: Батыр Абылайға қарсы өзінің көзқарасын білдірді.
Баян қалмақтарға қарсы шықты.
Оқушыларға жалпы сұрақтар берілді.
- Поэма ұнады ма?
- Поэманың таңғалдырған тұсы.
- Қандай тарихи тұлғалар бар?
- Абылай хан туралы не білеміз?
- Поэмада Абылай қалай суреттеледі?
Оқушылар жауап берді.
Абылай саясаткер, дипломант, 1843 жылғы Жоңғария мемлекетінің әлсіреуіне күш салды.
Дәптермен жұмыс.
Баян туралы білетіндерін жазу.

Тарихи дерек.
1710 - 1757 жылдар аралығында
өмір сүрген. Абылайдың серігі,
ағасы Сары екеуі, Қарағанды
облысында бейіті бар.

Поэма
Жаудың албастысы. Абылайдың
қанаты, қанды балақ серігі.
Ноянның ағасы, ел еркесі.

Ауқымды сұрақтарға кезек.
1) Егер сіз Баянның орнында болсаңыз, не істейсіз?
- Ноянды кері қайтарар едім.
2) Поэмада Баяннан кеткен қателік.
- Сұлу қызды еліне алып келуі.
3) Егер екі жасты Баян өлтірмесе олардың өмірі қалай болар еді?
- Екі жас бақытты өмір сүрер еді.
4) Шығармадағы ар - намыс мәселесі қалай көрініс табады?
- Батыр Баян ел намысы үшін туған бауырын өлімге қияды.

Пікірталас ұйымдастыру.
Баянның өз інісін өлтірмегені дұрыс болар ма еді? (дискуссия)

Ия (өлтірмегені дұрыс)
Қайырымды батыр болар еді
Жастардың ыстық ықыласына
бөленер еді.

Жоқ (өлтірмегені дұрыс емес)
Ағасын туған елі алдында қара
бет қылды. Ел намысын аяққа
таптады.

RAFT – әдісін пайдалана отырып кейіпкерлер бейнесіне ену. Бұл өз бетімен шығармашылық жұмысқа жатады.
Үлгі: Бұл тапсырма алдын - ала берілді. Оқушылар үйден дайындалып келуі керек.
Роль – қалмақ қызы
Аудитория – Баян
Форма – хат
Тақырып – кешірім

- Мен өмірімде үлкен қателік жібердім. Бұл ісіме әлі де өкінемін. Ноян бұл іске лажсыз көнді. Оны өлім аузына өзім салдым.
- Сіздің де дәл осындай қатыгездікке баруыңызға кінәлі менмін. Сіздің намысыңызға от салдым. Кешіріңіз мені, аға.
Роль – Батыр Баян.
Аудитория – Ноян.
Форма - әңгіме.
Тақырып – өкінген іс.

- Мен Баян батырмын.
Қазақта «Батырды намыс өлтіреді» деген сөз бар. Мен ел намысын қорғаймын деп осындай құрбандыққа бардым. Мені мұндай жағдайға інімнің әрекеті мәжбүрледі. Ол ел намысын аяққа таптады. Бұл ісімнің тым асығыстық екенін кеш түсіндім. Артымнан ерген жалғыз бауырым еді. Орны толмас өкінішке душар болдым. Бұл ісімнің ешқашан ақталмасын да білемін. Өмір бойы өзімді жазалап, өкініп өтермін.

Шығарма кейіпкерлеріне 5 жолды өлең құрастыра отырып, мінездеме беру.

Үлгі:
1. Кім? Зат есім 1 сөз.
2. Қандай? Сын есім 2 сөз.
3. Не істеді? Етістік 3 сөз.
4. Сөз тіркесі 4 сөз.
5. Синоним 1 сөз.

Мысалы:
1. Кім? Баян.
2. Қандай? Қайратты, намысқой.
3. Не істеді? Тұтқындады, ызаланды, өлтірді.
4. Баян Абылайдың қанатты батыры.
5. Кім? Адам.
Бекіту. «Авторлық орындық».
Автор – Мағжан Жұмабаев.
1. Сіз қай жылы дүниеге келдіңіз?
2. Туған жеріңіз қай жер?
3. Қайдан білім алдыңыз?
4. Ең алғашқы өлеңдер жинағыңыз қалай аталады?
5. ХҮІІІ ғасырдағы тарихи жағдайды бейнелейтін шығармаңыз.

Сабақты қорытындылай келе, берілген жауаптарын қадағалай отырып оқушыларды бағаладым.
Үйге тапсырма.
Мағжан шығармашылығы туралы «Мағжан – сыршыл ақын» атты ойтолғау жазу.
Сабақ аяқталды.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

Мағжан Жұмабаев өмірі, шығармашылығы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау....
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету....
Жасыбай батыр

Жасыбай батыр

Жасыбай батыр – 18 - ғасырда өмір сүрген батыр. Орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан, Бәсентиін руынан. Олжабай батырдың жиені. Қазақ...
Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ халқының мақтанышы, Қазақ хандығының тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сақтау жолындағы Абылай ханның...
Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының хантәңірі

Мағжан Жұмабаев – қазақ поэзиясының хантәңірі

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың өмір жолы мен жазушылық қызметінен алған мағлұматтарын толықтыру, пысықтау...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×