Оқушыларға мәтінді оқыта отырып ондағы негізгі ойды ұғындыру, табиғат туралы білімдерін кеңейту, өз ойларына қорытынды жасай білуге дағдыландыру мақсатындағы жаңа білімді меңгерту танымдық сабағында олардың сөздік қорын, танымдық әрекеттерін, еркін сөйлеу тілін, рөлге бөліп оқуын дамытуды, сондай – ақ адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу, ізденімпаз болуға баулу көзделді.
Сұрақ - жауап, әңгімелеу, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы өткен сабақтың көрнекілігіне интерактивті тақта тірек - сызбалар, табиғат көріністері, Венн диаграммасы қолданылды. Музыка, дүниетану, пәндерімен байланыса өткен аралас сабақтың типі - жаңа білімді меңгерту болды.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
2 слайд: Психологиялық дайындық
Барлығымыз көзімізді жұмып:
Мен сабақта, мектептемін.
Менің зейінім тұрақты
Мен жақсы ойлап отырмын,- дейміз.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау мақсатында интерактивті тақтадағы 3 слайд: кішкентай мысықтың суреті (мияулаған даусы естіледі)
- Балалар, мынау мысыққа не болды? Еске түсірейікші.(Бірнеше бала үй жұмысына берілген Т. Дәуренбековтың «Қайсар» әңгімесін мазмұндап береді.)
ІІІ. Жаңа тақырып.
«Ой қозғау» стратегиясы. 4 слайд: Сөзжұмбақ шешу.
1. Төрт түлік малдың бірі?
2. Дүниедегі ең асыл да қымбатты адам кім?
3. Ең жақсы баға?
4. Үйді қорғайтын жануар?
5. Уақытты көрсететін құрал?
6. Адам өміріне ең қажетті нәрселерінің бірі?
7. Жыл басы?
Т Ү Й Е
А Н А
Б Е С
И Т
С А Ғ А Т
А У А
Т Ы Ш Қ А Н
«Қызығушылықты ояту» стратегиясы.
- Балалар, «табиғат» дегенде сендердің ойларыңа не келеді?
↖ ↑ ↗
← ТАБИҒАТ →
↙ ↓ ↘
6 слайд: Ш. Күмісбаев. «Аялы алақан»
- Біз бүгінгі сабақта «Аялы алақан» мәтінімен танысамыз.
Интерактивті тақтадан Ш. Күмісбаевтің «Аялы алақан» мәтінін тыңдау.
Мәтіннің мазмұнына сәйкес 7 слайдтан - 17 слайдқа дейін көрсету.
18 слайд: Сұрақтарға жауап беру:
1. Атасының жауаптарынан нені ұқтың?
2. Жолаушылар жол бойы нені кезіктірді?
3. Табиғатты неліктен аялау керек деп ойлайсыңдар?
4. Мәтін неліктен «Аялы алақан» деп аталған?
19 слайд: Мәтінді рөлге бөліп оқыту.
20 слайд: Тіршіліктің анасы табиғат.
Ана табиғат
Ана мен табиғатты салыстырып тақтадағы Венн диаграммасын толтырғызу.
21 - 24 слайд
- Балалар, мынау слайдтарға қарап не айтуға болады?(Оқушылар өз пікірлерін айтады)
25 - 27 слайд: ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУШЫ - АДАМНЫҢ АЛАҚАНЫ
- Ал мынау слайдтар жайлы ше?(Балалар өз ойларымен бөліседі )
Сергіту сәті
28 - 30 слайд:
- Мынау слайдтарға қарап не түсіндіңдер? (Балалар өз ойларын айтады.)
- Иә, бұл электр және күн қуатымен жүретін автокөліктер. Олар ауаны ластамайды.
Егер адам шын аяласа, табиғат риза болып тек жарығын, жылуын, сұлулығын, сыйларын береді.
31 - 46 слайд:
(Табиғат дыбыстары: бұлбұлдың сайрағаны, сарқыраманың
аққаны, жағаға соққан толқынды шу, дельфиндердің дауыстары, жаңбырдың жағаны)
IV қорытынды
Аялайық табиғаттай ананы
Асырайтын барлық жанды, баланы.
Асқар тауды, айдың, көлді, орманды,
Ұмытпайық аң құстарды қорғауды
Табиғаттың көп қой берер сыйы да
Қамқор болсақ берген сыйын жиып ап.
Алақаны ананың дәл сияқты,
Суы мөлдір, күні оның шуақты.
V бағалау
VI үйге тапсырма: мәтінді мазмұндау. Рөлге бөліп оқу
48 слайд:
- Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет!!
«Аялы алақан»
- Салтанат
- 16 ақпан 2013
- 9776
- 0
- 0
Ілмек сөздер: әдебиеттік оқу, аялы алақан, табиғат, қазақ тілі, сайыс
Ұқсас жаңалықтар:
Өсімдік - тірі организм
Мақсаты: а) Білімділік: Өсімдік тірі табиғат екенін дәлелдеу. Өсімдіктің мүшелері, олардың атқаратын қызметі, өсімдікке қажетті жағдайлар туралы...Табиғатты қорғаңдар. Етістіктен өткенді қайталау
Табиғатты қорғау туралы мәлімет алып, меңгеру. Етістік бойынша алған білімдерін тиянақтау...С.Оспанов. Сегізінші наурыз күні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Бабатай орта мектебінің Бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ақарыс Кәдірқызы...Жылу Ф. Оңғарсынова
Пән: Ана тілі 2- сынып Сабақ аралас Тақырыбы: Жылу Ф. Оңғарсынова Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын түсіндіру, үйрету....Ана тілі сен ұйықтап жатқанда
Пән: ана тілі № Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда. Бердібек Сокпақбаев Мақсаты: 1. Оқушыларға Бердібек Сокпақбаев жайлы айта келіп,мәтін мазмұнын...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.