Сабақтың тақырыбы: Ата - анаға қамқорлық.
Сыныбы: 8
Сабақтың мақсаты:
1. Бiлiмдiлiк: «Ата - анаға қамқорлық» тақырыбы бойынша жаңа сөздермен танысу, оларды ауызекі сөйлеуде қолдана білуге машықтандыру.
2. Дамытушылық: оқушының тiлiн дамыту, ой - өрiсiн кеңейту, өз беттерінше сұхбат құрастыруға және шығармашылыққа жетелеу;
3. Тәрбиелiк: өз отбасын сүюге, ата - анасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типi: қайталау, еске түсiру сабағы
Әдiстерi: мәнерлеп оқу, әңгiмелеу, сұрақ - жауап, т. б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңi
1. Ұйымдастыру кезеңi
2. Сабаққа қатысын тексеру, тiл дамыту сұрақтарын қою.
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Сабақты бекіту, бағалау.
5. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың басталуы:
- Балалар, бүгін қандай күн, қазанның нешесі?
- Ауа райы қандай?
- Жылдың қазір қай мезгілі?
ІІ. Үй тапсырмасы, сөйлем мүшелерін қайталау.
1. Сөйлем мүшелері неше топқа бөлінеді?
2. Тұрлаулы сөйлем мүшелеріне нелер жатады?
3. Бастауыш дегеніміз не және ол қандай сұрақтарға жауап береді?
4. Баяндауыш дегеніміз не және ол қандай сұрақтары бар?
5. Тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне нелер жатады? Атаңдар.
6. Анықтауыш ережесін кім айтады және қандай сұрақтары бар?
7. Толықтауыш деп нені айтамыз?
Ал енді, оқушылар бір - бірімізге сабақ жақсы өту үшін жақсы тілектер тілейік.
Жағымды сөздермен бастайық.
Кім бірінші болып бастайды, мен сендерге бүгін сабақта барлықтарыңа «бес» деген баға алыңдар деп тілеймін.
- Сәтті сабақ болсын, іске сәт, көтеріңкі көңіл – күй тілеймін, жағымды жаңалық көп болсын, сәттілік тілеймін, түсінушілік болсын, бір - бірімізді сыйлайық, қонақтарға көңілді орта толсын, жақсылық мол болсын.
- Балалар өте жақсы тілектер айтылды, одан әрі жаңа сабағымызға көшеміз.
- Кім ата - аналар туралы мақал – мәтелдер біледі? Естеріңе түспесе, мына мақал - мәтелдердің екінші жартысын табыңдар. (сабаққа арналған слайдты көрсету)
ІІІ. Ата - ана туралы мақал – мәтелдер.
1. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
2. Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
3. Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
4. Әке – балаға сыншы.
5. Шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш.
6. Кәріге құрмет – балаға міндет.
ІV. Сөздікпен жұмыс
Жаңа сөздер:
қамқорлық жасау - заботиться
Салты – традиция
өмір береді – даёт жизнь
Үлкенге - старшему
тәрбиелеп өсіреді - воспитывает
Сыйламайтын - не уважающий
білім береді - дает знания
сыйлай алмайды - не может уважать
сенім артады - доверяет
дүниеге келтіреді – приводить к жизни
қамқоршы болса – если позаботиться
Есейген бала - подросток
қартайғанда – когда состариться
қиын істің шешімін - решение задачи
ақылы – ум
көпті көрген тәжірибесі - многолетний опыт
көмегін тигізеді - помогает
V. Мәтінмен жұмысы:
Ата - анаға қамқорлық
Ата - анаға қамқорлық жасау – қазақ халқының ежелден келе жатқан салты. Үлкенге қамқорлық жасау, ең алдымен, әке мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, өз ата - анасын сыйламайтын ұл мен қыз басқа адамдарды да сыйлай алмайды. Ата - ана баланы дүниеге келтіреді, өмір береді, тәрбиелейді, білім береді. Ол ержетіп, отбасының қамқоршысы болады деп сенім артады.
Есейген бала ата - анаға қамқоршы болса - жігіт болғаны. Ата мен ананың қартайғанда бойынан күш қайтады. Бірақ олардың ақылы, көпті көрген тәжірибесі отбасына үлкен көмегін тигізеді. Әрбір қиын істің шешімін, ең алдымен, ата – ана табады. Ата – анамен ақылдасып, олардың пікірін тыңдап отырған орынды.
1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орысшаға аудару.
2. Мәтінді кезекпен оқушылар оқиды.
VІ. Мәтін бойынша сұрақтар:
1. Ата - анаға қамқорлық жасау – қандай салт?
2. Үлкенге қамқорлық жасау неден басталады?
3. Қандай ұл мен қыз басқа адамдарды сыйлай алмайды?
4. Ата - ана балаға нені береді?
5. Ата - ана балаға қандай сенім артады?
VІІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау
Берілген сөйлемдердің қазақша аудармасын мәтіннен табыңдар.
1. Дочери и сыновья который не уважают свою семью, своих родителей, не будет уважать чужих.
2. В каждый трудной ситуаций, решение первым находят родители.
3. Надо прислушиваться к родителям, и слушать их мнение.
Жеке оқушыларға карточка бойынша тапсырмалар беру.
(Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.)
VІІІ. Үйге тапсырма беру.
1. Жаңа сөздерді жаттау және 5 сөйлем құрастыр.
2. Анықтауыш пен толықтауыштың ережелерін қайталау.
3. Мәтіндегі құрмалас сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
Ата-анаға қамқорлық
- Нұргүлхан
- 13 ақпан 2013
- 26481
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, ата-ана, қамқорлық, сөйлем мүшелері
Ұқсас жаңалықтар:
Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлем туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы...Етістіктің сөйлемдегі қызметі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлмұратова Салтанат Қанайқызы...Тәрбие тал бесіктен басталады
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қазақ отбасының тәрбиесі туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын...Сөйлем мүшелері
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау. Сабақтың мақсаты. Білімділік: сөйлем мүшелерінен өткенді қайталау, еске түсіру, білімдерін пысықтау....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.