Талғар ауданы, Бесағаш ауылы,
№29 Орта мектептің қазақ тілімен әдебиетінің
пән мұғалімі Тажақынова Гаухар Қайнарбекқызы
«Махамбет поэзиясы - намыс дабылы»
Мақсаты: ХIХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиетте өзінің бұқарашылдық идеясын айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан - феодалдар мен еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті шынайы жырлап өткен жауынгер ақын –
Махамбет Өтемісұлының асыл мұрасы жалынды поэзиясымен тілдесу.
Ақынның қысқаша өміріне шолу, поэзиясына талдау жасай отырып, ақын өлеңдерінің идеясын, мақсатын түсіндіру. Оқушылардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Көрнекілігі: Ақының портреті, көрнекілік түрінде жазылған кеш тақырыбы. Ақын шығармасының көрмесі, өмірдерек - бейне слайд, ақын туралы жазылған пікірлер плакаты.
Жоспары:
1. Кіріспе бөлімі
2. «Мен, мен едім, мен едім» ақын шығармашылығына шолу.
3. Махамбеттің термесі.
4. «Махамбет поэзиясы - намыс дабылы» ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу.
5. «Махамбет - жыры даланың,
Махамбет - жасын найзағай» деректі бейне слайд.
Барысы:
1 - Жүргізүші: Қайырлы күн! Қадірменді «Көкірегі, көзі ашық, көңілі ояу» жыр сүйер қауым!
Атқан оғын алысқа аңыратқан,
Ақын жыры ханды да қалтыратқан!
Өжет жыры айналып найзайға
Қара бұлтты тілгілеп қақыратқан!
Айналса егер ақиық ақын тауға,
Зобалаң күн береме дамылдауға.
Махамбет жыр елімнің ерлік жыры
Қарсы ақырып ұмтылған қалың жауға!
2 - Жүргізуші:
Зұлым көрсе, бұрылып тоқтай қалып
Ақын жыры шыңғырқан шоқтай қарып.
Қатер төнсе, ысқырып неге ұшпасын,
Махамбеттің жырлары оққа айналып!
Күні барма көңілде қауіп түйген
Еншісіне ақынның шабыт тиген.
Махамбеттің жыры да білсең егер,
Кілең Сардар үстіне сауыт киген!
Иә, Махамбеттің найза мен садақтың оғынан түзілген поэзия отауы уақытқа бағынбады. Жорық жырлары өлмес, өшпес уақыт пен кеңістіктің аясына сіңіп жүре берді.
Жарқын ойлы, жалынды ақын Махамбеттің найзағай жырларын жанға дарытып, жатқа оқымай біз қазақ болып жарытпасбыз. Міне сондықтан «Махамбет поэзиясы - намыс дабылы» тақырыбында өтетін кешімізде сіздермен бас қосып отырмыз.
«Мен, мен едім, мен едім» ақының өмірі мен шығармашылығына шолу:
1 Оқушы:
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Орал облысына қарасты Нарын құмында дүниеге келген. Махамбеттің шыққан ортасы шағын шаруа. Халқы үшін қызмет ету, ел өмірін ойлау Махамбеттің үлкен бір мұраты ретінде жастай қалыптасты. Ұл болып туған оның мақсаты: «Ереуіл атқа ер салу, елеулі қолға найза алу», елі тарыққан заманда одан шығар жолды батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.
2 - Оқушы: Махамбет Өтемісұлы – жалынды жауынгер. Ол 1836 - 1841 жылдары Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында Ресейлік патша үкіметінің отаршылдық саясатына ашық түрде қарсы шыққан қазақ халқының Ұлт - азаттық көтерілісінің басшыларының бірі. Оның еркіндікті, теңдікті аңсаған, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қылыштай өткір жырлары сол көтеріліс ұранындай еді.
Қылышынан қан тамған Ресейлік патша үкіметінің отаршылдық саясатына тайсалмай қарсы тұрған Махамбетті отаршылдар жіберген аңдушылар тобы 1846 жылы жасырынып келіп, алдап қолға түсіріп, басын қылышпен шауып мерт қылды.
Еділ мен Жайықтың қазақ құшағындағы мәңгі қалуын тілеген Махамбет бабамыздың кешегі арманы бүгінгі тәуелсіз еліміз, бейбіт күніміз - соның жемісі.
І жүргізушы: Махамбеттің толғауы - «Мен, мен едім, мен едім» орындайтын Ермұқан ағай.
І жүргізуші: Қорғасындай салмақты, алтындай саф, таза асыл сөз. Нарының құмынан әуелеп көтеріліп, бүкіл қазақ даласына тарады, ердің намысын қайрады.
ІІ жүргізуші:
Заманға да кейде ақыл кеш кеш кіреді
Махамбет жыры қалайша ескіреді.
Айбат мекен арыстан жырларыңнан
Арыстанның дауысы естіледі!
Жырың кейде найзағай шатырлаған
Тағдырды да сүйретіп тақымдаған.
Жырыңды оқып, айналғам семсергеде
Жырыңды оқып, айналғам садаққа да.
Махамбеттің оқу аз, ақын жырларын жүрекпен қабылдау, жанмен сезініу, ақылмен бағалау керек. Махамбеттей ұлы ақынның нар кескен жырлары санамызда, есімізде, жүрегімізде өшпес намыс отындай мәңгі алаулап жанып тұрады. Ендеше, қазақ поэзиясының шырқау шыңдарының бірі - Махамбеттің жырларына құлақ салайық.
(Оқушылар жырларын кезекпен мәнерлеп оқиды)
І жүргізуші:
Жарқылдап көкте ойнаған
Махамбет - жасын найзағай.
Болашақ қамын ойлаған
Толықсып туған найзалай!
ІІ жүргізуші:
Тастанда тамыр іздеген
Махамбет - нұры даланың.
Жамандықты жіпке тізбеген
Махамбет - жыры даланың!
Өмір дерек бейне слайдқа назар аударайық.
І жүргізуші:
Осымен Махамбет Өтемісұлының шығармашылығына арналған «Махамбет поэзиясы - намыс дабылы» атты поэзиялық кешімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
ІІ жүргізуші: Жорық жырлары өлмес, өшпес уақыт пен кеңістіктің аясына сіңіп жүре берді. Жалынды жырлары намыс отындай мәңгі алаулап жанып тұрады! Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рақмет!!!
Махамбет поэзиясы
- Гаухар
- 11 ақпан 2013
- 16316
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Махамбет поэзиясы, қазақ әдебиеті
Ұқсас жаңалықтар:
Махамбет Өтемісұлы. Өмірі мен шығармашылығы
Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның шығармаларының тақырыбын, мақсатын, тарихын аша отырып, ақынды тағы да жаңа қырынан таныту Оқулық пен қосымша...Өр тұлғалы Махамбет
Қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке қолымыз жетті. Осы Тәуелсіздікке жету жолында талай тарихи өр тұлғаларымыз өмірін қиды. Рухты...Махамбет өлеңдерінің ерекшеліктері, мәні
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Ә. Молдағұлова атындағы орта мектептің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жубанова Амангул Ермековна...М. Өтемісұлының "Соғыс" өлеңі
Сабақтың мақсаты: білімділік - өлеңнің авторы туралы мәлімет беріп, өлеңнің айтайын деген ойын, Исатай - Махамбет бастаған көтерілістің мақсатын,..."Махамбет – егемен елдіктің өшпес рухы"
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Ы.Алтынсарин атындағы № 204 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Каржаубаев...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.