Сайтқа кіру Тіркелу

Рабғузи қиссалары

Сабақтың тақырыбы: Рабғузи қиссалары
Сабақтың мақсаты:
а) Алтын Орда дәуірінде туған, сол кезде өмір сүрген Рабғузи қиссаларының мазмұнын, идеялық мәнін ашу, меңгерту;
ә) білім, білік дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
б) әңгімелерінің мәнін ашу арқылы оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қайырымды болуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекілігі: газет-журнал материалдары, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: тарих, дінтану

Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру
ІІ. Өткен сабақ
- Махмұт Қашқари (өмір-дерек)
- Мақал – мәтелдері
- Өлеңдерінен алынған үзіндіні жатқа мәнерлеп оқу

- Тест – руно
1.Ежелгі дәуір әдебиеті нешеге жіктеледі?
л) 4 м) 3 р) 5
2. Алып Ер Тұңғаны «Жоқтауды» қай ғалым жазып алған?
а) Махмұт Қашқари
ә) Жүсіп Баласағұни
б) Ахмет Иассауи
3. Орхон ескерткіштері кімге арналып жазылған?
а) Оғыз қаған, ұлық Түрік
ә) Күнтуды, Айтолды
б) Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк
4. Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік» дастанындағы әділет бейнесіндегі кейіпкерді ата
г) Айтолды
ғ) Күнтуды
д) Өгдүлміш
5. Махмұт Қашқаридың еңбегін ата
у) Түркі сөздерінің жинағы
р) Диуани хикмет
с) Өлең өнерінің қағидалары
6. «Руна жазуы» деген не?
д) латын әліпбиі
ж) ежелгі дәуір әдебиетіндегі жазу
з) Тастағы құпия жазу
7. ХІ ғасырда түркілерден шыққан білімпаз, тілші, ғалым, әдебиет үлгілерін жинаушы кім?
з) Әбу насыр әл – Фараби
и) Махмұт Қашқари
й) Жүсіп Баласағұни
Дұрыс жауап: Рабғузи

ІІІ. Жаңа сабақ
Рабғузи қиссалары

1. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет (ХІІІ-ХІҮғ.ғ) туралы түсінік беру.
1) Хорезми «Махабатнама»
2) Сәйф Сараи «Түрікше Гүлстан»
Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет: 3) Әли «Қисса Жүсіп»
4) Рабғузи «Қисса-сул Әнбия»
Аталған жәдігер дүниедегі аңыз-әңгімелерді жинақтап, құрастырған, біраз қиссаларды жазған автор - Рабғузи. Бұл бүркеншік ат- «Рабат оғызы» деген сөздердің қысқарған нұсқасы. Автордың шын есімі - Насретдинұлы Бұрһанеддин екен. Автор тарихта негізінен Рабғузи деген бүркеншік атымен белгілі.
Рабғузи Оғыз Рабат деген қаланың қазысы болған көрінеді. Дерек көздерге қарағанда, автор аталған шығармасын сол қаланың әкімі Насретдин Тоқбоға бектің өтініші бойынша жазып, кітапты әлгі әкімге сыйға тартқан екен.

«Қисса-сүл әнбийя» - негізінен пайғамбарлар мен әулие-әнбилер өмірі жайлы, сондай-ақ олардың басынан өткерген оқиғаларын баян ететін прозалық шығарма.
Өзге де орта ғасырлық шығармалар сияқты «Қисса-сүл әнбийя» нұсқалары да ел арасына қолмен көшірілген күйінде көп таралған болатын. Ал тасқа басылған күйінде бізге жеткен, баспа жүзін көрген алғашқы нұсқасы - 1914 жылы Қазан баспасынан жарыққа шыққан жинақ. Кейінірек бұл кітап Ташкент қаласында бірнеше мәрте қайта басылып, ел арасына бұрынғысынан да кең тарала түскен еді.
«Қисса-сүл әнбийяның» Қазан баспасынан жарық көрген нұсқасына 79-дай қиссалар мен хикаялар енген екен.

2. Рабғузидің «Қиссас-ул Әнбия» («Әулие-әнбиелер туралы қиссалар») кітабының жалпы мазмұны
1) Табиғаттың, жаратылыстың пайда болуы жайындағы деректі, дерексіз мифтік әңгімелер. "Үш түрлі топырақ"
2) Пайғамбарлар және тарихи адамдар жайындағы деректі, дерексіз аңыз-әңгімелер. «Нұх қиссасы»
3) Ауыз әдебиеті үлгілері, өлеңдер
3. Ой қозғау
Қазақ ертегілері мен аңыз әңгімелерінің таныс тақырыбына айналған Рабғузидің «Қарлығаштың адамға достығы» әңгімесінің оқиға желісін баяндау.
Жоспары:
1. Нұхтың кемесін тышқан тесті
2. Жылан тілегі
3. Масаның тілін жұлған қарлығаш
4. Жылан құрбақа жейтін болды
5. Қарлығаш – адамға дос

Сұрақ-жауап
- Қазақ ертегілерінде осы әңгімемен сюжеті жағынан ұқсас ертегілер кездесе ме? «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»
- Қарлығаш қандай құс?
- Қандай оқиғаны жақсы іске, қайсысын жаман іске жатқызар едің?
4. «Асылдың бірі - адалдық»
Өнегесі атадан балаға мирас болып келген, талай жанға жақсылық жасап данышпан атанған, мұсылман елдерінің әрқайсысында өзінің төл фольклорлық кейіпкеріне айналып кеткен Лұқман Хакім жайындағы мифтердің түркіше ең көне нұсқасы Рабғузиде жазылған.

Лұқман Хакім туралы хикаяттарды мәнерлеп оқыту.

5.Топтық жумыс
- Әр хикаятқа ат қою;
- Жоспарлау;
- Үлестірмелі парақшамен жұмыс;

ІҮ. Сабақты бекіту
Топтастыру
«Лұқман Хакім қандай адам?»
(дана, адал, ақылды, тапқыр, данышпан, ойлы, қамқор, қайырымды, т.б.)

Ү. Үйге тапсырма
- Мазмұндау;
- «Адамгершілік – ардың ісі» тақырыбында ой толғау;
- Адамгершілік туралы мақал-мәтел жазып келу;
ҮІ. Бағалау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×