Сайтқа кіру Тіркелу

Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

«Бақырғани кітабы» – түркі тілдес халықтардың 12 - ғасырдан сақталған құнды әдеби ескерткіштерінің бірі. Авторы – Сүлеймен Бақырғани. Ақын мұрасы тек 19 - ғасырда ғана толық жинақталып, Қазан және Стамбұл қалаларындағы баспалардан «Бақырғани кітабы» деген атпен бірнеше рет (1846, 1877, 182, 1898) басылып шықты. «Бақырғани кітабы» - бес бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі – көңіл күй жырлары, екіншісі – сопылық ілімді насихаттауға арналған дидактикалық, философиялық хикмет өлеңдері, үшіншісі – Алланы мадақтауға арналған жырлары («Меғрожнаме»). Төртіншісі – «Ақыр заман көріністері» дастаны, бесіншісі – «Бибі Мариям» толғауы. Кітаптың басты мақсаты оқырманын ізгілікке, имандылыққа, рухани тазалыққа үндеу. Ақынның айтуынша, әрбір адам рухани тұрғыдан кемелденген дәрежеге жетуі үшін Алланы (Хақты, абсолюттік рухты) толық танып - білуі тиіс. Ал бұл биік мақсатқа жетуі үшін адам алдымен төрт асудан сүрінбей өтуі керек. Олар: шариғат (ислам заңдары мен әдет - ғұрыптарының жинағы), тариқат (сопылық ілімнің идеясы, мұрат - мақсаты), мағрифат (мұсылмандықтың шарттарын танып - білу) және хақиқат (Хаққа жақындау). Бұл рухани асулардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Сондай - ақ осы төрт басқыштың әрқайсысы он мақамнан (тоқтамнан) тұрады. Аталған төрт сатының (басқыштың) қырық мақамын толық танып - біліп, жақсы игерген адам ғана Алланың (ақиқаттың) дидарын көруге мүмкіндік алады. «Бақырғани кітабы» оқырман қауымды имандылыққа, ізгілікке, Аллаға құлшылық етуге шақырады.

Баллада (лат. ballo. прованс, balada – билеймін, нем. ballade, франц. ballade, итал. ballata – би әні) – әдебиетте поэзияның сюжетті лирикалық жанры. Баллада жанр ретінде орта ғасырларда Батыс Еуропа өнерінде қалыптасты. Алғашында роман шоғырына жататын тілде сөйлейтін халықтарының сюжетті әндерін баллада деп атаған. Әдебиеттегі 12 - 13 ғ. ғ. трубадурлар мен труверлердің дәстүрлі халық өлеңдері меен әндеріне негізделген шығармалардан басату алады. 13 - 15 ғ. ғ. Францияда полифониляқы рефренді әндер (Гильом де Машо). Англияда эпикалық тынысты, лирикалық нәзік үнді халықтық балладалар (Робин Гуд туралы) бұл жанрдың қалыптасуына негіз болды. Баллада көңіл күйі толғанысымен қатар, ақын сезімін туғызған себептер суреттеледі. Балладаның мазмұны көбіне тарихи шындыққа, оқшау фантастикаға, ерлік әрекетке құрылады. Қазақ әдебиетіне баллада жанрын С. Ерубаев («Үш шахтер туралы баллада», «Меруерт алқа», т. б.) әкелсе, Қ. Жармағамбетов оны дамытып қалыптастырды («Бидай туралы баллада», «Мұғалима», «Күзетші», «Көкті бала», т. б.). Қ. Жармағамбетовтың балладалары «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), т. б. жинақ болып жарық көрді. Сондай - ақ, қазақ ақындары Ә. Тәжібаевтың, Ә. Сәрсенбаевтың, Ж. Нәжімеденовтің, М. Мақатаевтың, Қ. Мырза Әлінің, М. Шахановтың жекелеген шығармалары баллада үлгісінде жазылған.

«Барақ батыр» – тарихи дастан. Барақ батырдың жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстағы ерлік істері баяндалады. Ел аузындағы әңгімелер негізінде Б. Тұрсынбайұлы 1941 ж. дастан етіп жазған. Дастанның негізгі оқиға желісі Барақ батыр бейнесін жан - жақты ашып көрсетуге құрылған. Қолжазба нұсқасы Әдебиет және өнер институтының Қолжазбала қорында сақтаулы. Дастан 7 - 8 буынды жыр үлгісімен жазылған.

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

«Байсейіт батыр» – тарихи жыр. Жырдың негізгі арқауы – қазақ пен қырғыз арасындағы жанжалды тоқтатып, ортақ жауға қарсы бірлесіп күресу....
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

Аполог (грек. аpologos – баяндау, мысалдау) – ғақлияға, ғибрат айтуға құрылатын шағын көлемді, астарлы әңгіме. Өлең түрінде де жиі ұшырасады....
Қазақ әдебиеті әлемінен

Қазақ әдебиеті әлемінен

«Ағыбай батыр» - тарихи жыр. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан батыр Ағыбай Қоңырбайұлының (1802-1885) ерлік...
Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»

Қожа Ахмет Йасауи ХІ - ХІІ ғасырда өмір сүрген, мұсылман дінінің атақты қайраткері, философ, ғұлама ғалым, ақын. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы...
Қ. Бекхожин

Қ. Бекхожин "Ақсақ Темір мен ақын» (7 сынып,қазақ әдебиеті)

ОҚО, Мақтарал ауданы, Арай елді мекені, "Дәуір" жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Исматуллаева Райхан...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×