Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»
Адамның өзі жер бетінде толып жатқан діндер, әлемдік философиялық сызбалар, жүйелер құруға негіз болды. «Мені» мен «Менікінің» айырылатынын адамдар өте ерте заманнан білген, сезген, түсінген, бірақ соның анық - қанығына ақылмен (логикамен) жету мүмкін болмай келеді. Әлем тарихында қаншама ғұлама өтсе, бәрін де осы ой меңдеткен. Әркім өзінше айтты. Бірақ ақиқатқа жеткен ешқайсысы жоқ. Абай да ақиқатқа жетіп отырған жоқ. Оның айтып отырғаны философтарға жаңалық та емес, алайда «өмір» мен «өлім» туралы қазақ санасына сіңісті болған түсініктерге сын айтып отыр. Ақын мәселені тереңнен қзоғаған. «Мені» мен «Менікі»- нің айрылуы туралы проблема қазақ этносына ислам философиясынан, араб - парсы мәдениетінен бұрын белгілі болған. Түркі халықтарында «аруақ» деген түсінік, олардың дүниетанымының негізгі арқауы болған. «Күлтегін» жырында адам өлді демейді, ұша барды дейді. Демек, адам Абай айтқан «Мені» күйіне көшіп, Тәңірімен тұтасып кете барады. Түркілерде Тәңір, Аруақ дегендер – әлемнің тұтастығын білдіретін ұғымдар. Олар адамнан тыс емес, оның әлемдік өлшемдері.
Абай ұғымында адамды «өлді» деп ат қою – білместік. Рас, адамды кеудесінен жаны шыққан соң «өлді» деп ұмыту, оны санаттан шығарып тастау көптеген адамшылық қағидасына кереғар түсінік - ұғымдар қалыптастырады. Ол – адамды құрметтемеуге бастайтын жол. Ал құрмет – адамға ғана лайық лауазым. Бүкіл әлемде тек адам ғана құрметті. Бұл ұғым адамнан өзгеге қолданылмайды және қолдануға болмайды. Осы құрмет «Мені» мен «Менікі» айырылғанда да жойылмауы керек. Тірі адамды қалай құрмет тұтсаң, жаны аспанға ұшып, өзі рухқа айналған аруақты құрметтеу еш кемшіліксіз болуы керек. Адам өлмейді, оның тәні жанынан бөлініп, болмысы рухқа айналады. Осы қағиданы Абай бір - ақ ауыз өлеңмен өрнектеп берген:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап - күлмес.
«Мені» мен «Менікінің» айырылғанын
«Өлді» жеп ат қойыпты өңкей білмес.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»
- ramuk_b
- 13 қазан 2024
- 292
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Абайдың хакімдігі, мен, менікі, ислам философиясы
Ұқсас жаңалықтар:
Абайдың хакімдігі: «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес...»
Адам туралы Адам ата заманына бері айтылып келе жатқан аңыз да, ақиқат та көп. Мың сан ғұлама хакімдер, нәбилер адам болмысы хақында не айтпады...Абайдың хакімдігі: «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ...»
Абай өзгеріс туралы айтады да, даму хақында ой өрбітпеген. Даму туралы біз көп айттық. Қазір мәселенің байыбына барсақ, даму деп жүргеніміз де...Махаббатпен жаратқан адамзатты...
«Махаббат философиясы» - араб - парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің жетілуіне зор ықпалын жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты...Абай – дара, Абай – кемел!
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру. Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге...Адам туралы ұлағатты сөздер
Адам баласы – нәпсінің құлы: маңдайы тасқа тимей тоқтамайды. Әлихан Бөкейханов...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.