Сайтқа кіру Тіркелу

Кітап үзіндісі: Ішімдік сақауды да сөйлетеді

Кітап үзіндісі: Ішімдік сақауды да сөйлетеді
Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды? Сөздің сиқыры санаңызды жаулады ма? Осынау серияда сондай үзінділер беріледі.
Әлқисса...


— Ата, мен әлгі сарайға тағы бір шауып барып келейін, – деді.
— Неге? – деді таңданған атасы.
— Ол сарайда қазына деген үйіліп жатыр. Алтын, күміс, хрусталь – бәрі бар, содан әкелмеймін бе?
— Нағыз азаматтар оған пысқырып қарамайды. Алтын үшін басыңды қатерге тікпе, ол – батырлық емес, ашкөздік. Саған керегі не сол алтынның?
— Мен оны әкеліп, өзіміздің адамдарға, кедейлерге бөліп берем, – деп Ержанның жеңілгісі келмеді.
— Сенің садақаңды жұрт қабылдайды деп ойлайсың ба? Біздің адамдарымыз көлденең олжаға қызықпайды, қымбат нәрсені өз қолдарымен адал тер төгіп, өздері жасап алады. Содан кейін біздің елімізде кедей жоқ. Кісі қолына қарап қайыр сұрап, шағынып жүретіндер – олар керенау жалқаулар, еңбек еткісі келмей жеңіл өмір сүргісі келетін арамтамақтар. Түсіндің бе?
— Түсіндім. Ханша да жұмыс істемейді, мен оған үйленбенмін, — деп Ерекең бас тартып шыға келді.
Зейнеп Ахметова "Шуақты күндер"

Ішімдік сақауды да сөйлетеді.
Ілияс Есенберлин "Алтын құс"

Өмір деген ол - тау. Шығып келе жатқанда жоғарыға қарайсың, сен бақыттысың, қалай төбесіне көтерілесің, солай төменге түсе бастайсың, ал алдында - өлім. Көтерілуің баяу, төмендеуің тез.
Ги де Мопассан "Сүйкімді дос"

Бақыт дейтiн шашылып жатқан жоқ, басқан жерiңнен табыла бермейдi. Оны ұғуың керек, табу керек, сонан соң иемдену үшiн күресу керек.
Қалаубек Тұрсынқұлов "Есіңде ме сол бір кез?"

Конфуций айтты деген мынадай цитата бар: «Влечение душ превращается в дружбу, влечение ума превращается в уважение, влечение тел превращается в страсть. И только все вместе может превратиться в любовь.» Қазақшалап көрейін: «Жанның құштарлығы достыққа, ақылдың құштарлығы құрметке, тәннің құштарлығы құмарлыққа айналады. Үшеуі түйіскенде махаббатқа айналады». Ой жүгіртіп көрші.
Данияр Жігітбек "Не үшін үйлену керек?"

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар облысы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап үзіндісі: Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе

Кітап үзіндісі: Бақыт. Бұл да бiр созбалаң нәрсе

Кітап жолдарына көз жүгіртіп отырған уақытта ойыңызға не келеді? Қандай жолдар жүрегіңізге жол таба алды?...
«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін

«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін

«Бақытты болу үшін үйлену керек» деуің мүмкін. Сонда үйленбесең, бақытсыз боп қаласың ба? Үйленбей тұрып бақытты болып алғаның дұрыс негізі. Үйлену...
Кітап үзіндісі: Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан ...

Кітап үзіндісі: Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан ...

Бостандық - біреуге зияның тигенге дейін бостандық, ал одан кейін қиянат. Қажығұмар Шабданұлы "Қылмыс"...
Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...

Кітап үзіндісі: адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады е ...

Иә, адам өмірі деген тесік шелекке құйылған су тәрізді болады екен. Тіршіліктің оны - мұны шаруа қамымен күйбеңдеп, басың қатып жүргенде, бір күні...
Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Кітап үзіндісі: Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді

Əйелді қорлаған еркекті өмір өкінішсіз жібермейді. Өйткені əйел - өмірдің анасы, ал асыл перзент анасын ешкімге де қорлатпайды. Өйткені əйел - киелі...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×