Сайтқа кіру Тіркелу

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру
Аңдатпа. Бұл мақалада білім беру саласында «Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасын таныту мен мұраларын оқытудың» өзектілігі сөз болды. Оқыту саласында Алаш тұласының шығармаларын талдауда қолданылып жүрген тиімді әдістер іріктелді. Шығармаларды оқытудың тақырыптық және тәрбиелік негіздері түсіндіріліп, талдау үлгілері көрсетілді. Қазіргі заманға сай оқушылардың назарын аудару мен тақырыпқа қызықтырудың тәсілдері қарастырылды. Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері мен мысалдарының ең негізгі тәрбиелік өзегі ұлттық құндылықтарға сай іріктелді. Аталған әдіс-тәсілдерді қолданудың артықшылықтары мен күтілетін нәтиже сөз етілді.
Түйінді сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, мысалдар, өлеңдер, талдау, мақал, қоғам көрінісі, ұлт.

Кіріспе
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы 20-ғасырдың басында ірі қоғам қайреткері, Алаш қозғалысының көшбасшыларының бірі. Ахмет Байтұрсынұлы әдебиет пен қоғамдық өмірдің көптеген салаларында қалам тербеді. Солардың ішінде дараланатыны – жас ұрпақтың жүрегінен ойып тұрып орын алған Ахаң поэзиясы. Заман талабынан дүниеге келіп, дәуір жүгін арқалаған шығармашылық ізденістері қоғам қайраткерінің атын шығарып қана қоймай, нағыз қазақы тәрбие мен ұлттық рухтың символына айналды. Өткен ғасыр басында позия қазақ әдебиетіндегі өзінің жетекшілік рөлінен айрылған жоқ. Мұны білген Алаш қайраткерлері ұлтты ояту мәселесінде қаламның қарымдылығына көбірек иек артты. Ел азаттығын армандап, білімге – «жарық күнге» жетуге үндеген Ахмет Байтұрсынұлының да өзінің жүрекжарды туындыларына осы тәсілді таңдап алуы – ғасыр үніне сай адамдар санасына ілім сіңіруге іңкәр үміттен туса керек. Алайда ұлт ұстазының шығармашылығының бір ерекшелігі – оның алғашқы жинағының тұтастай аудармалардан тұруы. Атақты орыс мысалшысы И.А.Крылов мысалдарының ішінен қазақ өмірін сипаттайтын, ұлт дүниетанымына жақын мысалдарды таңдап алып, тәржімалап, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петерборда шығарған. Осыдан соң 1911 жылы Орынборда «Маса» деген атпен өлеңдер топтамасы басылған. Бүгінгі күн жағдайында қарастыратын болсақ, бұл мұралар өзінің құндылығы мен қасиетін жойған жоқ. Білім беру саласында, әсіресе мектеп жасындағы оқушыларға Алаш арыстарының, соның ішінде Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік бағытта жазылған өлеңдері мен аудармаларын оқыту арқылы тарихи тұлғаны танытып қана қоймай, тарихи тұлға бойындағы ұлттық құндылықтарды оқушы санасына сіңіре аламыз.

Әдістеме
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын мектеп оқушыларына оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін сараламас бұрын, қайраткер өлеңдерінің тақырыптық-мазмұндық ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Негізінен автор өлеңдерін екі түрге бөлеміз. Біріншісі – «Қырық мысал» жинағының ішіндегі аударма мысалдар болса, екіншісі «Маса» жинағының ішіндегі ұлтты оятуға бағытталған өлеңдер. Бірінші жинаққа енген шығармалар көбіне қазақ жұртын ащы мысқыл арқылы сынап, мінді түзетуге бағытталған. Ескеретін дүние – Ахмет Байтұрсынұлы Крылов мысалдарын сөзбе-сөз аудармаған, қазақ қоғамына икемдеп, өз жанынан да жолдар қосып отырған. Қағаз жүзінде екеуі де бір шығарма болғанымен, іс жүзінде Ахмет аудармалары қазақ қоғамының бет-бейнесін ашуға бағытталды. Бұл жайында Ахметтанушы ғалым Ө.Әбдиманұлы: «Ахмет Крыловты аударуды мақсат тұтпай, ондағы тақырыпты, ой-өзекті ғана алып өзінше еркін жырлауға, қазақ өмірін тығыз байланыстыра отырып ой айтуға ұмтылған. Ол, әсіресе, қазақ өміріне қатысты ділгір де дертті мәселелерге келгенде өзіндік бағыт ұстанып, негізгі желіні дамыта отырып, жаңғыртып, өз уақытына сай мысалдың өткірлігін арттыра түсуді мақсат еткенін аңғару қиын емес» - дейді.
«Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіңе біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен, қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?» – деген жолдар арқылы автор екінші жинақтың идеялық-тақырыптық мазмұнын аша түседі.
Қаралы заманда түрлі тәсілдер арқылы қара халықты оқу-білімге шақырған Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқытудың әдістемесін жасау барысында жоғарыда аталған екі жинақтың да білім алушының қабылдауына жеңіл де құнарлы тұстарын қамтуға тырысамыз.
Қазақ әдебиеті сабақтарында қазақ халқының болашағы үшін аянбай қызмет еткен тұлға Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдерін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктері мен тақырыпқа байланысты түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Атап айтсақ, диалог, рөлдік ойындар, сахналық қойылымдар жасау, мәнерлеп оқуға машықтандыру, сызбалар мен көрнекі құралдарды пайдалану. Сонымен қатар топтық және жұптық жұмыстарды орындату арқылы да белгілі бір деңгейде оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын оятуға болады.
Ахмет Байтұрсынұлы тұлғасы жайлы тақырыптар өзіндік реттілік арқылы өтілуі тиіс. Әрбір тақырыптың ерекшеліктеріне байланысты жекелеген әдіс-тәсілдер қолданылады. Автор шығармаларын тиімді оқытудың кезеңдері төмендегідей:
Ақынның өмірі мен шығармашылығына жалпы шолу. Оқушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып, негізгі шығармаларын ақын өмірінің кезеңдеріне қатысты жіктейді. Осылайша ақын өміріндегі белестерді көріп, шығармаларының құндылығын сезінеді. Төмендегі «кезеңдер кестесін» толтыру оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендігін тексеру үшін қолданылады:

Жылдар 1911
Шығармалар Қазақ қалпы
Идеялық-тақырыптық мәні Отарлық езгідегі жұртты азаттыққа жеткізсем деген асыл арман

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Әйтеке би кенті Қ. И. Сәтбаев атындағы
№216 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Асаубаева Құралай Болатқызы

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқыту арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру жүктеп алу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл баннер

Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл баннер

2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамызға 150 жыл толып отыр. Осы мерекеге арналған PDF, JPG, CDR форматында баннер сіздерге ұсынып отырмыз....
Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл эмблема

Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл эмблема

2022 жылы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамызға 150 жыл толып отыр. Осы мерекеге арналған оның сапалы суретін PDF, JPG, CDR форматында логотипін...
Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

Ұлт ұстазы – А. Байтұрсынұлы туралы іс - шара өтті

2020 жылдың 23 қазанында тәрбие жұмысы бойынша "Көңілді әндер" музыкалық клубы жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік...
Кәсіп туралы ұлағатты сөздер

Кәсіп туралы ұлағатты сөздер

Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек. Ахмет Байтұрсынұлы...
Ахмет Байтұрсынұлы

Ахмет Байтұрсынұлы "Аққу, Шортан һәм Шаян"

Атырау қаласы, Томарлы селосы, Қ. Смағұлов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Каримова Ақөрік Сафиоллақызы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×