Қарағанды қаласы,
№20 орта мектебі, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
Асанова Гульмира Сейсембаевна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – кітап туралы білімдерін жүйелеу, жинақтау, бекіту.
Дамытушылық – тақырып бойынша оқушылардың сөйлеу тілдерін, сауатты жазу қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік – кітапты бағалау, жақсы және жаманды түсінуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі – аралас
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелесу, фонетикалық жаттығулар, деңгейлік тапсырмаларды орындау, мәнерлеп оқу
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, карточкалар.
2]Сабақтың барысы: а/ оқушылармен амандасу, ә/ әңгімелесу,
- Қазір қандай сабақ? Қазақ тілі нешінші сабақ? Сыныпта кім кезекші? Кім жоқ? Қазір жылдың қай мезгілі? Күз айлары қандай? Бүгін нешесі. Аптаның қай күні?
Үй жұмысын тексеру Әмбебап дүкенінде тақырыбы ойынша өзара сөйлесу. бағалау.
Жаңа тақырыпқа байланысты сөздік жұмысы
білім - знание
бағалы - ценный
алдымен - сперва, сначала
көркем - художественная
мәдениет - культура
шығармалар - произведения
1 - тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Кітап оқу - өнер
Білім - адам үшін ең бағалы іс. Сол білімді тарататын құралдардың бірі - көркем әдебиет. Әрбір адам алдымен әдебиетті жақсы білуі керек. Әдеби шығармаларды оқу арқылы біз көркемдікті, жақсы мен жаманды түсінеміз. Кітапты түсініп оқу керек. Мазмұнын жазып немесе біреуге айтып бере алатын болу керек. Сондықтан көркем шығармаларды көп оқып, кітапты бағалай білуге тиістіміз.
Кітап дүкенінде тақырыбына диалог құрастыру
2 - тапсырма. Диалогты оқып, толықтырыңдар.
- Сәлем...
- Сәлем...
Сен бүгін кітап дүкеніне барасың ба?
- Иә, мен бүгін кітап дүкеніне барамын
- Дүкеннен не сатып аласың?
- Қазақ тілі кітабын сатып аламын.
- Жақсы, сау бол!
- Сау бол!
3 - тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар.
Керекті сөздер: таза, ұстама, жазба, мұқабасын, оқы.
Әрбір кітапты ... сақта. Кітапты кір қолыңмен ... . Кітапқа атыңды ... . Кітабыңның ... қаптап ал. Кітапты жарықта ... .
4 - тапсырма. Мәтінді оқып, кітаптың қандай қасиеті бар екенін айтып беріңдер.
Кітаптан не іздесең, бәрін табасың. Ол - білімнің жолдасы. Ол - ғылымның ордасы. Асыл дос, шын адамгершілік үлгісін кітаптан табуға болады.
Кітап - шебер ұстаз. Кітап - ұлы үйретуші.
Есіңде сақта!
Күш білімде, білім кітапта.
Кісінің кісілігі киімінде емес, білімінде.
Жаста оқыған білімнің тасқа жазғанмен бірдей.
6 - тапсырма. Көп нүктенің орнына оң жақтағы сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Мен кеше ... кімнен хат алдым. (сөреден)
Гүлсім ... ненің оқу залында ... оқып отыр. (менен)
Ол ... кімнен екі жас үлкен. (кітапхананың)
Мұғалім журналды .... неден алды. (жолдасымнан)
7 - тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар.
Тілі бар үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (патік)
Үйге тапсырма Кітап дүкенінде сұхбат
Бағалау
Сау болыңыздар; балалар!
Кітап дүкенінде. Кітап оқу - өнер
- Асанова
- 6 қараша 2012
- 15402
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кітап оқу, өнер, білімді жүйелеу сабағы, қазақ тілі
Ұқсас жаңалықтар:
Кітап туралы мақал-мәтелдер
Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол. Кітап - алтын қазына....Кітапхана-білім ордасы
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Кеңқияқ елді-мекені Кеңқияқ орта мектебі Тұрмағамбетова Ақсұлу Жеткерқызы...Кітап - білім бұлағы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Мен азық-түлік дүкеніне барамын
Дүкен сөзіне қатысты қандай сөздер білеміз? - Еске түсірейікші? Азық-түлік дүкенінде, ойыншық дүкенінде, ыдыс дүкенінде кім жұмыс істейді? Кім...Әдебиеттік оқу "Адамның досы" 2- сынып
Қ.Бекқожин атындағы №12 ЖОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жомартова Назым Нурхасымовна Әдебиеттік оқу 2-сынып Тақырып: Адамның досы Сабақтың мақсаты:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.