Сайтқа кіру Тіркелу

Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы

Ұлы Даланың рухани жауһары
Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы
Жазушы Рамазан Тоқтаров өзінің Абай туралы жаңа шығармасын роман - хамса деп атапты. Бұл – жаңалық. Бізде роман сынды күрделі жанрдың неше түрлі үлгісі бар. Екі томдық дилогия, үш томдық трилогия, төрт томдық эпопея бізге бұрынан таныс болатын. Тоқтаров енді бес кітаптан тұратын кесек туынды ұсынып отыр. Оған жоғарыда айтқанымыздай, роман - хамса деген айдар тағыпты. Екінші жаңалығы – бұл шығарма өзге емес, ұлы Абай туралы. Міне, осы тұста алдымен басын ашып алатын бір мәселе бар. Бізде Абай өмірінен жазылған ұлы классигіміз Мұхтар Әуезовтің әлемге әйгілі эпопеясы бар. Сол еңбегі арқылы М. Әуезов өзін де, Абайды да бүкіл дүние жүзіне танытты. Осы шығарма арқылы біздің бәріміздің жадымызда қалыптасқан ұлы ақынның бедерлі бейнесі қалды.
Ендеше бұл хамсаның өмірге жолдама алуға хақысы бар ма? Бақсақ, әбден бар екен. Ол турасында шығарманың прологындағы автордың бірсыпыра дәйекті дәлелдерінің біреуін ғана келтірейік.
«Әр дәуір, заман талабы оның ғарышты кезген өз уақытының мерейі үстем Абайын сомдай береріне шүбә келтіріп болмас», - дейді ол.
Енді осы тұжырымды біз де өзімізше таратып көрейік.
Абай біз үшін ұлы ұстаз, кемеңгер ақын, данышпан ойшыл. Халқымыздың рухани көсемі. Оның өзі де, сөзі де, өсиеті де мәңгілік. Қазақ қазақ болып тұрғанда, Абай аты өшпейді. Абай сөзі өлмейді.
Бірақ заман өзгереді ғой. Оның ғылым - білімі, ой - санасы, өмір салты өседі. Жаңа сапаға көшеді, жаңа сатыға көтеріледі. Сонда, жаңағы Тоқтаровша айтқанда, әрдайым мерейі үстем болып қала беретін Абайы да өзгеруі керек қой.
Тіпті Абайдың өзі мен сөзі өзгермесе де, өскен, өзгерген қазақтың оны ұғынуы, түсінуі жаңаша болмай ма? Демек, Абай оларға әрдайым жаңа бір қырларынан ашылуы біздің Абайымыз, мәңгілік Абайымыз, әр заманда оның өзіндік төл Абайы болады дейтініміз де сондықтан болса керек.
Роман - хамсада Әуезовпен бәсекелесу де, оны қайталау да, әсіресе Әуезовті қайта қарау әрекеттері де атымен жоқ. Мұнда үлкен өмірдің біз білетін - білмейтін өзгеше бір қырларын ашу, өзгеше бір деректерін діттеу, өзгеше бір оқиғаларын баяндау, соларды келістіре суреттеу арқылы бұрын білетін Абайдың бұған дейін білмей келген жаңа бір бейнесін мүсіндеп шыққан көркем хикая бар. Соның барлық өткелегінен өтіп келгенде, біз жарық дүниеге шыр етіп келген сәби күнінен бастап бақиға аттанған қайғылы сағатына дейінгі 59 жыл өміріне түп-түгел куә болып, көз алдымызға таныс Абайдың бұрын өзіміз көрмеген бейтаныс әулие бейнесін елестетеміз.
Роман - хамса әрқайсысы өз өрісімен дамып, өзгеше тынысын тауып отыратын бес бөлімнен, яғни бес кітаптан тұрады. Әрқайсысының дем - тынысы өзінде, бас - аяғы бүтін дербес хикая. Оладағы оқиға өзегін ұстап тұрған негізгі кейіпкерлері кітап тақырыбының астында жақшаға алып көрсетілген:
1. Толғақ (Кенесары – Құнанбай – Қодар).
2. Жұлдыз құрбандық (Шоқан, Достоевский, Құдайберді).
3. Қызғаныш (Халиолла, Михаэлис, Шәкәрім).
4. Хақиқат мекені (Саққұлақ шешен, Мұса мырза, Долгополов).
5. Нұрсипат (Мәшһүр Жүсіп, Әлихан Бөкейханов, Мағауия).
Осы бес кітаптағы баяндалатын оқиғалардың барлығына ортақ өзек те, ондағы адамдардың бірімен - бірін байланыстырып отыратын дәнекер де, оларды бір кітаптан екінші кітапқа ауыстырып отыратын өткел де – Абай, соның өмірі.
Жақша ішінде аты аталған адамдардың бәрі де тарихи тұлғалар. Олардың бірсыпырасы, өздеріңізге мәлім, Абайдан бұрынырақ өмір сүрген, яғни өмірге одан ертерек келген. Бірақ, ескінің көзіндей болып Абай заманына дейін жеткен солардың әрқайсысында, олардың ісі мен сөзінде алдыңғы жартысындағы оқиғалардың жаңғырығы бар. Ал, қалғандары болса Абайдың өз тұстастары, ғасырдың екінші жартысында жасаған, сол кезеңнің өз өкілдері. Сөйтіп, бұл роман - хамсада Абайдың өзі өмір кешкен соңғы елу жыл ғана емес, бүкіл ХІХ ғасырдың дем - тынысы бар.
Әрине, осынау шағын мақаланың аясында кітаптағы Абай өмірін толығынан таратып айтып шығу еш мүмкін емес.
Сондықтан да біздің бір ғана жайтқа, Шоқан мен Абайдың кездесуіне ғана тоқталып өткеніміз жөн шығар. Өткен ғасырдағы үш алыбымыз үш арысымыз Ыбырай, Шоқан, Абай үшеуіні жас шамасы деңгейлес бола тұрып, олардың қазақ даласының бір өңірінде туып, бірін - бірі көрмей - білмей кеткені біз үшін орны толмайтын өкініш еді. Бұл жай ғана өкініш емес, тағдырдың өзі маңдайымызға жазып тұрып, таңдайымызға татырмаған, Құдайдың өзі беріп тұрып, пешенемізге бұйырмай кеткен сыбағамыз. Әсіресе, қазіргі Қостанай облысының жерінде, бір ғана Тобыл мен Обаған өзендерінің арасында туып, бірімен - бірі кездесе алмаған Ыбырай мен Шоқан, немесе Семейдің топырағын қатар басып жүріп, бірін - бірі сырттай ести жүріп жүздесе алмаған Шоқан мен Абай араларында айтылмай кеткен сөздер біздің аузымыздан жырылып түскен несібеміз еді.
Рамазан Тоқтаров өзінің осы романында әлгі олқылықтың бір қуысын толтыруға әрекет жасапты. (жалғасы бар)

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы

Р. Тоқтаров / Абайдың жұмбағы

Рамазан Тоқтаров өз роман - хамсасында Абай мен Шоқанды кездестіреді. Бір емес, үш мәрте. Алғашында кадет корпусын бітірген жас офицер Шоқан әкесімен...
«Абай жолы» роман - эпопеясындағы Абайдың көркем бейнесі

«Абай жолы» роман - эпопеясындағы Абайдың көркем бейнесі

Сабақтың мақсаты: «Абай жолы» роман - эпопеясының дүниежүзілік классикаға енген шығарма екенін таныту...
Абай жолы романы туралы

Абай жолы романы туралы

Әуезов өзінің роман - эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан - жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы...
Абай жолы романындағы Абай бейнесі

Абай жолы романындағы Абай бейнесі

Абай ұлы ақын, философ, ағартушы, демократ, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы, композитор, халық жақтаушысы....
Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)

Мұхтар Әуезов Жолда (“Абай жолы” романынан үзінді)

Мұхтар Әуезов Абай туралы төрт томдық “Абай жолы” роман – эпопеясын жазған. Онда Абайдың бүкіл өмір жолы: балалық, ересек шақтары, шығармашылық...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×