Сайтқа кіру Тіркелу

Сөз таптарына саяхат

Әбіласанова Гүлнар.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданы
№ 31 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.


Сабақ тақырыбы: Сөз таптарына саяхат.

Мақсаты:
Білімділік: Сөз таптарынан алған білімдерін нығайту, есте сақтау қабілетін қалыптастыру, шапшаңдыққа үйрету.
Дамытушылық: Сабаққа қызығушылығын ойын арқылы, сөздік қор арқылы дамыту.
Тәрбиелік: Еңбексүйгіштікке, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: Оқулық, дәптер, қызыл жұлдызша, үлестірмелі парақшалар, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың ұраны.
Қайырлы күн достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің күні
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын.

Үй тапсырмасын сұрау.
5-тапсырма 167- бет. Ережеден сұрақтар қою.

Енді балалар жаңа сабағымызды бастамай тұрып үш топқа бөлініп алайық. Ол үшін мен сендерге әріптер жазылған парақшалар таратамын. Сол әріптерден сөз құрасаңдар өздеріңнің топтарыңның аты шығады.

Ал 1- топ Жолдау тобы
2- топ Мұқағали тобы.
3-топ. Бұқарбай тобы.
Енді балалар өздеріңнің топтарың туралы не білесіңдер?
Әр топ өзінің тобын айтып шығады.
Яғни , Бұл топтардың атауы биылғы жылы болып жатқан соңғы жаңалықтарымыз.
Балалар, біз қандай мемлекетте тұрамыз?
Дұрыс айтасыңдар, Қазақстан мемлекетінде тұрамыз.
Осы Қазақстан мемлекеті бес елмен шектеседі екен.
Олар Ресей, Қытай, Қырғыз, Өзбек, Тәжікстан.
Осы елдерге саяхатқа аттанайық.
Ол үшін сендерге сұрақ.
Саяхатшы Дара мултьфильмін көресіңдер ме?

Иә.
Олай болса саяхатшы Дарамен осы елдерге саяхатқа аттанайық.
Ендеше Ресей еліне бару үшін мына тапсырманы орындайық
Зат есім дегеніміз не? Зат есімнің сұрағын ата?
Зат есімнің қандай түрлері бар?
Зат есім көптеле ме, септеле ме, жіктеле ме, тәуелдене ме?
Мына сөздерден зат есімдерді тап.
Бор, жасыл, кітап, ағаш, қысқа, әдемі, мұғалім, ойнады, гүл.
2- тапсырма.

1-топ Кітап сөзін ауызша септеу
2-топ Мұғалім сөзін жіктеу.
3-топ. Бор сөзін тәуелдеу.
Жарайсыңдар балалар, сендер берілген тапсырманы жақсы орындадыңдар.
Мынау Ресей елі. Слайдтан суреттерін көрсету.
Мына сөз жұмбақты шешсеңдер келесі елге барамыз.

1.Үй жануары
2.Сан.
3. сүт тағамы.
4. Сөз таптары
5. Байланыс құралы.
6.Тышқан үйі
7. Оқу құралы.
Қандай сөз шықты?

--- Етістік.
Сонымен етістік туралы не білеміз?
Балалар, мына тапсырманы орындасақ келесі елге барамыз.
Мына сөздерден сөйлем құра.
1-топ. Келді, көрді.
2-топ. Барды, айтты.
3- топ. Білді, естіді.
Тақтамен жұмыс.
4- тапсырма. Мына етістікті болымсыз етістікке айналдыр.
1- топ. Бар------- барма
2-топ. Кел келме.
3-топ көр көрме.
Қытай елінің кереметтерін көрсету слайд бойынша.

Келесі елге саяхатқа шығу үшін мына жұмбақты шешсеңдер келесі сөз таптарымыздың аты шығады.
Жұмбақ.
Сырты жасыл қап - қатты.
Іші қызыл тәп-тәтті
Ол не? Қарбыз..
Сын есім туралы не білеміз?
Мына тапсырманы орындасақ Қырғызстан еліне барамыз.
Мына сөздерді буын түрлеріне ажырату
Ақылды, үлкен, жақсы, жаман, әдемі, жайлы таза.
Қырғызстан еліне саяхат жасау. Слайд арқылы.
Қызықты тапсырма.
Төлептің төрт ұлы бар. Төрт ұлының адам баласына бір апасы, бір қарындасы бар. Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?
Осы тапсырманы шешсеңдер келесі сөз таптары шығады.

Алтау
---Сан есім
Сан есім туралы айту.
Үлестірмелі парақшалармен жұмыс.
Тапсырмадағы сан есімдерді табу.
Өзбекстан еліне келдік. Слайд арқылы көрсету.
Сергіту сәті.
Саяхатқа шығамыз
Арқамызда дорбамыз.
Әй, бұл кім,?
Әй, бұл не?
Бұл- тау. Үстіне шыға алмаймыз
Астынан өте алмаймыз
Кеттік тура.
Келесі сөз табы есімдік.
Мына сөздерді есімдіктің үш тобына бөлу.
Мына, мен, кім, қанша? Қашан? Мынау, сен, ол, кімдер? Нелер? Бұл, әне, міне.
Жіктеу есімдігі. Сілтеу есімдігі. Сұрау есімдігі.

Үш топтан үш оқушы шығып жазып шығады.
Тәжікстан еліне келдік. Слайд арқылы көрсету.
Келесі елге сапар шегу үшін бізге мына түлкі жібермей тұр Ол үшін мына тапсырмаларды орындайық
Жазғытұры.
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу.
Көбелек пен құстар сайда ду-ду.
Гүл мен ағаш майысып қарағанда
Сыбдыр қағып, бұраңдап, ағады су.
Иә, бұл кімнің қай ақынның өлеңі?
---- Абай Құнанбаев атамыздың өлеңі.
Олай болса, осы өлеңнің ішінен шылауды табамыз.
Шылау туралы айту.

Тапсырма.
Мәтіннің ішінен шылауды табу.
Атасы мен немересінің күні бойы серуендеуіне мүмкіндік туды. Таңданып әрі қуанып барып есік ашсам- Майра мен папасы тұр. Қарт пен немересі зәулім үйдің алдына келіп тоқтады.
Алмас үйге қауын мен қарбыз әкелді.
Осы мәтіннің ішіндегі мен, бен, пен шылаудың қай түрі?
----- Жалғаулық шылау.
Жалғаулық шылау туралы айту.
Енді өз еліміздің астанасы қай қала?

Астана.
Астанаға саяхат.
Сабақты қорыту
Сонымен сөз таптарын атайық.
Зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, шылау.
Бес жолды өлең. 1- топ Ана.
2- топ. Сағат.
3-топ. Мұғалім.

Ал бүгінгі саяхаттан қандай әсер алдыңдар?
Оқушылар өздерінің әсерлерін айтады.
Оқушыларды бағалау, жұлдызшаларды санау.
Үш топта жақсы қатысып достық жеңді.
Үй тапсырмасы «Көктем» тақырыбына әңгіме жазу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×