Қазақ тілі пәні 11 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі шешендіктің түрлері
Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға қазіргі шешендіктің түрлерін таныстыру, білім дағдысын қалыптастыру, бүгінгі күнмен байланыстыра отырып шешендіктің мазмұнын ұғындыру;
ә) Тақырыпты түсіндіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істеуді қалыптастыру;
б) Мәдени асыл қазыналарымызды құрметтеуге, шешендік сөздерді орнымен қолдана білуге, саналылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: Білімді жинақтау, түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау, топпен жұмыс, шығармашылық ізденіс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, буклеттер, слайд, суреттер, тапсырмалар, тірек – сызбалар.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеру. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушыларды топпен отырғызып, зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау: Үйге берілген жаттығуды тексеру.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Эпиграф: «Шешендік сөз дегеніміз – белгілі бір мәселені баяндау, сипаттау, белгілі бір ойдың ақиқаттығын түсіндіру, сөйтіп, ақылға қону жағын көздеу. Одан әрі адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру»
Ахмет Байтұрсынұлы
Бүгінгі сабақтың мақсатын таныстыру және кезеңдеріне тоқталу.
І. Қайталау - оқу анасы. (сұрақ - жауап)
ІІ. Ұтымды пікір - ұтқыр ой. (қосымша дайындалып келген шығармашылық жұмыстарын тыңдау)
ІІІ. Кешенді талдау - кемел білім.(сөйлем талдау бөлімі)
ІV. Көркем сөзім - көрікті ойым. (оқулықтағы жаттығулармен жұмыс)
V. Даналық сөзден дән ізде.( сұрақ - тапсырмаларға жауап алу
VI. Пысықтау, бағалау, қорытынды. (топтастыру әдісі)
Кіріспе сөз:
Қазіргі шешендіктің түрлері тақырыбы мен мазмұнына қарай бөлінеді. Шешендік сөздердің, шаршы топтың сипаты өзгерді: шешендер білім - ғылым, оқу - ағарту, тәлім - тәрбие, мәдениет - өнер тақырыптарын қозғаған көркем сөз иелері - ақындар мен жазушылар, ғалымдар, журналистер болса, тыңдаушы топ - білім - ғылым, оқу - ағарту, мәдениет саласындағы көпшілік. Кейінгі қоғамда шешендік өнердің көрінетін орындары - жоғарыдағы тақырыптарға арналған жиналыс, конференция, съезд, семинар, диспуттар еді. Шешендік сөздің сипатына қарай яғни нені айту, қайда айту, қалай айту талаптарына орай, шешендік өнер тіл мәдениетін келтіретін шарттардың бастысына айналды. Шешендік сөз енді өлең түрімен емес, таза қара сөзбен айтылатын болды. Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болғаннан бастап шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдің тәуелсіздігі өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл тәуелсіздігін қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық саласында сөйлеу еркіндігін қамтамасыз етті, әр түрлі саяси көзқарастағы топтар қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге мүмкіндік туды. Еліміздің Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланысты сот істері қазақ тілінде жүргізіле бастады.
Республикадағы телеарналар мен радиохабарлар қазақ тілінде жүргізілуде, қазақ баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті. Осының бәрі қазақ тілінде шешен сөйлеу талабын күшейте түсері сөзсіз. Қазіргі шешендік сөздер мазмұны мен айтылуы жағынан алуан түрлі.
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Қазіргі шешендіктің түрлері
- ramuk_b
- 3 қараша 2019
- 2575
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазіргі шешендіктің түрлері, 11-сынып, қазақ әдебиетінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Шешендік өнер
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту, тіл байлығын жетілдіру; ә) Сезімтал, шешен болуға ұмтылдыру; б) мақал – мәтелдер...Риторика 3-4сынып мұғалімдеріне көмекші құрал
Кіріспе Қазіргі заман талабына сай жаңа қоғамға лайықты саналы, үйлесімді жетілген, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау бүгінгі мектеп алдында...Шешендік өнер және сөз мәдениеті
Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі: А. Н. Шақманова...Дүниеде не өлмейді?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №266 мектеп – лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жиенбаева Ұлбосын Насрадинқызы...Шешендік өнер
Өтегенова Набия Төлегенқызы БҚО, Казталов ауданы, Казталов ауылы. Казталовка ОЖББМ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.