Сайтқа кіру Тіркелу

Аяз би ертегісіндегі Жаманның бейнесі

Сабақ тақырыбы Аяз би ертегісіндегі Жаманның бейнесі

Жалпы мақсаттар:
1.Қазақ халқының бай қазынасы - ауыз әдебиетінің балаларға лайықты таңдаулы үлгісі - «Аяз би» ертегісінің мазмұнын қаншалықты меңгергенін анықтау, ертегінің тақырыбы мен идеясын анықтату;
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өзіндік пікір айту, негізгі мәселені анықтай білу, сұрақ қою дағдыларын, сыни тұрғыда ойлауын дамыту;
3. Аяз бидің жақсы қасиеттері мен істерінің мәнін терең түсініп, өз бойларына дарытуға, кейіпкерден үлгі ала білуге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі Сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, сыни ойлай білуге дағдылануы.. Кейіпкерлерді жағымды және жағымсыз қасиеттері бойынша бөле біледі;. Кейіпкердің іс - әрекетіне баға бере біледі;. Бір - біріне сұрақ қояды;. Ой қорытады; Пікірлерін айтады; Ұжымдасып еңбек етуді үйренеді
Негізгі идеялар
Ертегідегі Аяз бидің бойындағы ерекше қасиеттермен тәлім алу.
Дереккөздер және жабдықтар суреттер, сызбалар, флипчарт, маркерлер т. б.
Тапсырмалар • «Ыстық орындық»
• Мәтінмен жұмыс. Өз киімімді өзім жуамын. «Кір жайғыш жіп»
• Постер қорғау.
Жүргізілетін жұмыс
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың
іс - әрекеті
1 минут Сынып оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сыныпты 5 топқа бөлу. Адалдық, шыншылдар, әділдік, даналық, адамгершілік топтарына бөлу. Мұғаліммен сәлемдеседі
Үй тапсырмасын тексеру
7 минут

"Ыстық орын" 5 топтан үзінді жаттаған оқушылардан сұралады. Оқушылар жаттаған үзінділерін мәнерлеп оқиды.
3 минут

1 минут Қызығушылықты ояту
1. Ертегілер әнін тыңдайды.
«Ертегілер»әнін тыңдау арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.
«Топтастыру», «Теріп алу» әдістері.

Оқушылар бейнекөріністі тамашалайды.
10 минут • Мәтінмен жұмыс. «Кір жайғыш жіп»

. Ертеде кім деген хан болыпты?
2. Оның неше уәзірі болыпты? 3. Хан уәзірлеріне қандай тапсырма беріпті?
4. Хан оларды табуға қанша уақыт берді?
5. Уәзірлер нелер алды?
6. Жаман оларға нелерді алдырды?
7. Хан Жаманға қандай тағам бергізді?
8. Жаманның жасы нешеде еді?
9. Жаман тұлпардың неге шатыс екенін айтты?
10. Қандай тастың қасиеті неше жылдан соң бітеді?
11. Тастың ішінде қандай неше құрт бар?
12. Ханның әкесі неше жаста?
13. Ханның шешесі неше жаста?
14. Ол неше әйелін өлтірді?
15. Оның аты кім еді?
16. Байлығы мен ерлігі ханға парапар кім?
17. Уәлидің қызы кім?
18. Қыздың жасы нешеде?
19. Қыз Жаманға нелер берді?
20. Олардың құралына қыз нелер бергізді?
21. Хан Жаманды қайда жұмсады?
22. Жаман жолға қандай ат мінді?
23. Қырық уәзір Жаманды неше күндік жолға шығарып
24. Жаман не үшін «Аяз би» деп аталды? СӘЙКЕСТЕНДІРУ. Берілген мақал - мәтелдерді жоспардың тараулары бойынша сәйкестендіру..
1. Құстың, шөптің, адамның жаманын табуға ханның уәзірлерін жұмсауы. Есірген хан елді ермек етер.
2. Жаманның жақсы мен жаманды айыра білуі. Ащы мен тұщыны татқан білер. Алыс пен жақынды жортқан білер.
3. Ханның Жаманды уәзір етуі. Ақыл – елдің қорғаны.
4. Меңдінің Жаманды таңдауы. Кедейлігіне қарама, кісілігіне қара.
5. Жаманның сертке берік болуы. Сертке берік бол, Досыңа серік бол.
6. 40 уәзірдің хан мен Жаманды араздастыруы. Арсыз адам жала жауып аздырады, Ақылды адам жол тауып оздырады.
7. Жаманның Барсакелмеске сапары. Жігітке жар қымбат, Намыс пен ар қымбат.
8. Ханның өтірігіне – Жаманның жауабы. Түстік жерге өтірік айтсаң, кешке артыңнан барады.
9. Ханның Жаманды сағынуы. Ескі дос естен кетпес.
10. Хан сөзін шеше алмаған уәзірлердің Жаманға баруы. Алдыңа келсе атаңның құнын кеш.
11. Ханның қырық уәзірді жолға салуға тапқан ақылы. Жақсы ісіңнің артында сауабы бар, Зұлымдықтың артында жауабы бар.
12. Жаманның арсыз уәзірлерді хан жазасынан құтқаруы. Арын сатқан ер оңбас, Ажарын сатқан сері оңбас.
13. Хан тағына отырған Жаман. Ақылды жетер мұратқа, Ақылсыз қалар ұятқа.

Қазақ әдебиеті №22 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Танатарова Фарида Бактыгалиевна

Аяз би ертегісіндегі Жаманның бейнесі жүктеу
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Намыс туралы мақал-мәтелдер

Намыс туралы мақал-мәтелдер

Шөлдің қамысы болмайды. Жаманның намысы болмайды. Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат....
Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Аяз би ертегісіндегі кейіпкерлер бейнесі

Ертегі мазмұнымен танысу, өмірдегі қарапайым адамның зеректігі мен танымдылығы, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жан-жақты аша отырып, оқушыларды...

"Керқұла атты Кендебай" ертегісі

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бигелдинова Жаңылдық Қуанышқызы...
«Аяз би» ертегісі

«Аяз би» ертегісі

Сабақтың тақырыбы: «Аяз би» ертегісі, мазмұны Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларға «Аяз би» ертегісі туралы түсінік беру, мазмұны мен...

"Аяз би" ертегісі

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Оқушылардың ертегіні қаншалықты меңгергенін анықтау, бас кейіпкердің бойындағы қасиеттерді нақтылап көрсету; Аяз би...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×