Пән: әдебиет, 7 - сынып Күні:
Тақырыбы: А. С. Пушкин «Ескерткіш»
Мақсаты: А. С. Пушкиннің өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік алу, «Ескерткіш» өлеңінің мазмұнын ашу, идеясын анықтау.
Күтілетін нәтиже: 1. А. С. Пушкин өмірі мен шығармашылығы туралы біледі.
2. Шығармаларын талдайды.
3. «Ескерткіш» өлеңінің идеясын ашып, қорытынды жасайды.
Керекті жабдықтар: Ғаламтор желілері, портрет, қосымша оқулықтар, слайд, плакат, маркер, фломастер, ұялы телефон
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Психологиялық дайындық. Өз есімдері бойынша жақсы сөздер айтады. Мысалы: Мейіргүл мейірімдімін деген сияқты.
Әдебиет пәнінен жыл бойы өтілген тараулар бойынша 3 топқа бөлу. Топтардың атауы:
І топ: «19 - ғасыр әдебиеті»
ІІ топ: «20 - ғасыр әдебиеті»
ІІІ топ: «Әлем әдебиеті»
Үй тапсырмасы «Серпілген сауал» әдісі бойынша М. Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесі. Мына бағытта жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қойылады:
1. Інісін іздеп тапқан балалар үйі Манапқа қандай әсер қалдырды?
2. Қалидың тәлім - тәрбиесі қандай? Ол немен әуестенеді? Нені армандайды?
3. Көптен көріспеген ағалы - інілі екеуінің алғашқы кездесу сәті сендерге қалай әсер етті? Көрісулерінің салқындығы неде деп ойлайсыңдар?
4. Манаптың ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқан әңгімесінде қандай салт сөз болады?
5. Ағалы - інілі екеуінің түбінде түсінісетіндігіне сенесіңдер ме?
6. Сендер Манаптың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Мұғаліммен амандасады, кезекші мәлімет береді.
Оқушылар жақсы сөздер айтады.
Топқа бөлінеді.
Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер Ой шақыру «Пушкин туралы не білеміз? Ол кім?»
3 топқа «Топтық зерттеу» әдісі бойынша тапсырмалар беріледі. Олар орыс әдебиетінен алған білімдері бойынша және ғаламтордан, әдебиет оқулығынан мәліметтер іздеп, тапқандарымен бөліседі.
І топ. Пушкиннің балалық шағы.
ІІ топ. Пушкиннің шығармалары.
ІІІ топ. Пушкиннің қазақ әдебиетімен байланысы.
Қосымша слайд көрсетіледі.
Әр топ жаңа білім бойынша өз білімдерін толықтырады. Ғаламтордан мәліметтер алып, өз білгендерін топ мүшелерімен, басқа оқушылармен бөліседі.
Негізгі бөлім Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып, сұрақ - жауап әдісі бойынша мәртебесі төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қойылады. Сұрақтар: 1. Ақын қандай ескерткіш туралы айтады? 2. Өлең неліктен «Ескерткіш» деп аталған? 3. Өлеңдегі басты идея қандай? 4. Ақынның болашаққа деген сенімі қай жолдарда берілген? 5. Ақын ескерткішінің Александр мұнарасынан да биік болу себебі неде? 6. Келер заманда тіл біткеннің ақынның атын атап, құрметтейтініне неге сенімі мол?
І топ. Венн диаграммасы арқылы «Ескерткіш» өлеңін Қ. Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстыру.
ІІ топ. Өлеңді құрылысына қарай талдау.
ІІІ топ. Пушкинге хат жазу Өлеңмен танысады, талдайды, ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді.
Топ болып жұмыстанады, өлеңді салыстырады, талдайды, хат жазады немесе ой толғау.
Қорытынды Постер қорғау: «Ескерткіш орнату». Әр топ өз қалаулары бойынша өлеңмен, сөзбен, суретпен «ескерткіш орнатады». Әрбір топ келесі топтың постерін бағалайды.
Бес жолды өлең құрастыру
1 - топ – Пушкин
2 - топ - Ескерткіш
3 - топ - Ақын Әр топ мүшесі жеке жұмыстанады, сосын өз ойын топпен бөліседі, постерге жазып, қорғайды.
Үйге тапсырма
Бағалау
Кері байланыс 1. А. С. Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттау.
2. «Пушкинді қазақша сөйлеткен» деген тақырыпта шығарма жазу.
Бағалау парағы бойынша қорытынды бағалау
Кері байланыс орнату. «Бес бармақ» әдісі Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Кері байланыс орнатады.
А. С. Пушкин «Ескерткіш»
- ramuk_b
- 16 мам 2019
- 12431
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Пушкиннің өмірі мен шығармасы ескерткіш, Ескерткіш өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Жалаң және жайылма сөйлемдер
БҚО, Орал қаласы, №33 ОЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Насиеиа Ұлдай Байжұмақызы...Ә. Тәжібаев "Сырдария"
№33 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ұ. Б. Насиева...С. Мәуленов «Менің Республикам» өлеңі
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Жақсыбаева Шолпан...Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна...Қасым Аманжолов "Өзім туралы"
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, «Шетпе гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкінбаева Динара Мусағалиқызы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.