Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері
Сыныбы: 7
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: оқушыларды сөздердің байланыстыру тәсілдерімен таныстыру. Сөздердің байланысу тәсілдері туралы алған білімдерін ауызша, жазбаша жетілдіру.
Дамытушылық: өз бетінше ізденуге ойлау қабілетін дамыту, шығармашылық жұмыс арқылы баулу.
Тәрбиелік : адамгершілікке тәрбиелей отырып ұқыптылыққа, тыңдау әдебі мен сөйлеу шеберлігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың типі : жаңа оқу материалын оқып үйрену сабағы.
Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі : сызба, интерактивті тақта, үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланыс : әдебиет
Сабақтың барысы :
I.Ұйымдастыру кезеңі :
Сәлемдесу,түгелдеу.
Оқушы зейінін сабаққа аудару.
Кабинет тазалығына көңіл бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Сөздердің грамматикалық байланысы.
Мысалдар келтіру
III. Үй тапсырмасын қорытындылау.
Сұрақ - жауап
- Сөздер не үшін, қалай сөйлем құрайды?
- Сөйлемдегі сөздердің бір бірімен несі әр түрлі болуы мүмкін ?
- Сөздер бір бірімен белгілі бір не арқылы байланысады?
IY.Жаңа сабаққа кіріспе.
Адастырмайықшы сөздерді,
Шығайықшы байланыстырып әдемі бір сөйлемді.
Шахтаға жіберуге, жаңа жұмысшыларға, техника қауіпсіздігін, тыйым салынсын, ұғындырмайынша.
Y. Жаңа сабақ. Сөздердің байланысу тәсілдері.
Сөздердің байланысу тәсілдері:
Жалғаулар арқылы Сөздердің орын тәртібі арқылы
Шылаулар арқылы Интонация арқылы.
235 – жаттығу.
Мәтінді оқып шығып, ойынның мәнін түсініп алыңдар.Сөздердің байланысу тәсілдеріне қарай сөздерді өзі тіркескен сөзімен бірге жазыңдар.
Үлгі: 1. Ел арасына ( елдің арасына) – ілік септік (түсіп қалған) және тәуелдік жалғауы
– сы арқылы байланысқан, III жақ..
«Кімнің ойы ұшқыр ?» ойыны.
Шарты : « Айгөлек» ойынының жалғасын ойлап жазу.
«Төрттік одақ» ойыны
Шарты : сөздердің байланысу тәсілдеріне өзара топтасып отырып, мысал келтіру, түсіндіру.
Жалғаулар Шылаулар Орын тәртібі Интонация
YI. Жаңа сабақты қорытындылау.
р/с Мысалдар Жалғаулар Шылаулар Орын тәртібі Интонация
1 Жігіт..., ойын арзан, күлкі қымбат
2 ... адам жатына да жақындай,
... адам жақынға да жатындай.
3 Мал ... таласпа, ар ... талас!
4 Әуелі –көкірегі байлаулы берік болмақ керек
5 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі
6 Адам неғұрлым ақылды, мейірімді болған ... , соғұрлым өзінің жақсылығын бағалағыш келеді
7 Ақындар айтысы болып өтті.
8 Залымдық - адам баласының дұшпаны.
YII. Үйге тапсырма беру.
Сөздердің байланысу тәсілдері
236 – жаттығу.
YIII. Бағалау.
Оқушылардың білімін бағалау.
Сөздердің байланысу тәсілдері
- Gulmira Rustem
- 26 маусым 2012
- 21502
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қазақ тілі, сөздердің байланысу тәсілдері
Ұқсас жаңалықтар:
Зат есімнің жіктелуі
Жіктік жалғауларды түсіндіру. Сөздердің жіктелу үлгісімен таныстыра отырып, мысалдар келтіру арқылы жаңа тақырыпты пысықтау. Жіктік жалғауының...Қабысу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылы, №103 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оралова Зульфира...Сөз тіркесі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Матасу
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Благодарное орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жарқынбаева Меруерт Бейсенбекқызы...Матасу
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар Сабақтың тақырыбы:Матасу ...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.