Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллиннің «Далада», «Келіншектің бесік жыры», «Орман», «Сағындым» (Қамауда), «Сыр сандық» өлеңдері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығымен, өлеңдерімен таныстыру, тақырыптық, идеялық мазмұнын ашу. Көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Дамытушылық: Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашарлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.
Тәрбиелік: Әр білімгердің ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ойтүюге баулу, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың тегі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Студенттің іс - әрекеті: топтық жұмыстарда өзінің белсенділігін, қабілетін, шығармашылық ізденіс деңгейін, сөйлеу тілі мен жазба тіл байлығын көрсету, өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге дағдылану.
Мұғалімнің іс - әрекеті: тақырып бойынша шолу жасау, топтың таңдаған тақырыбы бойынша оның іс - әрекетін ұйымдастыру, сабақ барысында топ мүшелерінің түгелдей атсалысуына жол ашу, тақырыпты жан - жақты ашуына бағыт - бағдар беру, көмек көрсету, қорытынды жасау.
Сабақта қолданылатын технологиялар: АКТ. Жобалап оқыту. Блум таксономиясы. Сын тұрғысынан ойлау. Каучинкті оқыту.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жобалап оқыту, топтық жұмыс, «Алты тақия» ойыны, «Кері байланыс» т. б.
Көрнекілігі мен жабдығы: сабақтың барысы туралы призентация, интербелсенді тақта, слайдтар, топтардың презентациялары, әнші - сазгер ақындар шығармалары жинақтарынан көрме, оқулық, хрестоматия, бағалау парағы, постер, маркерлер, стикерлер.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка, философия, мәдениеттану
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру
«Жұмбақ сандар»
Бұл кім?
Оны философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылсандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік - ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т. б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. (Шәкәрім)
Ол әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы – "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. (Міржақып)
1913 - 1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу - білімге, ілгері ұмтылуға шақырады. (Мағжан)
Оның ішінде көптеген өлеңдер, "Қартқожа", "Ақбілек" романдары, "Күнікейдің жазығы" хикаяты мен "Әнші" секілді бірқатар көркем әңгімелері, "Рәбиға", "Мансапқорлар", "Қанапия мен Шәрбану", "Ел қорғаны", "Шернияз" пьесалары, "Нұр күйі" поэмасы, сондай - ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. (Жүсіпбек)
Ол – лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған ақын. Атап айтқанда, "Қойлыбайдың қобызы", "Батыр Баян", "Қорқыт", т. б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады. (Мағжан)
Үш бәйтерек
Қалың қара қазаққа
Үш бәйтерек атандың.
Жаның малынып азапқа
Ұрпақ үшін сөз алдың.
Кейде күйіп, кейде мұң
Көңілге жақты қараны.
Артта мына ұрпақтың
Болдың міне ұраны.
Ақылменен терең ой
Тіпті жанға сыймаған.
Ілияс, Бейімбет, Сәкен ғой
Еліме бақыт сыйлаған.
Бізге мұра, сіздің еңбегіңіз
Бізге аңыз, сіздің көргеніңіз.
Халық жауы атанып кетсеңізде
Сақтаймыз сізді мәңгі есімізде.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894 - 1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып - өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репресияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс - қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905 - 1908), үш класстық қалалық училищеде (1908 - 1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913 - 1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық - саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай - ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» повестері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен қазақ маңдайына біткен біртуар дара тұлғалардың бірі. Ол өз ұлтын қалтқысыз сүйіп, халқына еңбек сіңірді.
Өлеңдерімен таныстырып, тақырыптық ерекшелігін ашу.
Ауыл байғұс мінекей
Далада
Келіншектің бесік жыры
Орман
Сағындым (Қамауда)
Сыр сандық
Сәкен әндерін тыңдау
Сәкеннің поэмалары
Лашынның әңгімесі
Көкшетау
Аққудың айрылуы
Ақсақ киік
«Сәкен және сұлу саз» кітап көрмесі.
«Сәкен мұражайы» бейнеролик
Бекіту
«Алтын қақпа» ойыны.
Тас қақпа сұрақтары:
Бұл сурет қай шығармаға сәйкес келеді? (Келіншектің бесік жыры)
Бұл сурет қай шығармаға сәйкес келеді?(Сағындым (Қамауда)
Бұл сурет қай шығармаға сәйкес келеді?(Аққудың айрылуы)
Күміс қақпа сұрақтары.
Баламалы тесті
Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жоқ» сөздері арқылы белгілеу.
1. «Түрмеден қашып шыққанда» С. Сейфуллиннің туындысы?
ия жоқ
2. «Қараш - қараш» С. Сейфуллиннің повесі
ия жоқ
3. «Аққудың айрылуы» - С. Сейфуллиннің махаббат туралы романтикалық поэмасы
ия жоқ
4. «Кім жазықты?» С. Сейфуллиннің поэмасын белгілеңіз.
ия жоқ
5. С. Сейфуллиннің тұңғыш өлеңдер жинағы «Өткен күндер» деп аталады?
ия жоқ
Сәйкестендіру тесті
Кез келген анықтаманы оқушы сызу арқылы белгілейді.
«Қызыл ат»
С. Сейфуллин
«Жайлауда қымыз ішу»
Асау, тұлпар, аққу, экспресс
«Бандыны қуған Хамит»
Дұрыс жауапты таңдау тесті
1. Бір азғана жыл өтті
Мен қалада жүргелі.
Елді көріп кетемін
Екі жылда бір келіп.
А. “Сағындым”
В “Келіншектің бесік жыры”
С. “Далада”
Д “Біздің жақта”
Е “Ауыл байғұс мінекей”
2. Шалқыған біздің жақтың көлдері бар,
Ағашты биік таулы жерлері бар.
Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын
Меймандос, берекелі елдері бар.
А. “Сағындым”
В “Келіншектің бесік жыры”
С. “Далада”
Д “Біздің жақта”
Е “Ауыл байғұс мінекей”
3. Жүген - құрық тимеген,
Жасынан ноқта кимеген
Алты жасар асауды
Ұстап міндім далада.
А. “Сағындым”
В “Келіншектің бесік жыры”
С. “Далада”
Д “Біздің жақта”
Е “Ауыл байғұс мінекей”
4. Әлди - әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
А. “Сағындым”
В “Келіншектің бесік жыры”
С. “Далада”
Д “Біздің жақта”
Е “Ауыл байғұс мінекей”
Алтын қақпа
15 қазан 1884 жылы
1905 - 1908
1914 жылы
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
С. Сейфуллиннің «Далада», «Келіншектің бесік жыры», «Орман», «Сағындым» (Қамауда), «Сыр сандық» өлеңдері.
- ramuk_b
- 27 ақпан 2019
- 3019
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы туралы сабақ
Ұқсас жаңалықтар:
Біздің жақта
Шалқыған біздің жақтың көлдері бар, Ағашты биік таулы жерлері бар. Өзен, су, көлдер жайлап, тау қыстайтын Меймандос, берекелі елдері бар....Үздік әдебиетші
Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы №194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...Сәкен аға
Ұлы адамның өмірінен мағлұмат беру, Сәкен Сейфуллиннің халқына қамқор болғаны жайлы берілген мәтінді түсініп оқи отырып, мазмұнын айтуға үйрету....Сәкен Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна...Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин (1894-1938 жж.) Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Жезқазған...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.