Сабақтың тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау
Сабақтың мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы ұғымдарын тереңдете түсу.
Сөз құрамына талдау дағдыларын арттыру. Сөзге қосымшаны дұрыс жалғай білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Қажетті қайталау
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, қайталау, жаттығу
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Психологиялық дайындық.
Мейрімді жүрекпен, Жақсы оқып сабақты,
Ақ пейілді тілекпен. Әдеп сақтау сәніміз.
Амандасып алайық, Сәлем бердік сіздерге,
Бір жадырап қалайық! Басымызды иіп бәріміз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.
Еңбек ете жұмыла,
5 - ке қолды жеткізу.
2. Үй жұмысын тексеру. 3 - жат. Берілген сөздерге - ның,- нің,- дың,- дің жалғауларының бірін жалғап, сөйлем құрап жаз.
- Астана - ның, Ақтөбе - нің, Алатау - дың, Есіл - дің.
- Астананың көшелері әдемі. Ақтөбенің адамдары әдепті. Алатаудың ауасы таза. Есілдің суы мөлдір.
3. Сабақты қорыту.
- Түбір дегеніміз не?
- Қосымша дегеніміз не?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Туынды сөз дегеніміз не?
4. «Сөз жасау ойыны» Орын ауысқан әріптерден сөз құрау.
Ж Р Ұ А Н Қ Е П Н Ж Л А У Ғ А Жауабы: Жұрнақ пен жалғау.
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Жұрнақ пен жалғау»
- Кәне, балалар, хормен айтамыз.
Қолға қалам алайық,
Дәптерімізді ашайық.
Салақтықтан қашайық,
Әдепті етіп жазайық - бүгінгі күннің жадысын жазу.
5. Ереже: Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады. Мыс: Талап - ты - дан, дәрі - гер - мін,
тату - лық - қа.
- Шартты белгілермен таныстыру. Түбір белгісі
Жұрнақ белгісі
Жалғау белгісі
6. Оқулық пен жұмыс. 1 - жат. 138 - бет.
Мал шөпке тоқтайды,
Ақылды сөзге тоқтайды.
Түйе - байлық, қой - мырзалық, жылқы - сәндік.
7. Көркем жазу. 2 - жат. Менің ағаларым.
8. Сергіту сәті.
- Бұл шеңберде нүкте нешеу,
Сонша рет қолыңды көтер дереу.
- Қанша шаршы көріп тұрмыз,
Сонша алға еңкейеміз.
- Кесінді нешеу болса,
Сонша отырып, тұрамыз.
- Бұрыштарды санайық,
Сонша отырып, тұрайық.
1. «Жалғастыр» ойыны.
- Бірінші оқушы түбір сөз айтады. Екінші оқушы жұрнақ айтады. Үшінші оқушы жалғау айтады. Төртінші оқушы тақтаға жазып, сөз құрамына талдайды. Мысалы: Сый - лық - тар, ән - ші - лер, зейін - ді - лер, еңбек - қор - ға, бі - лім - ді.
10. Өздігінен жұмыс. Оқулықтағы 4 - жат. орындайды.
Аз да бітер, көп те бітер,
Татулыққа не жетер?
Еріншектің ісі - екі.
ІІІ. Сабақты қорытындылау.
1. «Сәйкестендіру» әдісі.
Дәрі тен
Дәрі қор
Дәрі қор дың
Еңбек ні
Еңбек хана
Еңбек хана да
Мал ға
Мал шық
Мал шы лар
Ойын дар Ойын шы Ойын шы лар
2. Оқушылардың білімдерін бағалау.
3. Үйге тапсырма: 5 - жат. 139 - бет.
Жұрнақ пен жалғау
- ramuk_b
- 31 қаңтар 2019
- 4948
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жұрнақ пен жалғау туралы, қазақ тілінен сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Қысқа мерзімді жоспарлар
Жұрнақ пен жалғау туралы түсінік қалыптастыру, сөз құрамына талдауды үйрену, топпен жұмыс істеуге дағдылану....Жұрнақ пен жалғау
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін қалыптастырып, бір - бірінен ажырата білуге дағдыландырып, ой – өріс қиялын дамыту және сонымен қатар..."Жұрнақ пен жалғау" ашық сабақ
Ақтөбе облысы. Темір ауданы Бабатай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әкімғалиева Ағарыс Кәдірқызы...Түбір мен қосымша
Ақтөбе қаласы №32 мектеп - гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Сөз және оның құрамы
Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова Элеонора Дузжасаровна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.