Сайтқа кіру Тіркелу

Латын әліпбиі

Эссе
Латын әліпбиіне көшу – өркениетке бағытталған қадам
Міне, зымыраған күндер, жылжыған айлар құшағында тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 26 жыл толды. Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақ елін азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік еді. Енді бүгін әлем таныған елге айналдық. Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту», - деп нар тұлғалы батыр атамыз Б. Момышұлының айтқанындай, тіл - мемлекетіміздің тұғырлы тілегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Бүгінгі таңда тәуелсіздігімізге 26 жыл толып отырса, менің де жан – тәнімен қалаған мамандығым - ұстаз болып еңбек етіп келе жатқаныма 26 жыл толып отыр.

Осы уақыт ішінде алдымнан қаншама шәкірт түлеп ұшты. Қазіргі уақытта әр шәкірттерім қоғамымызға өзіндік үлестерін қосып, өмірдің сан тарау жолдарында еңбек етіп жүр. Мен өз мамандығымды қадір тұтамын. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», - деп К. Д. Ушинский айтып өткендей, біздер, ұстаздар қауымы, үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, ізденуден жалықпаймыз. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі бағыттарының бірі – Бәсекеге қабілеттілік. Ұрпағымыз білімді, бәсекеге қабілетті болу үшін білім беру жүйесі мұғалімдерден кәсіби шеберлікті, сан қырлы шығармашылықты қажет етеді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы білім беру жүйесінде аса зор көңіл бөлініп, үлкен өзгерістер орын алып отыр. Білім үнемі қозғалыста өзгеріп тұратын үдеріс. Қазір елімізде осы үдеріс жаппай қызу қарқында жүріп жатыр. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі – жас ұрпаққа сапалы білім беру. Білімді ұрпақ қана еліміздің болашақ иесі болары қақ.

Сол білімді ұрпақты қалыптастыру үшін жаңартылған білім бағдарламасы жаңашыл идеялар мен әдіс – тәсілдерді тиімді қолдануды талап етеді. Мен де жаңартылған білім бағдарламасы аясында өз білімімді жетілдіру курсына барып, өз білімімді шыңдап келдім. Бұл жаңартылған білім бағдарламасының ұстаздар қауымына аяғын жаңа басқан нәрестедей қиындық келтіргені сөзсіз. Десек те өз уақытын аямаған, өзгенің бақытын аялаған ұстаздар қауымы да ізденіс үстіне ізденіп, өз білімдерін одан әрі шыңдай түсуде.

Мен Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын ерекше жігермен оқып шықтым. Бұл мақала Сарыжаз орта мектебінің мұғалімдеріне де лайықты әсерін тигізді. Мақаланы ұжымда өткен жалпы жиналыста талқыға салдық. Әркім өз ойларын білдірді. Осы орайда, мен де өз ойымды айта кетсем деп отырмын. Елбасының бағдарламалық мақаласының түпқазығы – қазақ жазуының латын қарпіндегі нұсқасына көшуі. Өйткені, халқымызда «Қыран құстың биікке самғап ұшуы үшін оған уақыт пен бап керек» деген даналық сөзі бар. Яғни, Елбасы елімізде адамның санасын жаңғыртуына, рухани баюына ықпал ететін латын әліпбиіне көшуді ұсынып отыр.

Мен елімнің болашағы мен келешек ұрпақтың қамы үшін Елбасымның бұл ұсынысын құптаймын. Меніңше, рухани жаңғыруды жазудан бастап, кириллицамен қош айтысып, қазақтың өзіне тән әліпбиін жасау басты мақсат болып отыр. Өзіндік ұлттық ерекшеліктерімен, ұлттық салт – дәстүрлерімен, ұлттық мәдениетімен, тарихымен алпауыт елдердің алдында алыптай болып жүрген Ұлы еліміздің болашағы өз әліпбиімен жарқын бола түспек. Қазақ әліпбиінің атасы, ұлтымыздың біртуар перзенті сөз шебері атанған А. Байтұрсынұлының сөзімен айтқанда: «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» дегендей, бүгінгі таңдағы жүзеге асырылып жатқан дүниенің бәрі тек бүгінгі күн үшін емес, болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан игілік.

Расында да, латын әліпбиіне көшу тілімізге енген кірме сөздерден, әріптерден, халықты мәңгүрттендіру үшін отарлау саясатын жүргізу барысындағы тәуелділіктен арылудың бірден - бір жолы. Бұл ретте елді өркениетке жеткізу жолында «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген сөзді еске ала отырып, барша ел болып жұмылып, ұлттық бірлікті сақтай отырып, діттеген мақсатқа сенімді қадам басу керек деп ойлаймын. Тәуелсіз елде, кең - байтақ жерде өз Отанын мекен етіп, ана тілінде сөйлеп, дінін, ділін сақтап отырған ұйыған ұлтымыз жаңа әліпбимен жаңа белестерді бағындырады деген сенімдемін.

Алматы облысы, Райымбек ауданы,
Сарыжаз орта мектебі МДШО және
Ақебейіт бастауыш мектебімен КММ
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалім
Қуанышева Светлана
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу

Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу

«Рухани жаңғырудың кепілі – латын әліпбиіне көшу» атты тақырыбындағы дөңгелек үстелдің жоспары...
Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру «Туған жер» бағдарламасы

Сабақ мақсаты: Бағдарламаның мақсат, міндеттерімен таныстыру, әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына,...
Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Жаңартылған білім мазмұны - заман талабы

Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты - білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу....
Рухани жаңғыру тәрбие сағаты

Рухани жаңғыру тәрбие сағаты

Сабақтың мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы...
Жаңа әліпби жобасы ұсынылды

Жаңа әліпби жобасы ұсынылды

Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×