Шығыс Қазақстан облысы
Үржар ауданы, Үржар ауылы
КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірханова Райхан Есілжанқызы
«Қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындардың ролі»
Бүгінгі күні уақыт алға жылжыған сайын қоғамның даму қарқыны ұстаздар еңбегін есепсіз ауырлатып, оның өз басының даярлық дәрежесіне, оқыту шеберлігіне, методикалық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білуіне талапты күшейтті.
Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған міндет - оқушыларды сабаққа ынталандыра білу, сол арқылы әр тақырыпты жете түсіндіру. Ал оқушыны сабаққа қалай ынталандыруға болады? Бұл сұрақтың бір ғана нақты жауабы бар: ол тек сабақ қызықты өткенде ғана. Күнделікті сабаққа ұстаздар арасына кеңінен тараған тағы бір әдіс – ойын элементтерін пайдалану. Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында грамматикалық ойындар оқушының сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетті дамытуда өте тиімді екендігі мәлім. Бала белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы ойынға бар ынтасымен берілген бала, алуан мәлімет, дағды мен шеберлікті меңгереді. Алайда, ойынды үнемі пайдаланамын десем, артық айтқан болар едім. Ойынның белгілі бір уақыттарда жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне нұқсан келмейтіндей жымдасып жатуын көздеймін. Ұлттық ойынды көбіне қайталау, қорытынды сабақтарда ғана қолданамын.
Кейінгі кездерде сабақтарыма ұлттық ойындарды кіргізіп жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және әр тақырыпты жете меңгерту. Осы орайда ұлттық ойындарды өткізе отырып, халқымыздың әдет-ғұрып, мәдениетімен жете таныстыру мақсаты да басты назарда болмақ. Сол себептен де өз сабақтарымда ұлттық ойындарда қолдануды әдетке айналдырдым. 6-сыныпта «Сөздің жасалуынан өткенді қайталау» тақырыбын өткенде «Көршіңмен татусың ба?», «Сан есімді» өткенде «Ақ серек, көк серек», «Белгісіздік есімдігін» өткенде «Сақина тастамақ», 5- сыныпта «Омоним, синоним, антоним» тақырыптарын өткенде «Хан талапай», 7- сыныпта «Етістіктің шақ түрлерін қайталау», «Еліктеуіш сөздерді талдау» тақырыптарын өткенде «Қоржын той» - ұлттық ойындарын қолданып, сабағымды қызықты, тартымды өткізе білдім.
Енді, 7- сыныпта «Етістіктің шақтарын» қайталау
кезінде «Көкпар» ойынын қалай өткізгенімді айтып берейін.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақ түрлерінен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Нақты мысалдар келтіре отырып, етістіктің шақ түрлерінен өткенді қорытындылап, оқушылардың теориялық білімдерін сарапқа салу.
ә) Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, сөйлеу тілін дамыту. Сұраққа жауап беріп, оқушылардың өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
б) Тәрбиелік: Ана тілін қастерлеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: 1. Нөмірленген асық салынған қоржын.
2. Ою - өрнек (сұрақ - тапсырмалар жазылған)
3. Етістіктің шақтары, плакат, таблица.
4. Қамшы.
5. Топ аты жазылған көрсеткіш тақталары
6. Секунд өлшегіш
7. Ұпайды көрсетуге арналған плакат «Шығамын білім шыңына».
8. Слайд арқылы қазақтың ұлттық ойындарын көрсету.
Техникалық құрал: магнитофон.
Сабақтың түрі: «Көкпар» сабақ
Құрылысы: Зерделілер сайысы.
Әдісі: Сұрақ - жауап, сұрақ - тапсырмалар, топ жетекшілер сайысы, сөйлем талдау, шығармашылық жұмыс.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. «Көкпар» сабақ.
1. Ойынның шарты түсіндіріледі де, топты бөлінеді. «Рауан», «Дидар».
2. Қоржыннан топ жетекшілері көрсетілген нөмірге байланысты асық алып,карточкадағы сұрақты топ мүшелерімен ақылдасады.
1-минуттың ішінде дайындалып жауап беруге тиіс.
Сөз сұрарда қамшы көтеріп белгі береді. Егер жауап дұрыс болмаса, не жеткілікті болмаса, қарсылас команда қосымша айтуға болады. Осылайша әр команда ұпай санын жинайды, ол плакаттағы «Шығамын білім шыңына» қалтасына салынып көрсетіледі.
Әділқазылар берілген жауапқа байланысты ұпай санын жинап, жеңімпаз топты атайды.
3. Ою-өрнекке жазылған сұрақ - тапсырмалар.
1. Етістік дегеніміз не? Сұрақтары, мысал, жеті атаны ата.
2. Етістіктің шақтары. Осы шақ, түрлері, жеті қазынаны атап бер.
3. Етістіктің шақтары. Келер шақ, түрлері, жеті жұт.
4. Етістіктің шақтары. Өткен шақ, түрлері жеті күнді ата.
5. Етістіктің шақтары. Жалпы сипаттама. Үш арсыз, үш жұрт туралы не білесің?
Сабақты қорытындылау: Әділ қазылар жеңімпаз топты атайды. Сұрақ-жауап арқылы бектіу.
Үйге тапсырма: «Жыл мезгілі» шағын шығарма, 5 сөйлем жазып келу.
Оқушылар білімін бағалау.
«Қазақ тілі сабағындағы ұлттық ойындардың ролі»
- ГУЛЬГАЙША
- 22 мам 2012
- 6726
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қазақ тілі сабағындағы, ұлттық ойындардың ролі
Ұқсас жаңалықтар:
Етістіктің шақтарын қайталау 7-сынып
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Батурин ЖОББ мектебінің І санатты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Директордың тәрбие ісі жөніндегі...Етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Білімділік мақсаты: Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау. Дамытушылық мақсаты:...Етістіктің шақтарын қайталау
Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Белес ЖОБМ балабақшасының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Меңдіғазиева Ақсамал Мұратқызы...Өнердің түрлері
Қызылорда облысы, Жалағаш кенті, № 31 орта мектеп, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Н.Н. Әлімбетова Тақырыбы: Өнердің түрлері Сынып:10 ...Етістіктің шақтарын қайталау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Нарын селосы, жалпы білім беретін Нарын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бөбек Есмағанбетова...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.