Рухани жаңғыру
Тұрмыстық, шаруашылық саймандары
▪ Құрал - сайман – шаруашылықта қолданылатын еңбек құралы.
▪ Айыр – шөп үюге, жинауға арналған 3 - 4 тісті темір сапты ағаш.
▪ Күрек – темірден жасалған ағаш сапты күреу аспабы.
▪ Тоқпақ – қазық қағатын ағаш құрал.
▪ Керме – ат байлайтын керме арқан.
▪ Кетпен – жер қазатын құрал.
▪ Орақ – егін оратын құрал.
▪ Бел орақ – шөп, қамыс шабатын құрал.
▪ Арба – жаз көлікке жегетін 2 - 4 дөңгелекті тасымал құралы.
▪ Шана – қыс көлікке жегетін тасымал құралы.
▪ Күймелі арба, күймелі шана – адам отыратын жабық арба немесе шана.
▪ Ат шана – жеңіл және әдемілеп жасалған шана.
▪ Мала – шөп, қамыс таситын шананың бір түрі.
▪ Қорап – шыбықтан тоқылған шанаға салып зат т. б. таситын құрал.
▪ Мосы – шәйнек іліп отқа қоятын үш аяқты мүлік.
▪ Темірошақ – қазан асатын үш үш аяқты темір мүлік.
▪ Жер ошақ – жерден қазылып қазан асатын орын.
▪ Диірмен – ұн тартатын тас құрал.
▪ Еркек тас – диірменнің астыңғы беті.
▪ Ұрғашы тас – диірменнің үстіңгі беті.
▪ Шүлдік – еркек тас ортасындағы кіндік, темір.
▪ Бақалақ – ұрғашы тастың кіндік кіретін ағаш қалағы.
▪ Иінағаш – иыққа салып су таситын мүлік.
▪ Көсеу – от көсейтін темір.
▪ Шімшуір – шоқ ұстайтын темір құрал.
▪ Тұтқыш – қол күймес үшін қазан құлағын ұстайтын киіз қалта.
▪ Қоржын – жолаушының ат артына бөктеретін, керек - жарағын салатын қос қалталы бұйым.
▪ Қанар – жүн салатын үлкен қапшық.
▪ Сүймен – мұз оятын құрал.
▪ Қалжуыр – үш қармақты темір.
▪ Шот – ағаш шабатын үй құралы.
▪ Шотаяқ – шөп суыратын құрал.
▪ Жады – малға құрақ, сабан, жүгері турап беретін құрал.
▪ Келі – тары түйетін құрал.
▪ Келісап – келі ішіндегі тарыны түйетін құрал.
▪ Сақар – қурайды өртеп алатын тұнба.
▪ Сабын (кір сабын) – сақарға мал майын араластырып қайнатып жасайтын кір кетіргіш қосынды.
▪ Бұзаушық – кішкене сабын.
▪ Алқынды – сабынның әбден жұқарған қалдығы.
▪ Ау – балық аулайтын құрал.
▪ Қаза – қамыстан тоқып балық аулайтын құрал. Оның екі жақ басында балық тұратын қоржыны болады.
▪ Сүзекі – қазадағы балықты сүзіп алатын торкөз.
▪ Қармақ – балық аулайтын құрал.
▪ Жұтпа – балықты тірі шаншып шортан аулайтын қармақ.
▪ Қайық – өзеннен өтуге немесе жазда аудан балық алу үшін жасалған құрал.
▪ Қақпан – аң аулайтын темір құрал.
▪ Тұзақ – сымнан немесе қылдан жасайтын аңшы құралы.
▪ Ара, балға, балта, тістеуік – тұрмыс құралдары.
▪ Инелік – ау тоқитын құрал (ағаш).
▪ Кісен – ұры алмас үшін ат аяғына салынатын құлыптың бір түрі.
▪ Шошала – артық зат, құрал - жабдық қоятын үйшік.
▪ Насыбай тостаған – насыбай үгетін ыдыс.
▪ Үккіш – насыбайды үгетін шоқпар.
▪ Жайнамаз – намаз оқитын жайма, төсеніш.
▪ Тәсбиық (тәшбиық) – мұсылмандардың намаздан кейін мінәжәт ететін моншақ, тізбегі.
▪ Оқтау – қамыр ысатын жұмыр ағаш.
▪ Нантақтай – қамырды илейтін және оқтаумен ысатын тегіс, жалпақ тақтай.
▪ Диірмен тері – диірмен астына төсейтін төсеніш.
▪ Елеуіш – ұн елейтін дөңгелек жиекті, тор көзді дүние.
▪ Қайрақ – пышақ, балта қайрайтын тас.
▪ Түбіттарақ – түбіт түтетін темір тісті ағаш құрал.
▪ Қап, қапшық – бұйым салуға арналған жүннен, қалың матадан жасалған бұйым.
▪ Қырғыш – ыдыс түбіндегі қаспақтарды қыратын темір.
▪ Сүйретпе – екі басын ат арқасына салып, зат сүйрететін ағаш құрал. Оған адам да отырады.
▪ Орындық – адам отыратын отырғыш.
▪ Орындық – саба, мес астына қоятын төрт аяқты мүлік.
▪ Оттық – от шығаратын күкіртті зат.
▪ Шақпақ тас – бір - біріне шағып от шығаратын тас.
▪ Жаңғырық – ағаш шапқанда астына қоятын дөңбек.
▪ Істік – піскен етті қазаннан түйреп алатын қатты ағаштан, аршадан, тобылғыдан жасалған сүйрік.
▪ Күрсі – кітап оқығанда астына қоятын орындық.
▪ Сүлгі – жуынғанда сүртінетін түкті мата (орамал).
▪ Орамал – қол сүртетін, жуған ыдыстарды жуған ыдыстарды сүртетін мата.
▪ Майлық – майлы, кірлі заттарды сүртетін шүберек.
▪ Алмас – шыны кесетін құрал.
▪ Пышақ – тамақ, зат т. б. кесетін аспап.
▪ Лөкет – мал соятын үлкен пышақ.
▪ Бәкі – қалтаға салып жүретін мүлік.
▪ Қын – пышақ салып жүретін мүлік.
▪ Ұстара – сақал - мұрт, шаш алатын өткір құрал.
▪ Сыпырғыш – ірі құс қанатынан немесе шілік, жусаннан буып жасалған үй сыпыратын мүлік.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары. жүктеу
Рухани жаңғыру. Тұрмыстық, шаруашылық саймандары
- aiboll
- 26 қараша 2017
- 2675
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Рухани жаңғыру, тұрмыстық, шаруашылық саймандары
Ұқсас жаңалықтар:
Үй тұрмысында қолданылатын құрал-жабдықтар
Ошақ — қазан орнатуға арналған тұғыр. Ошақты қазанның астына от жағу үшін оны көтеріп тұратындай етіп қалайды. Жасалуына байланысты ошақтың жерошақ,...Рухани жаңғыру. Өрнекті өрмек өнері
Өрмек – алаша, басқұр, қоржын, кілем т. б. тоқитын көптеген бөліктерден тұратын күрделі тоқыма құралы (станок). Термелі өрнек – кілем тоқитын...Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары
Рухани жаңғыру Шеберлердің құрал - жабдықтары ▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап. ▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді...Үй жиһаздары
Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние, мүліктердің жалпы атауы. Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою - өрнекті ағаш....Шекімелеу әдісі
Қаңылтырды көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі шекімелеу әдісі. Ерте заманда біздің ата - бабаларымыз шекімелеу арқылы үй - жихаздарын,...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.